Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 04.05.2021

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫН ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Биыл Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы жергілікті бюджет есебінен бөлінген жалпы сомасы 300 млн теңгені құрайтын, әр азаматқа 1 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификатын беруді жоспарлап отыр. Бұл – қала әкімінің қолдауымен, әкімдік тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек. Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алыну барысында және ипотекалық тұрғын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ МАРШРУТТАРЫ ӨЗГЕРДІ

Шымкентте жолаушылар тасымалдау үшін 18 жекеменшік көлік компаниясында 64 бағыт бойынша 872 автобус қызмет көрсетеді. Жолаушылар көлігі саласын жүйелендіру және дамыту мақсатында кешенді схема бекітілген. Бұл ретте аталған сызбамен жаңа маршруттық желі 78 бағытта ұйымдастыру жоспарланған. Қазіргі таңда аталған желіге сәйкес 23 жолаушылар көлігі жұмысы ұйымдастырылды. Ал ертеңнен бастап қоғамдық көліктердің сызбаларын оңтайландыра түсу үшін маршруттар желісіне өзгерістер енгізілмек. Қозғалыс ...

Читать далее »

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қаппарова Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келіп, «Тұран» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үй құрылысы және бас жоспарға сәйкес инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Кездесу барысында Нұрлан Құдиярұлы іс сапардың маңыздылығына тоқталды. – Ең алдымен, халықты толғандыратын нәрсе – баспана мәселесі. Одан кейін оны заман талабына сай толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Яғни, мұнда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында қазіргі таңда 21 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай әр қарт майдангерге жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек – 360 АЕК яғни, 1 050 120 теңгеден берілді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қаражат барлық соғыс ардагерлерінің есеп-шоттарына толығымен аударылған. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың шешімімен 3307 тыл ардагеріне 12 ...

Читать далее »

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 7751 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Шымкент қаласында өткен тәулікте 7751 адам вакцина салдырды: I компонент – 3984, II компонент – 3767. Егу науқаны басталғалы барлығы 124 132 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 21 436 адам вакцинаның екі компонентін алды. 3 мамыр күні КВИ-дің 65 жағдайы тіркеліп отыр (белгілері бар — 36, белгілері жоқ — 29). 31 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 34 адам үй бақылауына алынған. Қазіргі ...

Читать далее »

«KAZ PLAST TRADE» ЖШС-НІҢ ПОЛИЭТИЛЕН ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ – 50 ЖЫЛ

Шымкент қаласында 50 жылдық кепілдікпен берілетін полиэтилен құбырлары нарыққа шығарылуда. «KAZ PLAST TRADE» ЖШС сумен және газбен жабдықтау, кәріз жүйелеріне арналған заманауи полиэтилен құбырларын шығаруға маманданған кәсіпорын. 2009 жылы құрылған компания 10 жыл ішінде жоғары сапалы полиэтилен құбырлар өндірісін дамытты. Сапалы шикізат және озық технологияларды қолдану арқылы жоғары өнімділікті құбырлар нарыққа ұсынылуда. Полиэтилен құбырлары жоғары сұранысқа ие. Кәсіпорын жеткізілетін өнімнің ...

Читать далее »

ӨРТ СӨНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

Өрт сөндіруші және құтқарушы болу әркімнің қолынан келе бермейді. Тек өз ісіне адал берілген, жауапкершілігі жоғары, өзіне талап қоя білетін, нағыз ер азаматтар бұл мамандықты таңдайды. Солардың бірі – азаматтық қорғау сержанты Шухратжон Халметов. Ол азаматтық қорғау органдарында 2013 жылдан бері қызмет атқарады. 2011-2012 жылдар аралығында 38-ші арнайы мақсаттағы десанттық шабуылдау бригадасында бөлімше командирі болып әскери борышын өтеген. Жастайынан спортты ...

Читать далее »

КҮНДЕЛІКТІ 400-ДЕН АСА АДАМҒА ЕКПЕ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗЕДІ

Шымкент қаласында егу пунктері күнделікті таңертеңнен бастап, түнгі сағат 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Медицина мамандары емханада демалыс күндері, тіпті түскі үзіліске қарамастан, азаматтарға медициналық қызмет көрсетуде. Тұрғындарға күнделікті вакциналау жұмыстарын жүргізетін дәрігерлердің бірі – № 13 қалалық емханасының медбикесі Диляра Хусанова. Д.Хусанова елімізде жаппай вакциналау жұмыстары басталғаннан бері емханада үзіліссіз аянбай еңбек етуде. Білікті дәрігер күн сайын 400-ден аса адамға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында қазіргі таңда 21 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай әр қарт майдангерге жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек – 360 АЕК яғни, 1 050 120 теңгеден берілді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қаражат барлық соғыс ардагерлерінің есеп-шоттарына толығымен аударылған. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың шешімімен 3307 тыл ардагеріне 12 ...

Читать далее »