Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 06.05.2021

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Бұл жолы ауыл шаруашылығы саласында 2021-2025 жылдар аралығында іске асырылатын жобалар, жаңа инвестициялар тарту және инвестициялық жобалардың өзекті мәселелері талқыланды. Бүгінгі штаб отырысына ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекзаназаров пен Айгүл Қапбарова, сондай-ақ, басқарма басшылары, инвесторлар қатысты. Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековтің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы саласында 2021-2025 жылдары 71 инвест ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ОРТА МЕКТЕПКЕ САБЫР РАХЫМОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Үшінші мегаполистегі №53 мектеп енді генерал Сабыр Рахымовтың есімімен аталады. Салтанатты іс-шара 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында өтті. «Ұмытылмас ерлік» атты іс-шараны Шымкент қалалық білім басқармасы ұйымдастырды. Барлық санитарлық талаптар сақталып өткен мерекелік жиынға Абай ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Димаш Дәуренбеков, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Бәшенов, Қарулы күштер ардагерлері ұйымының төрағасы Серікбай Омбаев, Шымкент қалалық білім ...

Читать далее »

НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТ

Шымкент қаласының эпидемиялық ахуал жөніндегі кезекті штаб отырысындағы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, әлемде эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Штаб отырысына ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекзаназаров пен Айгүл Қапбарова, сондай-ақ, басқарма басшыларыда қатысты. Соңғы тәуліктерде Өзбекстан, Бразилия, Германия елдерінде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші ұлғайған. Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша қазіргі кезде «сары аймақта». Жыл басынан бері КВИ-дің ...

Читать далее »

ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ 500 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарының 55 түріне және түрлі қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады. Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйінен шықпай ЭЦҚ көмегімен көптеген мүмкіндік ұсынып отыр. Оңалту құралдары 14 күнде және тегін жеткізіледі. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері қалада мүгедектігі бар 2510 адамға нақты 488 445 оңалту құралы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БЕКЕТТЕР ОРНАТЫЛАДЫ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев және «А.Асқаров» атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-ның директоры Ғани Қарабековтің қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ахмет Өтегенұлы басқарма тарапынан осы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша мәлімдеді. – Басқармаға 2021 жылдың үш айында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 169 өтінім қабылданып, оның 140-ы бойынша рұқсат берілді. ...

Читать далее »

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ – ТИІМДІ ЖОБА

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға қолдау көрсетуге зор мүмкіндік береді. Жаңа жобаның негізгі басым бағытының бірі – аз қамтылған азаматтарға көмек беру және жұмыспен қамту. Шымкентте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиынға қаладағы бірқатар кәсіпкерлер қатысты. – Әлеуметтік кәсіпкерліктің ерекшелігі – бұл қызметтің ...

Читать далее »