Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 10.07.2021

Жол қателікті кешірмейді!

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп келеді. Патрульдік полиция қызметкерлері жылдың 4 мезгілінде жол бойында тұрып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Алайда сақтық шараларын ескермейтін, жол ережесін сақтамайтын жүгенсіз жүргізушілер көп кездеседі. Олардың ішінде басым көпшілігі мас халде көлік тізгіндегендер, жылдамдықты арттыратындар, қарсы бағытқа шығып кететіндер, рөлде ...

Читать далее »

Түркістан облысының полицейлері қайырымдылық жасады

Қайырымдылық — адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі екені даусыз. Осындай игі іс мақтааралдық полицейлері арасында да өз жалғасын табуда. Кезекті қайрымдылық іс-шараларды жалғастыру барысында бір қойды құрбандыққа шалып, қасына азық-түлік өнімдерін қосты. Жақсылық жасауға асыққан тәртіп сақшылары жағдайы төмен, яғни жастайынан асыраушысынан ...

Читать далее »

Күлтөбе қалашығынан тарихи құнды жәдігер табылды

Археологтар еліміздің оңтүстігінен ежелгі артефакттар тапты. Мамандар Күлтөбе қалашығынан табылған дүниелерді құнды жәдігерге балап отыр. Себебі біздің дәуіріміздің І ғасырына тиесілі жазбалар тұтас күйінде сақталған. «Археологтар құнды олжаға кенелді. Ордабасы ауданы Сарыарық ауылының маңында орналасқан аймақтың қазір бір бөлігі ғана сақталыпты. Ал орталық бөлігі Арыс өзенінің көтерілуі салдарынан шайылып кеткен», дейді «Хабар 24» тілші Нұрсұлтан Мұхамеджан. Профессор Александр Подушкин бұл ...

Читать далее »

Ғасырлар тоғысында асқақтаған — Астана!

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шымкент әскери-техникалық мектебінде 6 — шілде Астана күніне орай “экскурсиялық бұқаралық жұмыс” бөлімінің экскурсоводы Гүлзира Омар «Ғасырлар тоғысында асқақтаған — Астана» атты тақырыптық лекцияны курсанттарға оқып, өткізді. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. ...

Читать далее »

МАҚТААРАЛДА ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

 «Мақтаарал» мәдениет үйінде ардагер ұстаз, Елбасының сыныптасы Рауза Төлемісованың «Кемеңгер, дана көшбасшы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шара барысында кітап авторының бастамасымен түсірілген қысқаметражды фильм көрерменге ұсынылды. Тұсаукесер рәсіміне аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, «Жебе» баспа үйінің басшысы Ж.Төлтебай және Шымкент қаласынан, Жетісай ауданынан арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Жиынға қатысушылар Рауза Мәтеқызының шығармашылығына сәттілік тілеп, жаңа кітап туралы пікірлерімен бөлісті. «Рауза ...

Читать далее »

«Теріскей толғаулары» атты кітабы жарыққа шықты

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік музей-қорығында «Теріскей толғаулары» атты кітаптың шығуына орай кездесу іс-шарасы өтті. Жерлесіміз Жанғали Жүзбаевтың жаңа кітабында Сүгір Әліұлының күйлері, теріскейдегі Сүгір мектебінің өкілдері — Жаппас Қаламбаев, Төлеген Мрмбеков, Генерал Асқаров, Файзолла Үрмізов, Ергентай Борсабаев, Атабек Асылбеков, Көбдік Кәрбозов, Қалы Барқиев, ағайынды Сейітхан, Әлімхан Әлімбеков, Боранқұл Қошмағамбетов т.б. күйлері жинақталған. Кітап «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қолдауымен ...

Читать далее »

ШАРДАРА: АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

Шардара ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарын ағын сумен қамтамасыз ету және ағын су тарифі мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімі, мәжіліс төрағасы Қ.Жолдыбай, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалының басшысы М.Керімжанов, «Қазсушар» РМК ТОФ Шардара өндірістік бөлімшесінің басшысы және бөлімше қызметкерлері Е.Иса және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері мен ауыл әкімдері, ауыл шаруашылығы өндірістік ...

Читать далее »

ЖАҢА ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Сауран ауданының әкімі аппаратының Заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодекстің» талаптарын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өттті. Аппарат басшысы Дәулетбек Кудияровтың төрағалығымен өткен семинар-кеңеске Түркістан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Үрмия Құлымбет, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Мақсат Сейітханов, ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты. ...

Читать далее »

САЙРАМДА ОТБАСЫЛАРҒА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ БЕРІЛЕДІ

Сайрам ауданында коронавирустық инфекцияның таралу деңгейін төмендету мақсатында 2085 дана медициналық дәрі қобдишасы- табысы аз, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін тарату көзделуде. Дәрі қобдишаларын тарату аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ауылдық округтерінің әкімдіктеріне тапсырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, аудан әкімі Уласбек Сәдібекұлының «Ауыл -Ел тірегі» онкүндік бастамасы аясында, алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасын ...

Читать далее »

БӘЙДІБЕК: ЖОЛҒАБАСТА АШЫҚ СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Бәйдібек ауданы, Жолғабас ауылында Елорда күні мерекесіне орай шағын футбол алаңшасының ашылу салтанаты өтті. «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, мәслихат депутаты Сылқынбек Спабеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ерғали Есмырзаев, ауданның бас имамы Еркін Полатов, ауылдық округтің әкімі Нұрлыбек Сүгірбаев, спорт ардагерлері, ...

Читать далее »