Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 14.01.2022

ҚАРАБАСТАУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек Қарабастау тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағының тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Тұрғындар аудан әкіміне негізінен абаттандыру, инфақұрылым жүйелерімен қамту бойынша өз шағымдарын айтты. Қазіргі таңда жаңақұрылыс аумағына ауыз су құбырын тарту үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Ендігі кезекте құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім беріледі.Сонымен қатар, аталған тұрғын алапта балаларға заманауи ойын ...

Читать далее »

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРУШЫЛАР САНЫ АРТЫП ОТЫР

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Covid-19 індетімен күрес жұмыстары барысын пысықтау мақсатында жедел жәрдем станциясының жұмысын аралап көрді.Станцияның жұмысымен таныстырған бас дәрігер Гүлнәр Құрманбекова қазіргі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты жедел жәрдем шақыртушылар саны артып отырғанын мәлімдеді. Дәрігердің айтуынша, 103 қызметіне орташа есеппен күніне 1900- 2000 қоңырау келіп түсуде. Жедел жәрдем көмегіне жүгінгендердің басым бөлігі ЖРВИ инфекциясымен ауырғандар.Қала әкімі ең алдымен медицина ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ГОСПИТАЛІНЕ БАРДЫ

Бүгінде Шымкент қаласындағы эпидахуалдың күрделі екені белгілі. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов «Ақжайық» шағынауданында орналасқан жұқпалы аурулар госпиталінің жұмысы мен қызмет сапасын арнайы барып, тексеріп шықты. Инфекциялық орталықтың бас дәрігері Ережепов Бақтығалы түскен науқастарға ем-шара тиісті деңгейде көрсетіліп жатқандығын баяндады. Оның айтуынша, төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылған және екі айға жететін дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы ...

Читать далее »

ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сауда-логистикалық орталығында орналасқан «Химфарм» АҚ-ның дәрілік қоймасы мен «НПО Зерде» ЖШС-нің жаңадан ашылған екінші дәріхана қоймасында болып, ондағы дәрі-дәрмектердің қажетті қорын бақылап шықты. Шаһар басшысы пандемияның өткен толқындар кезіндегі тәжірибені ескере отырып, COVID-19 індетін емдеу бойынша препараттар тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдауды, дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры болсада қажетті ыстық түсіретін дәрілердің көлемін арттыруды ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН АРАЛАП КӨРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар дәрі-дәрмек қоймалары мен медициналық бұйым шығаратын мекемелерді аралады. Шаһар басшысы «НПО Зерде» және «Медсервис Плюс» ЖШС-нің көтерме қоймаларын тексеріп, жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және жинақтау бойынша резервтік қорлармен қамтамасыз етілуіне көз жеткізді.НПО «Зерде» ЖШС-нің №1 дәрілік қоймасы қалыпты жұмыс істеуде. Қойма басшылары дәрілер болмаған жағдайда дәріхана ұйымдары қорларын толықтырып жатқанын жеткізді. Қойманың жалпы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен барлық қарулы күштердің басшылары біріктірілген жедел штаб күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Бүгінде Шымкент қаласындағы жағдай тұрақты. Полиция қызметкерлері әскери бөлімдердің күштерімен бірге қала аумағында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.Бүгінгі күнге дейін «коменданттық сағатты» бұзғаны үшін 258 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Қала шекараларында қойылған 7 блокбекет жұмысын жалғастыруда, онда полицейлер мен әскерилер қызмет атқаруда. Төтенше жағдай ...

Читать далее »

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы әлеуметтік нысандарда және жол бойында жалпы 14 684 бейнебақылау камерасы орнатылған. Былтырғы жылдың өзінде қала көшелеріне 3177 заманауи камера қойылды. Соның көмегімен мегаполисте орын алған жаппай тәртіпсіздікті дер кезінде тоқтатуға, бүлікшілерге тосқауыл қоюға мүмкіндік туды. Камера арқылы азаматтардың түр-тұлғасын анықтап, күдіктілерді қолға түсірді. Бұзақылық орын алған сәтте бейнебақылау жүйесінің 189 «сергек» камерасы вандализмге ұшырады. Оның ішінде маңызды саналатын ...

Читать далее »

ЖЕДЕЛ ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Қала әкімі дағдарыстық жағдайдың тұрақталғанын, дегенмен қауіп толық сейілгенше мемлекеттік және стратегиялық маңызы бар нысандар, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне қажетті нысандардың күзетілуіне аса назар аудару керегін айтты.Қаланың Бас прокуроры мен Полиция департаментінің бастығы қаладағы жағдайды, орын алған құқық бұзушылықтар мен қоғамдық тәртіпті сақтау туралы баяндады.Коменданттық сағатты бұзғаны үшін 204 азамат әкімшілік жауапқа ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДАХУАЛ КҮРДЕЛІ

Шымкентте 13 қаңтар күні 370 адамнан КВИ анықталды (белгілері бар – 225, белгілері жоқ – 145). 34 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 336 адам үй бақылауына алынды.Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 403 орын бар, төсек орын толымдығы 51%-ды құрайды, 194 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 209 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 72 төсек орын бар, 14 науқас ем қабылдауда.Бір тәулік ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ «ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Диспетчерлік қызмет орталығының» жұмыс барысын тексерді. 2020 жылғы құрылған «Диспетчерлік қызмет орталығы» автобустардың, шағын автобустардың қозғалысын реттеу және қадағалау, кестенің сақталуын үздіксіз бақылау және тасымалдау көліктерінің жұмыстары туралы мәліметтерді жинақтау және күнделікті талдау жүргізуді жүзеге асырады. Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесіне көшкен. Операторлар қоғамдық көліктерде орнатылған ...

Читать далее »