Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 18.01.2022

ШЫМКЕНТТЕГІ 17 ҚАҢТАРДАҒЫ ЭПИДЖАҒДАЙ БОЙЫНША

Шымкент қаласында 17 қаңтар күнге коронавирустың 310 жағдайы тіркелді. Инфекция анықталған 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 280 адам үй бақылауына алынды. Мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 40 пайызды құрайды, 504 төсек орын бос. Бүгінде инфекциялық стационарда 279 науқас, жансақтау бөлімінде 6 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 1 067 адам вакцина алды (I компонент- 104, II компонент- 963). ...

Читать далее »

АРНАЙЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ

 Жаңадан ашылған стационар №2 қалалық аурухана базасында ашылған. Мұнда инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 100-төсек орын дайындалған. Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты жасақталған бұл стационар жүкті әйелдер мен босанған аналарға арналған. Орталық науқастарды емдеу үшін барлық қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған. Мұнда дәрігерлер ковид ауруының орташа және ауыр ағымы бар науқастарды емдейді. «Соңғы екі күннің ішінде стационарда 22 ...

Читать далее »

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай ауданы аумағында су басу қаупі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, 112 орамда орналасқан Шынар, Юнатов және Аққараған көшелері, Қатынкөпір, Шұғыла, Тельман, Ақниет шағын аудандарындағы және өзге де елдімекен көшелерінде арнайы су тартатын техникалар жұмыс атқаруда. Бұл жұмыстарға 34 техника және 105 жұмысшы қызметкер жұмылдырылған. Қазіргі таңда көше бойларындағы ирригациялық жүйелер мен ...

Читать далее »

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР ТАЗАЛАНУДА

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР ТАЗАЛАНУДА Еңбекші ауданы аумағында су басу қауіпі бар және су үймелейтін аумақтарға аудан әкімдігі тарапынан бақылау жұмыстары жүргізілуде. Су басқан көшелерге, атап айтқанда, 1 автожол көшесі (темір жол көпірінің асты), Арғынбеков, Дизельная, Ата заң, Қызғалдақ, Мамбетов көшелеріне арнайы су тартатын 8 дана АС машина, 4 дана Зил-130 көлігінде мотопомпа техникасы және бекітілген ирригациялық арықтарды тазалауға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 343 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте 16 қаңтар күні КВИ-дің 343 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 221, белгілері жоқ – 122). 73 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 270 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 35%-ды құрайды. Инфекциялық стационарда 279 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 36 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 150 адам вакцина алды(I ...

Читать далее »

ҚАЛА АУМАҒЫНДА СУ СОРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАЛА АУМАҒЫНДА СУ СОРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Шымкентте демалыс күндері басталған жауын-шашын әлі толастар емес. Қазіргі таңда қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, көшелер мен жолдардағы суды сору жұмыстарын жүргізуде. Мол жауын-шашынның салдарынан жиналған арық-жылғалардағы суды сору жұмыстарына Әл-Фараби ауданында 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы тартылды.Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін бөлінген 7 секторда кезекшілік ...

Читать далее »

22 ӘЙЕЛ ЕМДЕЛІП ЖАТЫР

«Шымкент қалалық №2 аурухананың COVID орталығында коронавирус жұқтырған 22 әйел емделіп жатыр. Оның жетеуі босанған әйел». Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтылды.— Аурухананың COVID орталығы 100 орынға бейімделген. Бүгінде 22 әйел ем қабылдап жатыр. Оның 7-еуі босанған, 15-і жүктіліктің түрлі мерзіміндегі әйелдер. Науқастардың денсаулығы орташа-қалыпты. Емдеу уақыты науқастың жағдайына қарай 5-12 күнге дейін созылуы ...

Читать далее »

500-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Шымкентте үш күннен бері толассыз жаңбыр жауып жатыр. Осыған байланысты қаладағы коммуналдық қызметтер тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеуде. Олар қаладағы көшелердің бойына, арық-атыздар мен сай-салаларға жиналған суды арнайы техниканың көмегімен сорып, тазалауда.Мәселен, Әл-Фараби ауданында бұл жұмысқа 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы тартылған. Аудан аумағы 7 секторға бөлініп, оның әрқайсысында кезекшілік ұйымдастырылған. Бекітілген мамандар ирригациялық арықтарды судан ...

Читать далее »