Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 » Июль (страница 26)

Месячные архивы: Июль 2022

Сайрам аудандық Полиция басқармасының ардагерлері марапатталды

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан және ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция генерал-майоры У.Болсамбековтің шешімімен Сайрам аудандық Полиция басқармасының 23 ардагері «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалімен марапатталды. Олар ұзақ және адал қызметі, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуда қосқан үлесі, жас қызметкерлерді тәрбиелеуде белсенділік танытқаны үшін ерекше алғысқа бөленді. Сайрам аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев пен ардагерлер ...

Читать далее »

БАЛА ҮШІН АТА-АНА ЖАУАПТЫ

Жаз мезгілі балалар үшін мамыражай уақыт. Оларға суға шомылу ерекше көңіл күй сыйлары сөзсіз. Алайда жасөспірімдердің тарапынан суға түсу ережесін сақтамай, келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Осы тұрғыда полиция қызметкерлерінің жұмысы күшейе түседі. Мәселен, Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауданның 140 шақырым жерін басып өтетін Сырдария өзені және аудан орталығындағы Арыс өзені мен каналдарға, белгіленбеген орындарға, су айдындарына, суға шомылуға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: « ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ 91 890 ТЕҢГЕГЕ КӨТЕРІЛДІ

Биыл Шымкент қаласында «Жастар практикасы» бағдарламасымен 2098 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры Әсет Шағдат Әсетұлы брифинг барысында мәлімдеді. Бүгінгі брифинг барысында орталық директоры Ш.Әсетұлы Шымқаламыздың жастарын «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмысқа жолдама алуға шақырды. «Өздеріңізге белгілі, «Жастар практикасы» елімізде біраз жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЖАЛПЫ КӘСІПТІК ОҚЫТУЛАРҒА ЖОЛДАМА ШІЛДЕ АЙЫНЫҢ БАСЫНАН БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры Әсет Шағдат Әсетұлы айтты. Брифинг спикері: — Жалпы кәсіптік оқытуларға шілде айының басында жолдама беру бастау алды. Кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктерінен шыға отырып 3 ай мерзімді құрап отыр. 2022 жылы «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында жұмыс ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БЕСІНШІ АУДАН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы мәселе қаралды. Сессияға Шымкент қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Мұқан, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қатысты. Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, шаһардағы демографиялық өсім жоғары, қала тұрғындарының саны жыл сайын ...

Читать далее »

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков, аудан прокуроры Даулет Тлемисов, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті Сайрам аудандық бөлімінің басшысы А.Абдраман, Сайрам ауданы полиция басқармасының бастығы Б.Зиятаев және тиісті аумақтық мекеме басшыларымен бірге аудандық соттың төрағасы Дүйсебеков Құрманғали Дүйсебекұлын және ұжымын Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ұласбек Сәдібекұлы: «Құрметті сот төрағасы және сот жүйесінің қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен ...

Читать далее »

Полицейлер суға шомылудағы ережелер бойынша жадынамалар таратты

Жаз маусымы келісімен суға шомылу кезеңі де басталады. Жыл сайын полиция қызметкерлері қауіпсіздік ережелерімен таныстырса да, адам шығынын болдырмау мүмкін болмай жатады. Салдарынан суға шомылудағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағанның кесірінен жыл сайын қаншама адам зардап шегіп келе жатыр. Осы орайда Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері суға шомылу маусымында жасөспірімдерге арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі ...

Читать далее »

Екі сиыр ұрлаған күдікті ұсталды

Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық полиция бөліміне екі ер адамның тарапынан арыз-шағым келіп түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың айтуынша, жайылымдық жерден әрқайсысының құны 400 000 теңге тұратын 2 бас сиырын ұрлап кеткен. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 800 000 теңгені құраған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» ...

Читать далее »

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық  жасаған ер адам ұсталды

Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның тарапынан арыз-шағым келіп түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағымданушы ер адамның айтуынша, танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп оны сендірген. Сондай-ақ, күдікті жәбірленушіден 270 000 (екі жүз жетпіс мың) теңге ақша алған. Осы ретте күдікті не жүргізуші куәлігін алып бермей, не ақшасын ...

Читать далее »

КЕЗДЕСУДЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-да ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Жүздесуде білім саласындағы заңнамалық өзгерістер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Айгүл Қапбарова өз сөзінде жұмыс тобында қаралып жатқан «Ғылым туралы» заң жобасы жайлы ақпарат беріп, ондағы негізгі қағидаларынан құлағдар етті. Атап айтқанда, «ғылыми атақ алу үшін шетелдік басылымда жарияланым болуы керек» деген қағидаға өзгеріс енгізу ...

Читать далее »