Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 » Июль (страница 4)

Месячные архивы: Июль 2022

Мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды

Ордабасы ауданында мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында рейдтік шараларды жиі ұйымдастырады. Осы тұрғыда полицейлер таңғы 04:00 шамасында Шымкент-Самара тас жолы бойында «Opel Vectra» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында бұған дейін ...

Читать далее »

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 59 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 59 аулаға спорт және балалардың ойын алаңшалары орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды. Кездесуде айтылғандай, өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында азаматтар өз жобаларын ұсынуына болады. Оған интернет арқылы дауыс беріп, ең көп қолдауға ие болған жобалар қаржыландырылады. ...

Читать далее »

Созақтық полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті

Созақ аудандық полиция бөлімінде бастауыш ардагерлер ұйымы мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиынның мақсаты – Ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Кездесу кезінде бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері жас полицейлерге кәсіби шеберлікпен бөлісу мақсатында өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, Ішкі істер органдарында адал қызмет етуді жеткізді. Сонымен қатар полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы ...

Читать далее »

IT САЛАСЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫН ҮЙРЕТЕТІН ВЕБИНАР ӨТТІ

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында «IT мамандығын бастау үшін қандай бағытты таңдау қажет?» атты тегін вебинар сабақ ұйымдастырылды. Вебинарға қала жастары белсенді қатысты. Ұйымдастырушылар мақсатымыз жас буынға IT мамандығының қыр-сырын үйрету дегенді алға тартты. Бүгінгі вебинарда IT саласында тәжірибесі мол Дәулет Мекемтас және Әділ Абсаматов өз білімдерімен бөлісіп қана қоймай, болашақ IT мамандарын жігерлендіріп, мотивация берді десе де болады. – ...

Читать далее »

Полицейлер рейд кезінде заңсыз мал тасымалдаған тұрғындарды ұстады

Бүгінде елімізде мал ұрлығы өзекті мәселенің бірі болып тұр. Осыған орай ҚР ішкі істер министрлігімен мал ұрлығының алдын алу мақсатында «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама» жасалынған. Аталған бағдарламаға сәйкес, мал ұрлығы қылмыстарының алдын-алу, заңсыз тасымалдауды болдырмау мақсатындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Осы тұрғыда Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Созақ-Шымкент тас жолы бойында тексеру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде «FOTON» маркалы ...

Читать далее »

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БИЫЛ 100 ПАЙЫЗ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен есепті кездесуінде 350 ге жақын тұрғындармен қатар қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. М.Әйтенов 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізді. Тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалды, 316-ы жыл соңына дейін ...

Читать далее »

400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ӨТІНІМ БЕРУ 8 ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ

Шымкентте ағымдағы жылдың 8 тамызынан бастап 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберіндегі 400 АЕК көлеміндегі (1 225 200 тг дейін) қайтарымсыз гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Осы шараға қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті ...

Читать далее »

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының әкімі бүгінгі құрылыс нысандарын аралау барысында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше көшеге барып, жұмыс барысын қадағалады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласындағы Ақжайық шағын ауданында орналасқан Ақжирен, Тайқоңыр, Сәйгүлік, Самғау, №10 Сәйгүлік жалғасы көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш шағын аудан бойынша жалпы ұзындығы 2,5 шақырым жол жөнделеді. Қазіргі таңда Тайқоңыр, Сәйгүлік, Самғау, Ақжирен көшелерінде жол ...

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ОҢ ӨСІМДЕР БАР

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновке қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы 2022 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен атқарған жұмыстары бойынша есеп берді, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп 10,1%, өңдеу өнеркәсібі 11,1%, инвестиция 19,5%, ШОБ субъектілері 26,4 %, бөлшек сауда 14,9 пайызға өскен. Биыл өнім көлемі 856,9 млрд. теңге болады деп жоспарланған. 2022-2026 жылдар ...

Читать далее »

Түркістан облысы прокурорының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер» картасы бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінде облыс прокуроры Марат Алиханов пен Департамент басшысы Қанат Қожахметовтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер» Картасы аясында атқарылатын жұмыстар талқыланды. Жиында сөз алған Марат Тлеуқабылұлы Агенттік әзірлеген тәуекелдер картасының қоғам алдындағы маңыздылығына айрықша тоқталып, Департаменттің жеке құрам қызметкерлеріне бұл әдістің жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын жетілдіруге және өңірдегі жиі ұшырасатын жемқорлықтың деңгейін ...

Читать далее »