Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 08.09.2022

«Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде

Шымкент қаласында Полицейлер жасөспірімдер арасында орын алатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында сабақ өткізді. «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Перизат Маймақова №12 дарын мектебінің оқушыларына жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша сабақ өткізді. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болатын құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, оқушылардың сабаққа толығымен ...

Читать далее »

Шымкентте Отбасының цифрлық картасы пилоттық жобасы іске қосылды

Бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы журналистерге Қазақстан Республикасының Əлеуметтік Кодексінің жобасы туралы ақпарттармен бөлісті, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Жалпы Кодекс алты бөлімнен тұрады. Атап айтқанда, — Отбасының сандық картасын енгізу; — Жұмыспен қамтудың жаңа саясаты; — Жаңа көші-қон саясаты; — Балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары; — Арнаулы əлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту; ...

Читать далее »

«Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы барысында жадынама таратылды

Шымкенттік полицейлер «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы барысында жадынама таратты. Шымкент қаласында 2022 жылдың 8-10-қыркүйек аралығында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы басталды. Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Абай АПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының қызметкерлері әйелдерге қатысты қылмыстың алдын алу және оның жолын кесу бағытында мақсатты жұмыстар атқаруда. Іс-шараның мақсаты — отбасы-тұрмыстық қатынастар негізінде жасалатын ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ҚОСТАНАЙҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Қостанай өңірінде орын алған өртке байланысты қайырымдылық акциясы әлі де жалғасуда. Солардың арасында жастар да белсенділік танытуда.  Солардың арасында шымкенттік жастар да бар. Орман өртінен зардап шеккендерге қажетті азық-түлік пен тұрмыстық заттар тиелген жүк көлігі Қостанайға аттанды.  Олар бүгін Жастар орталығында жиналған барлық гуманитарлық көмекті ерікті жастардың ұйымдасуымен жүк көлігіне тиеп, Қостанайға жіберілді. Жүк тиелген көлікте зардап шеккендерге бұзылмайтын азық-түлік ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «БОЗАРЫҚ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкентте ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарды дамыту бағытында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылуда. Жалпы 1500 жұмыс орнындық 23 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске аспақ. Бүгінгі таңда аумағы 133 гектарды құрайтын аймақта инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүруде. Қала әкімі аталмыш аймаққа арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Мұнда қазір 15 шақырымдық суаққы жүргізу жұмыстарының ...

Читать далее »

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ТАПШЫ

Шымкент қаласында болашақ жол құрылысы мамандарын даярлау мақсатында мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» республикалық кәсіпорнының Шымкент қалалық филиалының директоры Мұхтар Дүйсембеков қала аумағындағы жолдар сапасының соңғы үш жылдағы жағдайын қорытындылау бойынша баспасөз брифингін өткізді. Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында айтылған автожол құрылысы мен сапасы бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы ...

Читать далее »

Шымкентте «TALQYLAU» диалогтік алаңының отырысы өтті

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Жолдау: бағыты айқын бес бағдар» тақырыбында «TALQYLAU» диалогтік алаңының отырысы өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Мәжілісте алғаш сөз кезегін ОҚМПУ проректоры, доцент Баршагүл Қашқынқызы алды. Ол Жолдаудағы білім саласына қатысты мәселелерге орынды тоқталды. Ұлттық біріңғай тестілеудің көрсеткіші жоғарылағаны орта білім сапасының көрінісі екенін жеткізді. Жуырда ғана Германияның Дюссельдорф қаласында «Болашақ» бағдарламасымен 3 айлық курста болған педагог ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ИМПОРТҚА ТӘУЕЛДІЛІКТІ АЗАЙТАТЫН ЖАҢА ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Штабқа ZOOM платформасы арқылы қосылған кәсіпкерлер жаңа инвестициялық жобаларын таныстырып, олардың өңір және ел экономикасына тиімділігі жөнінде ұсыныстарын айтты. Олар: • «Агрополимер» ЖШС — полипропилен жібін шығармақ. Өндірісті 2023-2024 жылдары іске қосу жоспарда. Инвестиция көлемі 1,94 млрд теңгені құрайтын жоба нәтижесінде 41 адам жұмыспен қамтылады. «Оңтүстік» арнайы ...

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БІРІНШІ ОРЫНДА

Шымкентте 15 тамыздан бастап өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланған болатын. Айлық аясында Еңбекші ауданы тұрғындары арасында өрт-профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүріп жатыр. Іс-шараға аудан әкімі, депутаттар, газ техникалық қызметі, төтенше жағдай басқармасының мамандары қатысып, елді мекендегі аса проблемалық аумақтардың тұрғындарына өрттің алдын алу және жабдықтарды қолданудағы ережелерді қатаң сақтауды ескертті. –Аудан тұрғындарын алдын ала өрт қауіпсіздігінен сақтандырып, пештердің жағдайын тексеріп, кеңес беру ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕН ҚОСТАНАЙҒА КЕЗЕКТІ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Шымкент қаласының ҚХА өкілдері Қостанай өңіріндегі алапат өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуден қалыс қалмады. Қостанайлықтардың жаңдайына бей-жай қарамай, алғашқы пайдалануға қажетті жинап, жеткізуді жөн көрді. Бүгін қаладағы «Достық үйі» жанынан кезекті гуманитарлық көмек тиелген көлік Әулиекөл ауданына аттанды. Бүгінде Шымкент қаласында Қостанайда орын алған төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек қабылдайтын штаб ашылған. Штаб жұмысына қалалық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктер ...

Читать далее »