Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 20.11.2022

ШЫМКЕНТТЕГІ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ ҚАСЫМЖОМАРТ КЕЛДІ

Шымкент қаласында №101 сайлау учаскесіне Қасымжомарт өз таңдауын жасауға келді. Ол бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына алғаш рет қатысып отыр. 18 жасқа жақында толған Қасымжомарт қазір М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Аграрлық факультетінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бойынша білім алып жүр. –Есімімді әжем қойған. Ол кезде қазіргі Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Премьер-Министр қызметін атқарған екен. Абыройлы, білімді азаматтың есімін ...

Читать далее »

Саяси науқанда өз таңдауларын жасады

Шымкенттегі №10 сайлау учаскесін Көпбосыновтар отбасы ерекше мерекеге айналдырды. Туымыз, қызылды-жасылды шарлар балаларға қуаныш сыйлады. Қаламыздағы ең үлгілі отбасы келіндері мен немерелерімен науқанға келіп, өз таңдауларын жасады. —Балаларымызға бүгін мереке деп айттық. Расында сайлау — мереке. Біз қоғамда болып жатқан саяси науқанға қатысып, ел Президентіне даусымызды бердік. Ал балалары мұндай күннің маңыздылығын кішкентайынан сезіне бастайды, — деді отағасы. Айта кетейік, ...

Читать далее »

«ҮЗДІК ЕҢБЕК ӘУЛЕТІ» ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІ

Шымкентте №65 мектеп-гимназиясы ғимаратында орналасқан №146 сайлау учаскесіне «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы Аубакировтар әулеті дауыс беруге келді. Байланысшылар династиясы атанып кеткен Аубакировтар отбасы жуырда Шымқалада өткен «Еңбек жолы» байқауында жеңімпаз атанған болатын. Ата, бала, немере. Бір әулеттен шыққан аталы-немерелі байланысшылардың еңбек өтілі ғасырға жуық уақытты құрап отыр. –Байланыс саласында 35 жылдан астам еңбек еттім. Елімізде болып жатқан әрбір маңызды ...

Читать далее »

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ АРДАГЕР-ҰСТАЗҒА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласындағы №45 сайлау учаскесінде шәкірттер ұстазын туған күнімен құттықтап, ерекше тосын сый жасады. Зейнекүл Үсенова – №52 мектеп-лицейінің ардагер-ұстазы. Математика пәнінің мұғалімі аталған білім ордасында 40 жыл ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ардагер ұстаздың туған күні – сайлау күнімен тұспа-тұс келді. –Ел Президентіне даусымды беріп, азаматтық борышымды орындадым. Бюллетенді салып болғаным сол еді, шәкірттерім гүлімен алдымнан шықты. Туған күнімді ұмытпапты. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БІР ӘУЛЕТТІҢ ТӨРТ ҰРПАҒЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Шымшаһар тұрғындары өз таңдауларын жасауда белсенділік танытуда. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде орналасқан №98 сайлау учаскесінде бір әулеттің 4 бірдей ұрпағы өз таңдауын жасады. 90 жастағы кейуана сайлау учаскесіне дауыс беру үшін ұлы, келіні, немерелері және шөберелерін ертіп келді. Өмірге 5 перзент әкелген қарт ана саналы ғұмырында ұстаздық етіп, бала тәрбиесімен айналысқан. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап елдегі ...

Читать далее »

МОЛОДОЖЕНЫ ПРОГОЛОСОВАЛИ НА ИЗБИРАТЕЛЬНОМ УЧАСТКЕ

На избирательном участке №77 проголосовали молодожены. Даурен Тойбол и Акмарал Калдыбаева отдали свой голос в день создания семьи. «Я рад, что наша семья создана в этот знаменательный для нашей страны день. Мы с супругой хотели обязательно принять участие во внеочередных президентских выборах и связать исторический день с днем поднятия нашего шанырака», — поделился Даурен Тойбол. Сегодня пара получила свидетельство о ...

Читать далее »

ОТАУ ҚҰРҒАН ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

Шымкентте №77 мектепте орналасқан №77 сайлау учаскесінде жас- жұбайлар дауыс берді. Жаңадан отау құрған Дәурен Тойбол мен Ақмарал Қалдыбаева отбасын құрған күні өз таңдауын жасады. –Еліміз үшін айтулы күнде отбасымыздың құрылғанына қуаныштымын. Қалыңдығым екеуміз міндетті түрде кезектен тыс Президент сайлауына қатысып, тарихи күнді шаңырақ көтерген күнімізбен байланыстырғымыз келді. Мінекей, дауыс беруге, өз таңдауымызды жасауға келіп тұрмыз, — деді Дәурен Тойбол. ...

Читать далее »

МАЛЕНЬКИМ ПОСЕТИТЕЛЯМ УЧАСТКОВ ДАРЯТ ПОДАРКИ

Внеочередные президентские выборы в этом году доставили радость малышам. Выборы прошли параллельно с празднованием 20 ноября — Международного дня ребенка. Избиратели, пришедшие с детьми на избирательные участки, получили подарки. Один из них — председатель совета ветеранов микрорайона «Мирас» Толеген Сапарулы. На избирательный участок №274, расположенный в школе имени А. Кунанбаева, аксакал приехал пораньше со своей супругой Улбалой и близнецами-внуками Айым ...

Читать далее »

САЙЛАУДАН БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Биылғы кезектен тыс Президент сайлауы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Сайлау 20 қараша – Халықаралық сәбилер күні мерекесімен қатар келіп, балғындар үшін арнайы игі іс қолға алынды. Қаладағы сайлау учаскелеріне балаларымен келген сайлаушылар олжалы болды. Солардың бірі — «Мирас» шағынауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Сапарұлы. Төлеген қария А. Құнанбаев атындағы мектепте орналасқан №274 сайлау учаскесіне жұбайы Ұлбала апа мен егіздер — Айым, ...

Читать далее »

«ТАЗА ҚАЛА» ЖЕҢІМПАЗЫ ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласының тұрғыны Қарлығаш Рахиева №91 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Қ.Рахиева жуырда Шымкент қаласында өткен «Таза қала» байқауында жеңімпаз атанған болатын. Әл-Фараби ауданындағы ең таза, ең көрікті аула осы – Қарлығаш Рахиева тұратын Әлімбетов көшесіндегі №45 в тұрғын үйдің ауласы. – Қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген азаматшалардың бірімін. Мен тұратын көпқабатты үйдің тұрғындары белсенді, ынтымақты, жауапкершілігі ...

Читать далее »