Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2025 » Октябрь (страница 2)

Месячные архивы: Октябрь 2025

ТҮРКІСТАНДА ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістанда өңірдегі барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттары арасындағы кіші футболдан облыстық біріншілік өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған додаға 18 команда қатысты. Футбол бәсекесінің марапаттау салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов құттықтау сөз сөйлеп, жасыл алаңда жеңіске жеткен командаларға медальдар мен кубок, ақшалай сертификаттарды табыс етті. Жарыстың қорытынды есебі бойынша жеңіс ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ҰСЫНҒАН «БЕКЗАТ» ПРЕМЬЕРАСЫ КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТТІ

Түркістан музыкалық драма театрында V маусым ашылды. Маусым шымылдығы биыл даңқты боксшының туғанына 45 жыл толуына орай «Бекзат» драмалық қойылымымен түрілді. Қуат Ежембектің пьесасы негізінде қойылған бұл туындыда киелі Түркістан топырағында дүниеге келіп, қазақ спортының айбынды жұлдызына айналған, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмір жолы бейнеленген. Аншлагпен өткен премьера төрт күнге жоспарланған. Қойылымды тамашалауға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Бекзаттың анасы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНА ЖАҢА АВТОБУС ТАБЫСТАЛДЫ

Биыл – Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрының құрылғанына 25 жыл. Мәдениет пен руханияттың ордасына айналған қасиетті шаңырақтың меретойына арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров театр ұжымын мерейлі мерекесімен құттықтап, жаңа 50 орындық заманауи автобустың кілтін табыстады. – Сіздерді Райымбек Сейтметов атындағы театрдың 25 жылдық мерейтойымен шын жүрекпен құттықтаймын! Түркістан руханияты үшін Райымбек Ноғайбайұлының сіңірген еңбегі зор. 1995 ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ

Түркістан облысындағы Өндірістік парк аумағында мақта, күріш және басқа да дақылдарды жинауға арналған ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру зауыты салынады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «АгромашХолдинг KZ» акционерлік қоғамының президенті Динара Шүкіжанованы қабылдады. Кездесу барысында ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланып, агроөнеркәсіп саласында жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру жайы пысықталды. Облыс басшысы өңірдің инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталып, ортақ бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. ...

Читать далее »

ШАРДАРАДА ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫНА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Қол күресінен Әлем кубогының иегері Самат Мұқасанға жаңа пәтердің кілті табысталды. Бірнеше дүркін Азия және Қазақстан чемпионы, халықаралық додаларда еліміздің атын әлемге танытып жүрген “Шардара Армспорт” клубының спортшысына аудан әкімі Арман Қарсыбаев төрт бөлмелі жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады. “Самат Мұқасан – спорттағы табандылықтың, елге деген адалдық пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі. Осындай жастарымыздың арқасында Шардараның ғана емес, бүкіл Қазақстанның ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛЫ АНАСЫНА ДОНОР БОЛЫП, БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі және жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен аймақтағы екінші бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты. Науқас – 54 жаста. Диагнозы: MELD – 26 балл, бауыр циррозы (СТР бойынша С класы, 12 балл), біріншілік билиарлық ...

Читать далее »