2026 жылғы 9 қазанда Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті, адалдық пен жауапкершілікті насихаттауға бағытталды. Еліміздің әр өңірінен келген командалар заңға құрмет пен қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізді.
Ойын қорытындысы бойынша:
— *І орын* — «Шум болалар» (Өзбекстан) — 1 000 000 теңге.
— *ІІ орын* — «Ақпен бірге» (Астана) — Cornelli брендінен 500 000 теңгелік сертификат.
— *ІІІ орын* — «Шапалақ» (Талдықорған) — Cornelli брендінен 500 000 теңгелік сертификат.
Тегін ұйымдастырылған ойын жастардың шығармашылық әлеуетін қолдап, құқықтық сауаттылық пен заңға құрметті арттыруға үлес қосты.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары