Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет

Әлеумет

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ЖАҢА ӨНДІРІСТЕР АРҚЫЛЫ НЫҒАЯДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің индустриялық-технологиялық дамуын жеделдету, жер қойнауын зерттеудің заманауи тәсілдерін енгізу және ұлттық экономиканы жаһандық өндіріс тізбегіне кіріктіру бағытындағы басым міндеттерді айқындады. Мемлекет басшысы Қазақстанның минералдық-шикізаттық әлеуетін тиімді пайдалану экономиканың ұзақ мерзімді дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты геологиялық барлау жұмыстарын түбегейлі жаңартып, озық технологияларды ...

Читать далее »

Шымкентте іскер әйелдердің бірлескен жұмысының басым бағыттары талқыланды

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Іскер әйелдер қауымдастығы мен Әйелдер күші альянсының жұмыс кездесуі өтті. «Қорытынды. Мүмкіндіктер. Болашақ» тақырыбында ұйымдастырылған жиынға Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, Қауымдастықтың Шымкент қаласы бойынша төрайымы Ранахан Ашурметова, Өңірлік кеңестің мүшесі Нилуфар Сайдуллаева, кәсіпкер әйелдер мен ұйым өкілдері қатысып, бірлескен жұмыстың басым бағыттарын талқылады. Кездесудің ашылуында Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова Палатаның қызметімен таныстырып, ...

Читать далее »

Шымкентте ардагерлер арасында дәстүрлі спорттық турнир өтті

Шымкент қаласында Халықаралық қарттар күніне орай бес ауданның ардагерлері қатысқан спорттық турнир ұйымдастырылды. Биыл сегізінші рет өткен жарысқа барлығы 60 адам қатысып, аға буын өкілдері өзара бақ сынады. Турнирдің ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сөз сөйлеп, қалалық ардагерлер кеңесінің қызметіне тоқталды. Ол қоғамдағы ардагерлердің орнын атап өтіп, олардың еңбегін бағалап, құрмет көрсету маңызды екенін жеткізді. Қала ардагерлері қоғамдық ...

Читать далее »

ӘЖЕЛЕР ТАҒЫЛЫМЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ, РУХАНИЯТҚА ТАҒЗЫМ!

Шымкент қаласындағы Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде Саттар Ерубаевтың туғанына 112 жыл толуына арналған онкүндік аясында көрнекті жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасын дәріптеуге арналған онкүндік аясында рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Мектеп мұражайына арнайы келген ардагерлер кеңесінің әже-аналар топтарының өкілдері қаламгердің өмір жолы, әдеби еңбектері мен шығармашылық қызметіне қатысты мәліметтермен танысты. Кездесудің негізгі мақсаты – Саттар Асқарұлы Ерубаевтың әдеби мұрасын насихаттау, ...

Читать далее »

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ: ДӘСТҮР МЕН ЗАМАН ҮНДЕСТІГІ

Шымкент қаласындағы Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қыз бала тәрбиесінің маңызын түсіндіру және оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында тақырыптық дебат өткізілді. Дебат барысында оқушылар қазақ қоғамындағы қыз тәрбиесіне қатысты дәстүрлі құндылықтардың бүгінгі қоғамдағы орны мен маңызын талқылады. Қатысушылар ұлттық тәрбие, инабаттылық, үлкенге құрмет, отбасылық жауапкершілік, сондай-ақ дәстүр мен заманауи көзқарастың үйлесуі жөнінде пікір алмасты. Отбасылық ...

Читать далее »

Қауіптің алдын алу және төтенше жағдайға әзірлік

Шымкент қаласында халықты ықтимал химиялық қауіптерден қорғау, төтенше жағдайларға дайындықты арттыру және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қала аумағында ықтимал химиялық қауіпті екі нысан бар. Олар өндірістік қызметінде 16 тоннадан астам күшті әсер ететін улы заттарды пайдаланады. Химиялық қауіптің алдын алу мақсатында «Шымкент сүт» ЖШС кәсіпорнында қолданылған аммиак қауіпсіздеу фреонмен алмастырылды. Қауіпті химиялық заттар таралуы ықтимал ...

Читать далее »

Отбасылық әл-ауқатты арттыру жолындағы жүйелі жұмыс

Шымкент қаласында соңғы екі жылда отбасыларды қолдау жүйесі жаңа бағытта дамып, әлеуметтік көмектің жеделдігі мен тиімділігін арттыруға басымдық берілді. Отбасын қолдау орталығының жұмысы өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетумен қатар, отбасылық дағдарыстарды ерте анықтауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әлеуметтік осал топтардың жағдайын тұрақтандыруға бағытталды. 2025 жылы енгізілген FSM Social ақпараттық жүйесі осы бағыттағы маңызды өзгерістердің бірі болды. ...

Читать далее »

Жастармен кездесуде отбасылық құндылықтар, демографиялық саясат және  қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жастар үшін маңызды, қоғамдағы өзекті мәселелерді қамтыған мазмұнды кездесу өтті. Жиында жастар арасындағы жұмыссыздық, отбасылық және демографиялық саясат, дін мәселелері, сондай-ақ қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — лудомания мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптары талқыланды. Кездесудің басты мақсаты — жастардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттырып, жұмыспен қамту, отбасылық құндылықтарды нығайту, діни сауаттылықты дамыту ...

Читать далее »

ҚАРАСПАНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ордабасы ауданына қарасты Қараспан елді мекенде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нысанның құрылысы биыл шілде айында басталып, бүгін ел игілігіне берілді. Жаңа бекет Қараспан ауылдық округіндегі 14 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрт пен өзге де төтенше жағдайларға жедел ден қоюға ...

Читать далее »