Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы елді мекенінде тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалардың қауіпсіз ортада ойнауына және жастардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа спорт және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкер Ж.Абдибаевтың демеушілігімен ойын алаңшасының аумағы толық қоршалып, волейбол және баскетбол алаңдары салынды. Салтанатты шараға арнайы келген аудан басшысы тұрғындарды жаңа нысандардың ашылуымен құттықтап, жеке кәсіпкерге өз алғысын білдірді
Сондай-ақ, спорт алаңшасының аумағы мен автотұрақ толық асфальтталып, сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылған. Одан бөлек, гүлдер мен ағаш көшеттері отырғызылды. Нәтижесінде елді мекен тұрғындары үшін спортпен айналысуға, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және отбасымен демалуға арналған заманауи әрі қолайлы ортаға айналды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары