Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласында жаңа оқу жылының барысы мен білім беру ұйымдарының қысқы жылыту маусымына әзірлігі пысықталуда.

Осы бағыттағы жұмыстардың барысын бақылау мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар білім беру нысандарын аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты.

Қала әкімі С. Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатына, М. Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектебіне, Ө. Жәнібеков атындағы №27 ІТ мекеп-лицейіне және Р. Исетов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебіне барды.

Нысандарды аралау барысында білім беру ұйымдарының оқу кабинеттері мен асханаларының жағдайы, ғимараттардың жалпы дайындығы және жылу қазандықтарының қысқы маусымға әзірлігі тексерілді.

Сонымен қатар, мектеп және балабақша басшыларымен көшпелі кездесу өткізіліп, білім беру ұйымдарындағы өзекті мәселелер тыңдалды. Қала әкімі жауапты сала мамандарына анықталған мәселелерді жедел шешу және білім алушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жаңа оқу жылының қалыпты өтуі үшін білім беру нысандарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілуде. Әсіресе, жылыту жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі мен ғимараттардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда болады.

Қысқы жылыту маусымына дайындық барысында қазандықтар мен жылу жүйелерінің техникалық жағдайы, жылыту құралдарының жарамдылығы және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне баса назар аударылуда. Анықталған кемшіліктерді оқу процесіне кері әсерін тигізбей, алдын ала жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту де басты міндеттердің бірі болып табылады. Оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимараттардың ішкі және сыртқы аумағы, эвакуациялық шығу жолдары, өрт қауіпсіздігі талаптары және басқа да маңызды бағыттар бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және ғимараттардағы санитарлық талаптарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім беру нысандарындағы мәселелерді тексеру бір реттік шарамен шектелмей, тұрақты бақылауда ұстау көзделіп отыр. Жауапты мамандарға берілген тапсырмалардың орындалу барысы қадағаланып, анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Басты мақсат – қысқы кезеңде білім беру ұйымдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, оқушылар мен ұстаздарға қолайлы орта қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстар оқу жылының соңына дейін жүйелі түрде жалғасып, білім беру саласындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласында барлығы 245 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 79 мектеп, 160 мектепке дейінгі ұйым және 6 мектептен тыс мекеме бар.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*