Шымкент қаласындағы Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде Саттар Ерубаевтың туғанына 112 жыл толуына арналған онкүндік аясында көрнекті жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасын дәріптеуге арналған онкүндік аясында рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Мектеп мұражайына арнайы келген ардагерлер кеңесінің әже-аналар топтарының өкілдері қаламгердің өмір жолы, әдеби еңбектері мен шығармашылық қызметіне қатысты мәліметтермен танысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – Саттар Асқарұлы Ерубаевтың әдеби мұрасын насихаттау, тарихи тұлғалардың өнегесін жас ұрпаққа таныту және аға буын мен кейінгі ұрпақ арасындағы рухани байланысты нығайту. Мұражайдағы жәдігерлер мен тарихи деректер қонақтарға жазушының өмірі мен шығармашылығын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
Іс-шараға Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің «Ақбілек» әже-аналар тобынан Тойлыбаева Мейрам Асанхановна мен Кулумбетова Разия Налтайқызы, сондай-ақ Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің «Нұрлы ана» әже-аналар тобынан Жунисова Бибіжанат Жамаловна мен Мыңқожаева Айжан Молдамұратқызы қатысты.
Мектеп мұражайына жасалған саяхат барысында тарихи мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оны келешек ұрпаққа жеткізу мәселелерінің маңызы айқындалды. Әжелер – отбасының ұйытқысы, салт-дәстүрдің сақтаушысы әрі жас буынға өнеге көрсететін даналық иелері. Олардың осындай мәдени-танымдық шараларға қатысуы ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық тәрбиеге деген құрметті арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, мұндай кездесулер оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттырып, туған өлкенің тарихын тереңірек білуіне жол ашады. Саттар Ерубаевтың шығармашылық мұрасын таныту арқылы жастардың бойына елжандылық, адамгершілік және рухани құндылықтарға адалдық қасиеттерін сіңіру маңызды.
Өткенді ұлықтау мен тарихи тұлғалардың мұрасын сақтау – баршаға ортақ міндет. Осындай тағылымды шаралар арқылы ұлттық руханиятты дәріптеп, жас ұрпақтың бойында ел тарихына деген құрметті қалыптастыруға болады.
Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, рухани мұраны сақтауға және оны келер ұрпақтың бойына сіңіруге өз үлесін қоса бермек. Сонымен қатар, мұндай кездесулер аға буынның өнегесін насихаттап, жастардың тарихқа деген қызығушылығы мен құрметін арттыруға мүмкіндік береді.
Өткенді ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың парызы, рухани мұраны сақтау – келешекке қалдырған аманат!
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары