Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Жастарды қолдау: Шымкентте әлеуметтік және шығармашылық жобалар жүзеге асуда

Жастарды қолдау: Шымкентте әлеуметтік және шығармашылық жобалар жүзеге асуда

Шымкент қаласында жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қоғамдық өмірге араласуын қолдау бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылуда.

Ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы аясында мәдени орындарға экскурсиялар, спорттық турнирлер, шығармашылық кештер мен көрмелер ұйымдастырылды. Ал «Бақытты балалық шақ» психологиялық тимбилдингіне 250 бала қатысып, олардың әлеуметтік бейімделуі мен психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін «Бақыт мекені» жобасы аясында жастармен кездесулер, жас отбасылар арасында спорттық жарыстар мен интеллектуалды сайыстар өткізілді. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған «Кітап TIME» жобасы бойынша тоғыз кітап талқылауы мен екі челлендж ұйымдастырылып, қазан айында «Кітап кеші» фестивалін өткізу жоспарланған.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында жастардың ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, медиа және волонтерлік салалардағы бастамаларын қолдауға арналған грант конкурсына өтінімдер қабылдануда. Сонымен қатар талапкерлерге кәсіби бағдар беру мақсатында білім беру жәрмеңкелері өткізіліп, оған тоғыз жоғары оқу орны мен 35 колледж қатысты.

Жұмыспен қамту бағытында NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізілуде. 2026 жылғы қыркүйекте олардың саны 5 805 адамды құрады. Жастар ресурстық орталығының мамандары жастармен байланыс орнатып, қажеттіліктерін зерделеуде. Бұдан бөлек, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды.

Қалада жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, психологиялық және құқықтық қолдау көрсетуге арналған комьюнити орталығы да жұмыс істейді. Екі ай ішінде орталықта 3 мыңнан астам жас өз бастамаларын жүзеге асырып, түрлі ұйымдардың қызметіне қатысты.

Республика күніне орай жастардың қатысуымен Ту көтеру рәсімі мен республикалық дебат турнирін өткізу жоспарланған. Бұл бастамалар жастардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін арттыруға және қоғамдық өмірге араласуын кеңейтуге бағытталған.

Алдағы уақытта да қалада жастарды қолдау, олардың қабілеттерін дамыту, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жаңа бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасау бағытындағы жұмыстар жалғасады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*