«Отбасын қолдау орталығы» мамандары FSM ақпараттық қолдау жүйесіне түскен ақпараттар негізінде отбасылардың әлеуметтік жағдайын зерделеу және қажетті қолдау көрсету мақсатында жұмыстар жүргізді.
Зерделеу жұмыстары Еңбекші, Қаратау және Абай аудандарында жүзеге асырылды.
Жұмыстың негізгі мақсаты – отбасылардың қажеттіліктерін анықтау, мәселелерін зерделеу және тиісті әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру.
Отбасылардың әл-ауқатын арттыру және олардың мәселелерін шешуге ықпал ету – басты назарымызда.
Сонымен қатар, отбасыларды қолдау жұмыстары қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады. Отбасындағы өзара сыйластықты, жауапкершілікті, татулық пен бірлікті сақтау – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ тәрбиесінің негізі. Осы ретте әрбір отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ерекше мән беріледі.
Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту аясында отбасы мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелері де маңызды орын алады. Әйелдердің қоғам өміріне белсенді араласуына, кәсіби дамуына және әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасау отбасылардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.
Сондай-ақ, ана мен баланы қорғау, балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау және ата-аналарға қажетті қолдау көрсету мәселелеріне басымдық беріледі. Ана мен баланың денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау және отбасындағы жауапкершілікті нығайту – әлеуметтік қолдау жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі.
Демографиялық саясатты жүзеге асыруда отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсарту, жас отбасыларды қолдау және бала тәрбиелеуге қолайлы жағдай қалыптастырудың маңызы зор. Әлеуметтік мәселелерді дер кезінде анықтап, тиісті көмек көрсету отбасылардың тұрақтылығын нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Осы бағыттағы жұмыстар қоғамдағы әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетумен қатар, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға және отбасылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Отбасын қолдау – қоғамның тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды шарты.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары