Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте құрылыс саласындағы бақылау жұмыстарының қорытындысы жарияланды

Шымкентте құрылыс саласындағы бақылау жұмыстарының қорытындысы жарияланды

Шымкент қаласында құрылыс-монтаж жұмыстарын рәсімдеу, нысандарды пайдалануға қабылдау, құрылыс саласындағы лицензиялау және мамандарды аттестаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында осы бағыттар бойынша бірқатар өтініш қаралып, тиісті рәсімдер жүзеге асырылды.

Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Берік Дүйсенов мәлімдеді. Брифинг барысында басқарманың есепті кезеңдегі жұмыстарының қорытындылары мен құрылыс саласындағы негізгі көрсеткіштер таныстырылды.

Есепті кезеңде құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша 501 хабарлама тиісті реестрге тіркелді. Сонымен қатар 361 құрылыс нысаны пайдалануға қабылданып, олардың актілері салыстыру рәсімінен өтті. Бұл көрсеткіштер құрылыс нысандарын рәсімдеу және пайдалануға беру бағытындағы жұмыстардың ауқымын көрсетеді.

Жаңа Құрылыс кодексінің талаптарына сәйкес, техникалық қадағалаушылардан нысандардың толық аяқталғаны туралы 73 өтініш түскен. Оның ішінде 35 қорытынды келісіліп, 6 өтініш кері қайтарылған. Қалған 32 өтініш қазіргі уақытта қаралуда.

Құрылыс саласындағы лицензиялау жұмыстары да есепті кезеңде жалғасты. Тоғыз айда барлығы 230 өтініш қаралып, нәтижесінде 25 лицензия берілді. Ал 90 өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек, қызмет субъектілерінің атауы мен мекенжайын өзгертуге қатысты 112 рәсім жүргізілді.

Сарапшыларды аттестаттау бағытында 191 өтініш қаралды. Нәтижесінде 66 маман аттестаттаудан өтіп, тиісті аттестат алды. Ал 125 өтініш бойынша аттестаттаудан бас тартылды. Бұл рәсімдер құрылыс саласында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған.

Лицензиялық бақылау нәтижесінде 523 лицензияның қолданылуы тоқтатылып, 16 лицензиядан айырылды. Осы бағытта салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 101,1 млн теңгені құрады. Сонымен қатар құрылыс саласындағы аттестаттардың қолданылуы екі жағдайда тоқтатылды.

Құрылыс саласындағы лицензиялау мен аттестаттау рәсімдері, нысандарды пайдалануға қабылдау және тиісті құжаттардың заң талаптарына сәйкестігін бақылау жұмыстары саланың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Алдағы уақытта да құрылыс нысандарын рәсімдеу, мамандардың кәсіби талаптарға сәйкестігін тексеру және лицензиялық бақылау бағытындағы жұмыстар жалғасады. Негізгі мақсат — құрылыс саласында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, нысандарды пайдалануға беру рәсімдерінің белгіленген талаптарға сай орындалуына бақылау жасау.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*