Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » «Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының Құрылтайдың алғашқы сессиясында берген тапсырмаларын орындау аясында Үкімет өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту бойынша шаралар қабылдауда.

Шымкентте жаңа перинаталдық орталық пен халықаралық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу жобалары жүзеге асырылуда. Нысандардың құрылысын жалғастыруға қосымша 33,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде денсаулық сақтау нысанына – 10 млрд теңге, ал екінші ұшу-қону жолағына 23,5 млрд теңге бағытталды.

Шымкент қаласы қарқынды өсіп келеді. Халық саны артқан сайын әлеуметтік және қалалық инфрақұрылымға түсетін жүктеме де көбейіп отыр.

Шымкентте жыл сайын 30 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Ал, қазіргі таңда босандыру қызметін 4 медициналық ұйым көрсетеді. Жаңа перинаталдық орталық 200 төсек-орынға есептелген.

Ақжайық шағынауданында 200 төсек-орынға арналған жаңа перинаталдық орталық салынуда. Медициналық мекеме жылына 7 мың босануға арналған және ана мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің толық циклін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, шамамен 800-1000 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Акушерлік, гинекология және неонатология бөлімдерімен қатар, мұнда күрделі патологиялары бар жаңа туған нәрестелерге ем жүргізуге арналған неонаталдық хирургия қызметі ұйымдастырылады. Сондай-ақ диагностикалық зертхана, генетикалық зерттеулер жүргізуге арналған база, консультациялық және оңалту бөлімшелері қарастырылған.

Жаңа перинаталдық орталық Ақжайық шағын ауданында бой көтеруде.Оның іске қосылуы төсек-орын қорын арттыруға, қолданыстағы медициналық ұйымдарға түсетін жүктемені азайтуға және ана мен балаға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту Шымкенттің ауқымы мен өсу қарқынына сай болуы тиіс.

Сонымен бірге, Шымкент әуежайының екінші ұшу-қону жолағының құрылысын жалғастыруға қосымша 23,5 млрд теңге бөлінді. Жаңа жолақ әуежайға инфрақұрылымын одан әрі дамыту кезінде жұмысын тоқтатпауға және жолаушылар мен жүк ұшақтарын қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

23,5 млрд теңге тек қосымша ұшу-қону жолағын салуға бағытталып отырған жоқ. Екінші ҰҚЖ әуежайдың резервтік қуатын арттыруға, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және жолаушылар, жүк және транзиттік авиация үшін мүмкіндіктерді кеңейтуі тиіс.⁣⁣⠀⁣⁣⠀

Қолданыстағы жолақ күрделі жөндеуден 2007 жылы өткен. Кезекті жөндеуді 2027 жылы жүргізу қажет. Жөндеу жұмыстары әуежай жұмысын ұзақ уақытқа шектеуі мүмкін.⁣

Тағы бір фактор: қолданыстағы ҰҚЖ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің нұсқамасына сәйкес ұзартылуы қажет.⁣

Жаңа жолақ әуежайға инфрақұрылымын одан әрі дамыту кезінде жұмысын тоқтатпауға және жолаушылар мен жүк ұшақтарын қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Екінші ҰҚЖ инфрақұрылымды одан әрі дамыту кезінде әуежайдың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни бір жолақтағы жұмыстар бүкіл әуежайдың жұмысын тоқтатпауға тиіс.⁣⁣⠀⁣⁣⠀

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*