Соақ ауданы, Таукент кенті модельді кітапханасында «Кітап Time» фестивалі аясында оқырмандардың білімін толықтыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында «Сен білесің бе?» атты ойын-викторина өткізілді.
Викторина барысында қатысушылар әдебиет, тарих, мәдениет, өнер және кітап әлеміне қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Оқырмандар белсенділік танытып, сұрақтарға тапқырлықпен жауап беріп, өзара білімдерін ортаға салды.
Мұндай танымдық ойындар оқырмандардың білімін бекітіп қана қоймай, ізденуге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір сұраққа жауап іздеу арқылы қатысушылар жаңа мәліметтермен танысып, өз білімін толықтыруға ынталанады.
Кітап оқу мен танымдық белсенділік қатар жүргенде оқырманның ойлау қабілеті дамып, ақпаратты салыстыру және саралау дағдысы қалыптасады. Бұл әсіресе жас буынның білімге деген құштарлығын арттыруда маңызды.
Әдебиет пен тарихты танып-білу ана тілінің байлығын тереңірек түсінуге де жол ашады. Қазақ тіліндегі шығармалар мен танымдық кітаптарды оқу арқылы оқырманның сөздік қоры молайып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы арта түседі.
Кітапханадағы осындай бастамалар білім мен мәдениетке қызығушылық танытатын орта қалыптастырып, оқырмандарды өздігінен ізденуге жетелейді. Ал үздіксіз ізденіс жаңа идеялар мен шығармашылық бастамалардың негізіне айналады.
Білімге ұмтылған, кітаппен тұрақты байланыс орнатқан азаматтар заман талабына бейімделіп, қоғамның дамуына өз үлесін қоса алады. Сондықтан кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау – болашаққа бағытталған маңызды қадам.
Іс-шара соңында кітап оқудың маңызы айтылып, қатысушыларға жаңа кітаптар оқуға ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, «Оқитын ұлт» марафоны туралы ақпарат беріліп, оқырмандарды кітап оқуға және марафонға белсенді қатысуға шақырылды.
Кітаппен дос болған адам – біліммен қаруланған адам!
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары