Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы

Аймақ тынысы

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА СПОРТ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы елді мекенінде тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалардың қауіпсіз ортада ойнауына және жастардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа спорт және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкер Ж.Абдибаевтың демеушілігімен ойын алаңшасының аумағы толық қоршалып, волейбол және баскетбол алаңдары салынды. Салтанатты шараға арнайы келген аудан басшысы тұрғындарды жаңа нысандардың ашылуымен құттықтап, жеке кәсіпкерге ...

Читать далее »

САУРАН АУДАНЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АСАРЛАТЫП БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Сауран ауданындағы С.Қожанов ауылында демеушілердің есебінен Сапарбаевтар отбасына жаңа баспананың кілті табысталды. Игі бастамаға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, отбасы мүшелерін қоныс тойымен құттықтады. Аудан басшысы баспананың бой көтеруіне қолдау көрсеткен демеушілерге және құрылыс жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді. Ауыл тұрғындарының өзара көмегі мен жанашырлығының арқасында жүзеге асқан бастаманың кейінгі буынға үлгі екенін атап өтті. Сауран ауданында биыл тұрғындарды ...

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАНДА 2,66 ГВТ ЖАҢА ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚУАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

Қазақстанда электр энергиясының тапшылығын азайту мақсатында ағымдағы жылы жалпы қуаты шамамен 2,66 ГВт болатын жаңа және жаңғыртылған энергетикалық қуаттарды іске қосу жоспарланып отыр. Жобалардың қатарында Алматыдағы екінші және үшінші жылу электр орталықтарын жаңғырту – тиісінше 557 және 544 МВт, Түркістан облысында 1000 МВт бу-газ қондырғысын салу, Атырау жылу электр орталығында 59,6 МВт қуатты іске қосу және Текелі ЖЭО-да 17 МВт ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды. Бірінші Жарлықпен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Кеңес құрамына қоғамдық ұйымдар, өңірлер, этномәдени бірлестіктер, ғылыми және сарапшылық орта, бизнес, кәсіподақтар, білім, мәдениет, спорт және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қоса алғанда, 126 азамат кірді. Шымкент қаласынан Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына: * Латипша Қаймаханович Асанов ...

Читать далее »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды. Президенттің қатысуымен өткен экологиялық шара табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және елді мекендерді көгалдандыру ісіне қоғамның белсенді атсалысуының маңызын көрсетті. Мемлекет басшысы сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар басшыларының атқарған жұмысы туралы есептерін тыңдады. «Таза Қазақстан» бастамасы ел бойынша экологиялық мәдениетті ...

Читать далее »

БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласында жаңа оқу жылының барысы мен білім беру ұйымдарының қысқы жылыту маусымына әзірлігі пысықталуда. Осы бағыттағы жұмыстардың барысын бақылау мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар білім беру нысандарын аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты. Қала әкімі С. Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатына, М. Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектебіне, Ө. Жәнібеков атындағы №27 ІТ мекеп-лицейіне және Р. Исетов атындағы №20 ...

Читать далее »

СОЗАҚТА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ РОТАЦИЯЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №559 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Созақ ауданының білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жаңа басшылар тағайындалды. Атап айтқанда: Өміртаева Гүлбану Ахметқызы – Созақ ауданының білім бөлімінің «Айшуақ» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі; Есмұратова Гүлшат ...

Читать далее »

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ

Бүгін Созақ ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектепте өткен жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шараға аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков пен бөлім басшысы Абай Шәріпбекұлы Өтебаев қатысып, ұстаздар қауымын, оқушылар мен ата-аналарды мерекемен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы білім беру саласының сапасы ...

Читать далее »

БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар мен оқушылар! Баршаңызды жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуымен және 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Білім – ел болашағының берік іргетасы, ал мектеп – жас ұрпақтың арманына қанат бітіріп, тұлғалық қалыптасуына жол ашатын қасиетті орда. Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен тың ізденістердің, биік белестер мен жарқын жетістіктердің бастауы. Құрметті ұстаздар! Сіздердің кәсіби ...

Читать далее »