Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар мен оқушылар!

Баршаңызды жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуымен және 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Білім – ел болашағының берік іргетасы, ал мектеп – жас ұрпақтың арманына қанат бітіріп, тұлғалық қалыптасуына жол ашатын қасиетті орда. Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен тың ізденістердің, биік белестер мен жарқын жетістіктердің бастауы.

Құрметті ұстаздар!

Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен шәкірт жүрегіне жол таба білетін парасаттарыңыз – сапалы білім мен саналы тәрбие берудің басты негізі. Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына жасалған өлшеусіз қызмет. Еңбектеріңіз жемісті, шығармашылық ізденістеріңіз нәтижелі болсын!

Қымбатты оқушылар!

Жаңа оқу жылында білімге деген құштарлықтарыңыз артып, әр күндеріңіз ізденіс пен жаңалыққа толы болсын. Алға қойған мақсаттарыңызға табандылықпен жетіп, мектеп қабырғасында алған білімдеріңізді ел игілігіне жұмсайтын білімді де білікті азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспін.

Ардақты ата-аналар!

Ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі мол еңбектеріңізге табыс тілеймін. Балаларыңыздың әр жетістігі отбасыларыңызға қуаныш, мектептеріңізге мерей әкелсін!

Жаңа оқу жылы Созақ ауданының білім саласы үшін толайым табыстарға, жаңа жетістіктерге және жарқын бастамаларға толы жыл болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ұстаздарға шығармашылық табыс, оқушыларға биік білім белестерін бағындыруды тілеймін!

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

Жаңа оқу жылы сәтті басталып, жемісті жалғассын!

Ізгі ниетпен, Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы

Абай Шәріпбекұлы Өтебаев

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*