Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жастармен отбасылық және демографиялық саясат бағытында кездесу өтті

Жастармен отбасылық және демографиялық саясат бағытында кездесу өтті

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуге «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалының, Шымкент қалалық Әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбековна Жандосова, Дін істер басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің теолог маманы Әбдіманап Нұрхан Нұртасұлы және Әл-Фараби ауданы бойынша Мансап орталығының басшысы Жаннат Бахытжанқызы Оспанова қатысты.

Кездесу барысында қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыру, ана мен баланы қорғау, отбасылық-демографиялық саясат, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Қатысушылар студенттерге аталған бағыттар бойынша маңызды ақпарат беріп, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндірді. Сондай-ақ отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызы, ана мен баланы қорғаудың қоғамдағы орны және жастарды қолдауға бағытталған мүмкіндіктер туралы айтылды.

Іс-шара барысында жастар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, салауатты әрі берік отбасы қалыптастырудың маңызына да ерекше назар аударылды. Қатысушылар отбасы – қоғамның негізгі тірегі екенін атап өтіп, өзара түсіністік, құрмет пен жауапкершілікке негізделген отбасылық қарым-қатынастың маңыздылығын жеткізді.

Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның кез келген түріне жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студенттерге қиын жағдайға тап болған кезде тиісті мамандар мен қызметтердің көмегіне жүгіну, өз құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігі түсіндірілді.

Жастардың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан белсенді болуы да кездесудің негізгі тақырыптарының бірі болды. Мансап орталығының өкілі жұмысқа орналасу, кәсіби бағыт таңдау және жастарға ұсынылатын мүмкіндіктер жөнінде ақпарат беріп, білім мен еңбекке деген жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Кездесу соңында жастарды қоғамдық өмірге белсенді араласуға, өз құқықтарын білуге, жауапкершілікпен әрекет етуге, білім мен кәсіби дамуға ұмтылуға және болашақтарын саналы түрде жоспарлауға шақырды. Іс-шара отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ана мен баланы қорғау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасылық-демографиялық саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*