Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Қауіптің алдын алу және төтенше жағдайға әзірлік

Қауіптің алдын алу және төтенше жағдайға әзірлік

Шымкент қаласында халықты ықтимал химиялық қауіптерден қорғау, төтенше жағдайларға дайындықты арттыру және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда қала аумағында ықтимал химиялық қауіпті екі нысан бар. Олар өндірістік қызметінде 16 тоннадан астам күшті әсер ететін улы заттарды пайдаланады. Химиялық қауіптің алдын алу мақсатында «Шымкент сүт» ЖШС кәсіпорнында қолданылған аммиак қауіпсіздеу фреонмен алмастырылды.

Қауіпті химиялық заттар таралуы ықтимал аймақта тұратын тұрғындар 100 пайыз жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде жедел басқаруды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органның қолдауымен қаржылық лизинг арқылы жылжымалы басқару пункті сатып алынған.

Қаладағы 167 зардап шеккен халықты қабылдау пунктінде тұрақты түрде оқу-жаттығулар өткізіледі. Ал жер сілкінісі кезінде панасыз қалған тұрғындарды орналастыру және далалық штабты өрістету үшін Төтенше жағдайлар департаментінің балансына 5 гектар жер телімі берілген.

Сонымен қатар Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық жүргізілуде. Биыл қараша айында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақмола облысындағы №55209 әскери бөліміне қала аумағынан 23 сарбазды іріктеп, жасақтау жоспарланған.

Әскерге шақырылушыларға мерзімді әскери қызметтің мүмкіндіктері де түсіндірілуде. Атап айтқанда, әскери борышын өтеген азаматтардың азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу және жоғары оқу орындарына түсу кезінде қарастырылған жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат берілуде.

Сонымен қатар, қалада азаматтық қорғаныс саласындағы материалдық-техникалық базаны нығайту және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралар ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алуға және халықты қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қауіпті өндірістік нысандардың жұмысына назар аударылып, улы заттардың қоршаған ортаға таралу қаупін төмендету шаралары қолға алынуда. Өндірісте қауіпсіз технологияларды қолдану адам өмірі мен денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады.

Төтенше жағдайларға дайындықты арттыруда оқу-жаттығулардың маңызы зор. Мұндай іс-шаралар жауапты қызметтердің өзара үйлесімді жұмыс істеуіне, басқару жүйелерінің дайындығын тексеруге және тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға үйретуге мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*