Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «30 минут – кітаппен» кітап оқу акциясы

«30 минут – кітаппен» кітап оқу акциясы

Созақ аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Абай ауылдық кітапханасында «Kitap Time – 2026» республикалық фестивалі аясында оқырмандар арасында «30 минут – кітаппен» кітап оқу акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқырманның кітаппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру және бос уақытты пайдалы өткізуге насихаттау.

Бар болғаны 30 минут телефоннан алыстап, кітаппен сырласуға, жаңа ой түюге, білім көкжиегін кеңейтуге арналды.

Кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыру адамның ойлау қабілетін жетілдіріп, ақпаратты саралап қабылдауына мүмкіндік береді. Тұрақты оқу арқылы оқырманның сөздік қоры молайып, дүниеге деген көзқарасы кеңейе түседі.

Мұндай шағын уақыттың өзі пайдалы әдет қалыптастыруға жеткілікті. Ең бастысы – кітапқа уақыт бөлуді кейінге қалдырмай, оны күн тәртібінің табиғи бір бөлігіне айналдыру.

Кітапхана осындай бастамалар арқылы тұрғындар үшін білім мен рухани ізденістің қолжетімді ортасын қалыптастырады. Әртүрлі жастағы оқырмандардың бас қосып, оқыған дүниесі жайлы пікір алмасуы жаңа шығармаларға қызығушылықты арттыра түседі.

Жастар арасында кітап оқуды насихаттау – олардың білімге құштарлығын оятып, шығармашылық ойлауына жол ашудың тиімді тәсілдерінің бірі. Оқыған сайын ізденіс артып, жаңа идеяларға деген қызығушылық та қалыптасады.

Оқу мәдениеті қалыптасқан ортада білімге деген құрмет те жоғары болады. Сондықтан кітаппен өткізілген әрбір уақытты адамның өзін дамытуына, жаңа мүмкіндіктерге ұмтылуына және болашаққа нық қадам жасауына бағытталған пайдалы әдет ретінде бағалауға болады.

Әр оқырман өзіне ұнаған кітабын таңдап, оқыған шығармасынан алған әсерімен бөлісті.

Кітап оқуға жұмсалған әр минут – өзіңе салынған инвестиция!

Бүгінгі 30 минут – ертеңгі үлкен білімнің бастауы.

30 минут – кітаппен, әр күн – жаңа біліммен!

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*