13 қыркүйек –Отбасы күніне орай Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №11 кітапхана бөлімшесінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы тәрбиесінің маңызын көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге баулу, өнегелі отбасының өмірін көпшілікке үлгі ету мақсатында «Ұлт ұясы – бесік» атты республикалық байқаудың екінші орын, «Есті ене, көргенді келін» байқауының бас жүлде иегері Күздеубаевтар отбасымен кездесу кеші өтті.
Іс-шараға Күздеубаевтар отбасымен бірге студент жастар, көпшілік оқырмандар қатысты.
Кеш барысында «Әке – асқар тау, ана – бұлақ», «Отбасылық дәстүр – ұрпаққа аманат» тақырыптарында ата-ананың отбасындағы орны, отбасылық салт-дәстүрлер туралы әңгіме, пікір алмасулар болды. Сонымен қатар көркемсөз оқылып, әндер айтылды.
Сонымен бірге отбасы күніне орай қалада бірқатар ісшара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Отбасы күніне орай Индустриалды-техникалық колледж жастары арасында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған кездесу өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Аналар кеңесінің «Көркем әжелер» тобының мүшелері – Атенова Тәттігүл, Мукашева Забира, Еркінбекова Рабиға және Жуманова Сырға қатысты.
Кездесу барысында отбасының адам өміріндегі маңызы, ұлттық тәрбие, өзара сыйластық пен отбасылық құндылықтар туралы айтылды.
Сонымен қатар, спикерлер жастарды уақытты тиімді пайдалануға, білім мен спортты өмір салтына айналдыруға шақырды.
Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлермен пікір алмасты.
Ал, Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №8 кітапхана бөлімшесінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау мақсатында отбасы күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Шашу» әжелер ансамблінің мүшелері Жазықбаева Жиенкүл, Сұлтаналиева Роза, Тыстанова Бағила, Өскенбаева Рыскүл, Боранбаевтар отбасы, ардагер ұстаз Мамыркүл Елемесқызы, көпшілік оқырмандар қатысты.
Іс-шара барысында отбасындағы тәрбие, адалдық , саналы ата-ана болу туралытүсінік беріліп, отбасыға арналған мақал-мәтелдер айтылды және әндер айтылды.
Отбасы күніне орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде жастармен тағылымды кездесу өтті.
Іс-шара барысында ата-анаға құрмет, ұрпақ тәрбиесі, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық және отбасындағы жауапкершілік тақырыптары қозғалды.
Кездесуге колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елтаев Данияр Қуанышбекұлы, Тұран ауданы ардагерлер кеңесі және «Аналар» тобының мүшелері Гүлбараш Бақбаева мен Тоқсұлу Қолдасова қатысып, жастарға өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
#Otbasym2026, #ОтбасыКүні2026, #ДеньСемьи2026
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары