Шымкент жүрек орталығының дәрігерлері 76 жастағы қарияның жүрегіне жасанды жүрек аппаратын қолдану арқылы ашық ота жасап, аман алып қалды. Адам өміріне аса маңызды жүрек қан тамырлары зақымдалған зейнеткер Бахадыр Исановқа құны 2 миллион 900 мың теңге тұратын күрделі ота МӘМС есебінен жасалған. Ақ желенділер мұндай ота түрлерімен жылына 500-ден астам науқастың өміріне араша болуда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ...
Читать далее »Авторские архивы: Гульмира
Полиция ескертеді…
Түркістан облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының 5 қызметтік автокөлігіне автоматты түрде жылдамдық өлшегіш «Автоураган» құрылғысы орнатылған. Аталған құрылғысы бар автокөліктер республикалық маңызы бар тас жолдарда, елдімекендерде қызмет атқарады. Сондықтан көлік басқару кезінде елдімекендерде жүру жылдамдығын 60 км/сағ, ал елдімекеннен тыс трассаларда 110 км/сағ асырмаңыздар. Егер жылдамдықты белгіленген шамадан асырсаңыз, жоғарыдағыдай көліктің камерасына түсіп, айыппұл арқалауыңыз мүмкін. Мұндай заманауи кешен ...
Читать далее »Қараусыз қалған мал жол апатына себеп болуы мүмкін
Түркістан облысында жол бойында иесіз жүрген үй жануарларының автокөліктерге соқтығысу жайттары жиі кездеседі. Мұндай сәттерде техниканы айтпағанда, автокөлікте отырған адамдар қатты зардап шегуі мүмкін. Яғни мал иелерінің өз мүлкіне немқұрайды қарауының соңы қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін. Одан бөлек бақылаусыз жайылып жүрген мал ұрылар үшін де оңай олжа болып табылады. Мал ұрлығын болдырмау, сондай-ақ өңір аумағында қараусыз жүрген малдың салдарынан ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚАЗУ ФАКТІЛЕРІ 30% АЗАЙҒАН
Түркістан облысы аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілері былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға азайған. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Д.Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, құзырлы органдар мен аудан, қала әкімдіктері тарапынан қатаң бақылауға алынған. Қазіргі таңда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан тұрақты түрде мониторинг жасалып, нәтижесінде, жыл басынан бері 12 заңсыз қазба нүктелері анықталды. Әрі қарай тиісті шара қолдану ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШІМДІКСІЗ АУЫЛ САНЫ 30-ҒА ЖЕТТІ
Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде облыста 30-ға жуық ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан. Осы қатарға биыл Сайрам ауданындағы Ханқорған ауылы еніп отыр. Игі бастама — ауыл ақсақалдары мен ел ағаларының бастамаларымен қолға алынған. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Әліпов Ханқорған ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл жастарының салауатты өмір салтына деген қызығушылығы артқанын айтты. Жалпы Сайрам ...
Читать далее »“ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДА АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ”
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша Алқа отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда басым бағыттарды атап берді. Жиынға қала жастары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері қатысты. Алдымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Мөлдір Кеуенова қалада ...
Читать далее »В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛАСЬ «Аллея матерей»
Мама — это великое слово. Ты всегда будешь помнить мамин голос, глаза и, конечно, мамины руки. Мама научила тебя всему: говорить, ходить. Мама всегда рядом с тобой. Недаром говорят, что мать одной рукой качает колыбель, а другой — целый мир. В Шымкенте открылся сквер под названием «Аллея матерей». Он расположился по улице Желтоксан, между улицами Бейбитшилик и Момышулы. В открытии ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
2024 жылғы 19 мамыр күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Senat open» шахмат турнирінің іріктеу кезеңі өтті, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасы бойынша Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Шымкент қаласы мәслихаты ұйымдастырылып өтуде. Іріктеу турниріне қатысуға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары (бұрынғы шақырылымдағы депутаттарды қоса алғанда), Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, қоғам ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЖАС ЧЕМПИОНЫМЫЗ ТАҒЫ ТҰҒЫР БИІГІНЕН КӨРІНДІ
Жақында ғана Қырғызстан астанасы Бішкек қаласынан Азия чемпионы болып келген №52 мектеп-лицейінің 10 сыныптың екпінді оқушысы Эшмуратов Шахужахон күні кеше Ақтөбе қаласында кикбоксингтен өткен ел біріншілігінде жеңімпаз атанды. 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында 63,5 кг салмақ дәрежесінде додаға түскен спортшы шәкіртіміз Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Шахужахон жарыс барысында 4 кездесу өткізіп, барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңген. Спортшы шәкіртіміз Шахужахон Эшмуратов ...
Читать далее »Шымкент қаласы полиция департаменті музейінің қоры толықтырылды
Музейлер динамикалық білім беру орталықтары ретінде қызмет етеді. Қызығушылықты, шығармашылықты және сыни ойлауды дамытуға қызмет етеді. Департамент музейінің де басты мақсаты жастарға музей құндылықтары негізінде білім беру, өткен тарихпен таныстыру. Музей қорын жинақтау болып табылады. Жуырда отставкадағы полиция полковнигі полицейлер арасындағы спорттық ойындардың бірнеше дүркін әлем чемпионы Жандаров Асқар жүлделі жетістіктерін және нысанды киімін музейге сыйға тапсырды. Мұндағы басты мақсат, ...
Читать далее »