Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ТҰРҒЫН АЛАБЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ТҰРҒЫН АЛАБЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандыруға бастау берді. Тұрғындар осыған дейін сұйытылған газды күнделікті қолданып келген.

Газ құбырының құрылысы 2022 жылы басталған. Қала әкімі халықты сапалы қызметпен қамтуда жауапты тұлғаларға газ құбырын ерте кезеңде пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырды.

Айта кетейік, бүгінде абоненттердің 60% — көгілдір газға қол жеткізді, ал 40% — ы биыл қараша айының соңына дейін қосылады. Тұрғындар қазірден қосылуға өтініш бере алады.

Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Ынтымақ-2, Тассай, Бозарық және Көктөбе шағын аудандарының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*