Шымкент қаласының дендрологиялық саябағының ашық алаңында әйелдердің қоғамдағы рөліне арналған «Күзгі шабыт – Жаңа мүмкіндіктер» атты іс-шара өтті. Жиынды Абай ауданы әкімінің аппараты мен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, мемлекеттік көмек шаралары туралы ақпарат беру, сондай-ақ, отбасылық мәселелер мен азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша кеңес ұсыну.
Абай ауданы әкімдігі аппаратының әлеуметтік қолдау бөлімінің басшысы Меруерт Тұтқышбаеваның айтуынша, іс-шара әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және отбасылық құндылықтарды дәріптеуді көздейді.
«Бүгінгі іс-шара аясында өз кәсібін бастағысы келетін немесе кәсібін дамытып жүрген әйелдерге арналған кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары