Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП КЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП КЕЛЕДІ

«Ізетті зейнеткер» сауықтыру орталығы-зейнеткерлікке шыққан әрбір еңбек ардагеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулығын нығайтуына, салауатты өмір сүруіне жағдай жасайды және санаторлық қызмет көрсетеді.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты мекемеден санаторлық қызмет алу үшін ең алдымен шипажай жолдамасына кезекке тұру керек. Geo-shym.kz порталы арқылы үйден шықпай-ақ кезекке тіркелуге және реттілігін бақылап отыруға болады.

Сауықтыру кешені бір мезетте 10 күн бойы 70 зейнеткерге санаторлық қызмет көрсетеді және жылына 2000 мыңнан астам еңбек ардагерін қабылдай алады. Жыл басынан бері 25 лег ұйымдастырылып, 1750 зейнеткер сауықтыру емін қабылдады.

Демалушылардың қысқа мерзімде емделуі үшін мекемеде толық жағдай жасалған. Ең алдымен зейнеткерлерге ем алу кітапшасы толтырылып, жасы мен денсаулығына байланысты бөлмелерге жайғастырылады. Төрт мезгіл ыстық тағам ұсынылып, уақытылы тамақтануы қадағаланады.

Бұдан бөлек, зейнеткерлер үшін денсаулықты қолдау және оңалту бағдарламалары ұсынылады. Физиотерапия, массаж, дене шынықтыру жаттығулары және тыныс алу гимнастикасы, электромагнитті терапия орталығы, сумен емдеу орталығы, ЕДШ, дәрілік шөптер тұнбалары бар. Ал, ЕДШ кабинетінде инверсиялық орындық, жаттығу велосипеді, жүгіру жолы, массаж роликтері, пресске арналған роликтер қарастырылған.

Физиотерапия бөлмесінде — электрофорез, вибромассаж, миостимулятор, ингалятор, массаждық орындық, массаждық керует, аяқ массажеры және қолмен жасаж түрлері бар. Сонымен қатар, емделушілерге дәрігердің ем парағы бойынша парафин де тағайындалады.

Мұндай қызметтер арқылы зейнеткерлер денсаулығын нығайтып, белсенді өмір салтын сақтай алады. Қартаю процесін жеңілдетуге бағытталған бұл шаралар әрбір азаматты жеке тұлға ретінде қарастырып, оларға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*