6-11 қараша аралығында Шымкент қаласында өткен Орталық Азия елдерінің IX халықаралық театр фестивалі биыл Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына арналды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзірбайжан және Қазақстан театрлары қатысты. Фестивальде 9 үздік қойылым сахналанып, қазылар алқасы кәсіби деңгейде сараптама жүргізді. ...
Читать далее »Авторские архивы: Гульмира
ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚ ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ЖАҢАРТЫЛУДА
Шымкент дендросаябағы – қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Қалаға қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Мұнда бір мезгіл бой сергітіп, таза ауамен тыныстап қайтатындардың қатары көп. Бүгінде Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта демеушілердің қолдауымен бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылып, көріктендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Саябақтың кіреберіс қақпасы жанындағы аймақта қалалық әуежайдың ...
Читать далее »АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АЗАЙЫП КЕЛЕДІ
Жыл басынан бері Шымкентте 8 511 отбасының 44 342 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылардың саны 29,7 пайызға азайған. Мәселен, 2023 жылдың осы кезеңінде 12 108 отбасындағы 61 605 адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Бұл көрсеткіш жұмыспен қамту шараларының оң нәтижесін көрсетеді. 1-6 жас аралығындағы балаларға төленетін 1,5 АЕК көлеміндегі (5 538 тг) жәрдемақы биыл ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ҚОРЫТЫНДЫ ТЕКСЕРІС БАСТАЛДЫ
11 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситниковтың басшылығымен 2024 жылғы жазғы оқу кезеңінің қорытынды тексерісі басталды. Бірнеше күн ішінде әскери қызметшілер саптық, мемлекеттік-құқықтық, арнайы, атыс және дене шынықтыру даярлықтары бойынша сынақтар тапсыратын болады. Сонымен қатар, олар жалпыәскери жарғылар мен РХБ қорғаныс пәндерінен білімдері мен дағдыларын көрсетеді. Әрбір әскери қызметші тек ...
Читать далее »АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ЕСКЕРТУ ЖАСАУДАН БАСТАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен аппараттық мәжіліс өтті. Мегаполис басшысы жиынды мемлекеттік қызметкерлерді адал жұмыс істеуге шақырып, «халыққа құрғақ уәде беруді тоқтатыңдар» деп ескерту жасаудан бастады. Күн тәртібіне сәйкес қала әкімінің орынбасары С.Құранбек қоғамдық саяси ахуал туралы, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Дәрібаева мектепке дейінгі ұйымдардың жағдайы жөнінде, ал қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М.Керімжанов көпқабатты жатақханалардың ...
Читать далее »«ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ» – ҚАЛА МӘДЕНИЕТІН ЖАНДАНДЫРАТЫН ЖОБА
Шілде айынан бастап Шымкентте OPEN AIR форматындағы концерттік шаралар қала тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мереке мен қуанышқа айналды. Бұл шара 8 түрлі мәдениет үйінде ұйымдастырылды.Оның ішінде Сайрам тұрғын алабындағы өнерпаздар ордасы да бар. Мұнда «Шымкент концерт» ұжымының өнерпаздары қала тұрғындары мен қонақтарын көтеріңкі көңіл-күймен қуантты. Мегаполистің мәдени өмірін жандандыру және тұрғындардың өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіліп жатқан бұл ...
Читать далее »ҚАЗЫҒҰРТ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 3000 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Бүгін Тұран ауданы Қазығұрт шағын ауданында сенбілік ұйымдастырылды. Қала аумағын көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өткізілген жиынға қала тұрғындары мен Тұран ауданы әкім аппарытының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында 3 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Егілген көшеттер күздік маусымға арналған айлан, клен және ясин деген көшеттер. Аудан әкімінің орынбасары Аманжол Бекболдың айтуынша, алдағы уақытта бұл аймақ демалыс саябағы болады. — Сенбілік ...
Читать далее »Шымкент: Халықты МӘМС жүйесінде қамту жұмыстары күшейтілуде
Шымкент қаласында халықты МӘМС (мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінде сақтандыру және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар күшейтілмек. Тұрғындарды медициналық сақтандыруға байланысты күрделі мәселелер мен жауапты шешімдер қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың төрағалығымен өткен штаб отырысында кеңінен қаралды. Жиын барысында “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Ляззат Алимова атқарылып жатқан жұмыс барысы мен саладағы ...
Читать далее »ӨЗІ ДЕ, ҚЫЗЫ ДА – ПАРАҚОР АТАНДЫ!
Алпыстың асқарына көтерілген Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Айтмұхаметәлі Бердашев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты мен Түркістан облысы әкімінің еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Грамотасын алғанына бес жыл толар-толмас уақытында қызы Ұлжан екеуі ірі көлемде пара алғаны үшін сот үкімімен айыпты болып танылды. Тергеу барысында және сот ...
Читать далее »ОНЛАЙН САУДАДАҒЫ АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМДЕР: АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСІП ҚАЛМАҢЫЗ
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлының қатысуымен «Өңірдегі интернет-алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Алаяқтардың әрекетін тоқтату және алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары белсенді жұмыс атқаруда. Мәселен, аудандық құрылымдарға күнделікті алдын алу шараларын жүргізу тапсырылып, олардың нәтижесі қатаң бақылауға алынған. Сонымен қатар, 2024 жылдың 22 ...
Читать далее »