Шымкент дендросаябағы – қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Қалаға қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Мұнда бір мезгіл бой сергітіп, таза ауамен тыныстап қайтатындардың қатары көп. Бүгінде Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта демеушілердің қолдауымен бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылып, көріктендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Саябақтың кіреберіс қақпасы жанындағы аймақта қалалық әуежайдың ...
Читать далее »Ежедневные архивы: 11.11.2024
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АЗАЙЫП КЕЛЕДІ
Жыл басынан бері Шымкентте 8 511 отбасының 44 342 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылардың саны 29,7 пайызға азайған. Мәселен, 2023 жылдың осы кезеңінде 12 108 отбасындағы 61 605 адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Бұл көрсеткіш жұмыспен қамту шараларының оң нәтижесін көрсетеді. 1-6 жас аралығындағы балаларға төленетін 1,5 АЕК көлеміндегі (5 538 тг) жәрдемақы биыл ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ҚОРЫТЫНДЫ ТЕКСЕРІС БАСТАЛДЫ
11 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситниковтың басшылығымен 2024 жылғы жазғы оқу кезеңінің қорытынды тексерісі басталды. Бірнеше күн ішінде әскери қызметшілер саптық, мемлекеттік-құқықтық, арнайы, атыс және дене шынықтыру даярлықтары бойынша сынақтар тапсыратын болады. Сонымен қатар, олар жалпыәскери жарғылар мен РХБ қорғаныс пәндерінен білімдері мен дағдыларын көрсетеді. Әрбір әскери қызметші тек ...
Читать далее »АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ЕСКЕРТУ ЖАСАУДАН БАСТАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен аппараттық мәжіліс өтті. Мегаполис басшысы жиынды мемлекеттік қызметкерлерді адал жұмыс істеуге шақырып, «халыққа құрғақ уәде беруді тоқтатыңдар» деп ескерту жасаудан бастады. Күн тәртібіне сәйкес қала әкімінің орынбасары С.Құранбек қоғамдық саяси ахуал туралы, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Дәрібаева мектепке дейінгі ұйымдардың жағдайы жөнінде, ал қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М.Керімжанов көпқабатты жатақханалардың ...
Читать далее »