Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Авторские архивы: Гульмира (страница 46)

Авторские архивы: Гульмира

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІ ЖЕҢІС ШЫҢЫНАН КӨРІНДІ

Шымкент қаласында 2024 жылдың 22-25 тамыз күндері аралығында 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылдары туылған жасөспірімдер арасында «Олимпиада» бокс клубының ашық біріншілігі өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сайрам Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Додалы сайыста Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарынан және Өзбекстан Республикасынан келген 280-ге жуық былғары қолғап шеберлері бақтарын сынады. Халықаралық дәрежеде өткен жарысқа «Ақсу Жекпе-жек» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шәкірттері қатысып, ...

Читать далее »

ҚАРАБҰЛАҚТА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Аудан тұрғындарының көптен бері көкейінде жүрген жол мәселесі қазіргі таңда қарқынды қолға алынуда. Соның ішінде, Қарабұлақ ауыл округі, Шымкент қақпа көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары қалыпқа келтіріліп жатыр,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сайрам Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын көшенің ескі жол жамылғысы қырып алынған. Оның орнына асфальт тас төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XX СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XX сессиясы өтті. Жиын барысында бірқатар мәселелер қаралып, көтерілген мәселелердің барлығы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сессияға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Күн тәртібінде алдымен бес ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Абай ауданының әкімі Шәкір Сұлтанхан, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек, Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов және Тұран ...

Читать далее »

Шымкентте бірқатар стратегиялық нысан мемлекетке қайтарылады

Шымкентте су тарифтері тұрғындар үшін де, бюджеттік ұйым мен заңды тұлғалар үшін де бірнеше есе жоғары. Мысалы, Шымкентте тариф шамамен 97 теңге болса, Астанада бұл көрсеткіш 1,5 есе төмен, яғни 65 теңге. Ал, Алматыда тариф 55 теңге, Шымкенттен 2 есеге жуық төмен. Бұның себебін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов өңірлік коммуникацияларда өткен брифингте айтты. Айдын Мейрамбекұлының айтуынша, қаладағы жалғыз ...

Читать далее »

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІНДЕ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен мұқтаж азаматтарға тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шараны ұйымдастыруға медиатор-заңгерлер, медиатор-психологтар, Полиция департаментінің қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары белсенді атсалысты. «Ашық есік» күні әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға қолдау көрсетіп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды. ...

Читать далее »

Ж.ШАНИН ТЕАТРЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 95 ЖЫЛ ТОЛҒАНДЫҒЫ АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР АРҚЫЛЫ ДӘЛЕЛДЕНДІ

Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының тарихы 1929 жылдан басталатыны архивтік құжаттар арқылы толық дәлелденді. Осыған орай театр биыл өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығы» тақырыбында дөңгелек үстелде айтылды. Дөңгелек үстелге – Қазақстан жазушылар одағының Шымкент қаласы өкілдігінің басшысы Момбек Әбдәкімұлы, белгілі ...

Читать далее »

Шымкент: зейнет жасындағы ардагерлерге жыл сайын 5000 жолдама беріледі

Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева қарттарды әлеуметтендіру бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндады, деп жазады jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Шымкентте қазір 93 407 зейнеткер бар. Оның 2-і ҰОС ардагері, 1767-і тыл еңбеккері. Зейнет жасындағы ардагерлердің санаторлық-курорттық сауықтырумен қамту үшін қалалық мәслихаттың шешімімен жыл сайын 5 000 ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында Конституция күніне орай Бекзат тұрғын алабында қала тұрғындарының ұсынысына сай жаңа саябақ ашылды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, Бекзат секторы тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын саябақта тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған. ...

Читать далее »

ЖЕРЛЕСІМІЗ ГІР СПОРТЫНАН ОБЛЫС БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІ АТАҒЫН АЛДЫ

Қырғызстан елінің Ыстықкөл облысы, Ыстықкөл ауданы, Чолпан-Ата қаласында 21-25 тамыз аралығында гір көтеру спортынан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сайысқа 18 мемлекеттен 500-ге тарта спортшылар жиналып, гір тасын көтеру спорты бойынша өзара сынға түсті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған созақтық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыс нәтижесі бойынша, ...

Читать далее »

219 ТАПСЫРМАНЫҢ 190-Ы ОРЫНДАЛЫП, 27-І КЕЗЕГІН КҮТУДЕ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен бүгінгі мәжілісте бұл жөнінде Құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бексұлу Сүлейменова баяндады. Бұл тапсырмалар қала әкімінің шілде айында секторларда тұрғындармен өткен кездесуінде белгіленген болатын,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жауапты басшылар Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне жүктелген 92 тапсырманың 11-нің, Құрылыс бөліміне жүктелген 24 тапсырманың 11-нің орындалу сатысына тоқталып, ...

Читать далее »