Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЖЕРЛЕСІМІЗ ГІР СПОРТЫНАН ОБЛЫС БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІ АТАҒЫН АЛДЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ГІР СПОРТЫНАН ОБЛЫС БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІ АТАҒЫН АЛДЫ

Қырғызстан елінің Ыстықкөл облысы, Ыстықкөл ауданы, Чолпан-Ата қаласында 21-25 тамыз аралығында гір көтеру спортынан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Сайысқа 18 мемлекеттен 500-ге тарта спортшылар жиналып, гір тасын көтеру спорты бойынша өзара сынға түсті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған созақтық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарыс нәтижесі бойынша, жастар арасында серпе көтеруден 68 келі салмақта Баби Орынбасар мен жасөспірімдер арасында 58 келі салмақта Тілеген Өскен оза шауып, әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ Ергешбай Еркебұлан 58 келі салмақта жұлқа көтеруден жүлделі ІІ орынға тұрақтап, еліміздің мерейін үстем етті.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Жеңімпаз саңлақтарды спорт өнеріне баулып келе жатқан Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Мұрат Серікбаев Түркістан облысы бойынша тұңғыш Халықаралық дәрежедегі төреші атағын алып, бұған дейінгі жеткен жетістіктерін еселей түсті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*