Ордабасы аудандық орталық ауруханасының оқу секторы Сәулелі диагностика бөлімінің жоғары санат қолданбалы бакалавр менеджменті, аға мейірбике Г.А.Оразалиева мен Бас мейірбике М.А.Джасинбекова терапия және жұқпалы аурулар бөлімінің мейіргерлеріне ҚР ҰЭМ-ның 26.01.2015ж №32 бұйрығымен құрамында есірткі және психотропты прекуссорлар бар мемлекеттік дәрі-дәрмектермен жұмыс жасау қағидалары мен ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 23 маусым №144 бұйрығымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы семинар сабағын өткізді.
Сонымен бірге, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі А.Қ.Ержанова Төрткул БМСК-ның медицина қызметкерлеріне Конго қырым қанды қызбасы жайлы семинар өткізсе, аудандық орталық ауруханасына қарасты Бөржар және Шұбар БМСК-ның аймақтық мейіргерлері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы ақпараттық парақшалар таратып, аурудың алдын алу мен кене шаққандағы алғашқы белгілері жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы, Кененің сілекейімен бірге қанға түсетін вирустар аса қауіпті. Оның салдарынан адам кенелік энцефалит және Конго-Қырым геморрагиялық безгегін жұқтыруы мүмкін.
Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында көктем-жаз айларында кенелер жиі кездеседі.
Кене шаққан кездегі басты белгілер:
кене шаққан кезде адамның басы қатты ауырып, дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Тіпті, дене қалтырап, тері бөртіп қызаруы да мүмкін. Сондай-ақ бұлшықет ауырып, адамның тыныс алуы қиындайды. Адамның тамаққа деген тәбеті жоғалып, жиі шаршайды.
Кене шақса, не істеу керек?
Кененің негізгі қорегі – қан. Сондықтан бұл жәндіктер адамдар мен жануарларды қан сору үшін шағады. Ол адамды шаққан кезде, сілекейімен бірге қанға жұқпалы вирустар енуі мүмкін. Бұл – адам өміріне өте қауіпті. Тіпті адам өліп кетуі мүмкін. Теріге енген кенені бірден алып тастау оңай емес. Сондықтан дәрігердің көмегі қажет.
Егер дәрігерге қаралуға мүмкіндік болмаса, теріге жабысқан қауіпті жәндікке вазелин жағып немесе өсімдік майын құю керек. 5 минуттан кейін пинцет немесе жіп ілгегінің көмегімен кенені тартып аласыз. Бірақ өте сақ болуға кеңес беремізі. Қан сорып жатқан кенені тұмсық астынан жіңішке жіппен байлап, асықпай, кене мұртшаларын толық шығарғанға дейін ақырын тарту қажет
Егер кененің басы толық шықпай теріде қара дақ түрінде қалып қойса, бірден дәрігерге бару керек. Қауіпті жәндікті теріден алған соң, оның орнын йодпен немесе спиртпен зарарсыздандырған жөн. Сондай-ақ қолды мұқият жуып, оны йод немесе спиртпен сүрту керек. Өйткені кене қан сорған кезде оның жұқпалы вирустары денеде қалып қою мүмкін.
Осыдан соң, адамның 3 апта бойы өз денсаулығына мұқият болғаны жөн. Аурудың белгілері анықталған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) бірден дәрігерге тексерілуі қажет!