Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Ақжайық» музыка мектебінде қаланың ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында қала әкімі ақсақалдарға құрмет білдіріп, олардың Түркістанның өсіп-өркендеуіне, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың нығаюына, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге қосып келе жатқан сүбелі үлестерін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалар мен алдағы кезеңге жоспарланған бастамалар жөнінде жан-жақты баяндады.
Қала басшысы Түркістанды дамыту жолындағы жұмыстарда ел ағаларының ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесінің маңызы зор екенін жеткізді.
Жиын барысында ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері ұсыныс-пікірлерін айтып, қала өміріндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Өз кезегінде қала әкімі көтерілген бастамалар мен орынды ұсыныстарды алдағы жұмыстар барысында жан-жақты қаралып, тиісті деңгейде назарға алынатынын атап өтті.
Кездесу — еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар қаланың қоғамдық өміріне қатысты өз ойларын ортаға салды. Мұндай басқосулар жергілікті билік пен қоғам өкілдері арасындағы өзара байланысты кеңінен нығайтып, Түркістанның одан әрі тұрақты дамуына бағытталған ортақ мақсаттарды айқындауға мүмкіндік береді.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары