Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » САЙРАМНЫҢ ТӘТТІ ӨНІМІ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛАДЫ

САЙРАМНЫҢ ТӘТТІ ӨНІМІ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Наурыз-5» кәсіпорны алғаш рет Қытайға өнім экспорттауға дайындалуда. «Korkem» брендімен танылған отандық өндіруші табиғи шырындар мен тосаптарды шетел нарығына шығармақ.
Возможно, это изображение текст
Кәсіпорын басшысы Джурат Игембаевтың айтуынша, қытайлық серіктестермен жасалған алғашқы келісімшарт аясында төлем қаражаты түсіп үлгерген. Енді алдағы күндері өнімдер Қытайға жөнелтіледі. Шетелдік мамандар әсіресе өнімнің табиғилығы мен дәмдік сапасына жоғары баға берген.
Ақсукент ауылында орналасқан өндіріс орнында бүгінде томат пастасы, кетчуп, тосап және жеміс шырындарының 60-қа жуық түрі шығарылады. Зауыт жылына 2400 тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы және 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Возможно, это изображение текст
Кәсіпорын негізінен Сайрам ауданында өсірілген жеміс-жидек пен көкөністі өңдейді. Өндірушінің айтуынша, өнім құрамында химиялық қоспалар қолданылмайды. Шикізат жергілікті шаруалардан сатып алынады, ал өндіріс барысында тазалық пен сапа талаптарына ерекше көңіл бөлінеді.
Қазіргі таңда кәсіпорын Қытаймен қатар басқа да шетелдік нарықтарға шығу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Жақын уақытта Моңғолиядан келетін мамандар өнім сапасымен танысып, ынтымақтастық мәселесін талқыламақ.
Нет описания фото.
Барлық өнім МемСТ талаптарына сәйкес сертификатталған. Мамандар мұндай өндірістер ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытып қана қоймай, өңір экономикасының өсіміне және қазақстандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға үлес қосатынын атап өтеді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*