Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » Түркістан облысына ҚР ІІМ-нен арнайы тексеруші топ қызметтік іссапармен барды

Түркістан облысына ҚР ІІМ-нен арнайы тексеруші топ қызметтік іссапармен барды

Түркістан облысындағы «Цифрлы Қазақстан», «Цифрлы полицей» мен «Полицияның сервистік модельге көшуі» негізінде жүргізіліп жатқан цифрландыру бағытындағы жұмыстарды бақылау мақсатында, ҚР ІІМ мен басқа да мемлекеттік органдардың арнайы тексеруші тобы (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҰҚК, Бас прокуратура, Қаржы министрлігі және т.б) ІІМ-нің орынбасары Сәкен Сәрсеновтың басшылығымен өңірге іссапармен барды, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
ІІМ-нің өкілдері бірінші кезекте полиция департаментінің Жедел басқару орталығына келіп, мұндағы цифрлық шешімдердің орындалуын тексеріп шықты. Облыс жолдарындағы, білім беру орындары мен бала бақшалардағы бейнекамералардың іске қосылуына байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен жіті танысты. Одан әрі департамент қолданысындағы соңғы үлгідегі цифрлық технологиялар, көліктердің жұмысын бақылады.
Сондай-ақ департамент қызметкерлерінің сандық технологияны меңгеріп, қағазбастылықтан арылу бойынша жасап жатқан қызметтерін қарап шықты. Яғни тергеу саласының, криминалистердің, кадр мен басқа да құрылымдардың цифрландыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарын пысықтады.
Облыс тұрғындарына қолайлы, ашық болу мақсатында ашылған сервистік орталықтың жұмысымен танысып, қолданысқа жаңадан енген ІІМ-нің бағдарламаларының қолданылуын тексерді.
Одан әрі делегация халыққа қызмет көрсету орталығына, одан әрі Кентау қаласындағы полиция бөлімі кіші жедел басқару орталығының жұмысын бақылады. Жалпы облыстағы полицейлердің жаңа технологиялармен қамтамасыз етіліп, қолдануын тексеру шарасы Шымкент қаласында жалғасты. Мұнда тексеруші топ Қылмысты атқару жүйесінің Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша департаментінің жұмысын тексерді.
«Цифрландыру – қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ауқымды реформаның негізгі құрамдас бөлігі. Яғни полицияның күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану – Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл жұмыс ең алдымен заңдылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын сақтауға және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тиімділігін арттыруға бағытталған», — деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Бірнеше өңірде полицияның сервистік моделі пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Келесі кезең – оның ауқымын кеңейту. Бұл жұмыстың табысты болуы көбіне жергілікті билік органдарының осы үдеріске қатысуына байланысты болады. Олар жаңа жобаның мән-маңызын түсініп, полицияға қолқабыс етуі тиіс» дей отырып, Үкіметке полицияның сервистік моделінің тұжырымдамасын іске асыруды жүктеген болатын. Осыған орай, 2021 жылғы 12 қарашада Түркістан облысының сол кездегі әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөнінде ведомствоаралық топ құрылды.

Ведомствоаралық топ құрамына полиция, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, прокуратура, әкімдік қызметкерлері және қоғамдық кеңес өкілдері енгізілді. Бұл жобаның мақсаты, біріншіден, жұртшылықтың және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін нақты аумақтарда құқықтық тәртіп пен заңдылықты қолдау жөніндегі жаңа тәсілдері мен шешімдерді әзірлеуге тарту, қылмыстар мен өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде бірлесіп шаралар қабылдау, екіншіден, құқықтық тәртіпті, сондай-ақ халықтың билікке деген сенімін қамтамасыз ету мәселелерінде азаматтық қоғаммен мемлекеттік органдар арасындағы әлсіз байланыстың себептерін анықтау, қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп анықтау және оны шешу үшін жергілікті қоғамдастықпен тұрақты сенімді қарым-қатынастар орнату, пилоттық аудан базасында жинақталған тәжірибені жақсарту үшін жағдайлар жасау.

Талдаудың мақсаты негізінен, аумақта қауіпсіздіктің нашарлауына себеп болатын қиындықтар мен себептерді анықтау, қиындықтарды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды жергілікті атқарушы органға және басқа да мүдделі органдарға тиісті шешімдер қабылдау үшін ұсыну болып табылады. Талдау тапсырмалары заманауи әдістерін пайдалана отырып, бағынышты аумақта құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтаудан, бағынышты аумақтағы қауіпсіздік мәселелері бойынша жергілікті қоғамдастықтың пікірін зерделеуден, проблемаларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жергілікті қоғамдастықты тарту және жергілікті атқарушы органға және мүдделі мемлекеттік органдарға одан әрі іске асыру үшін әзірленген ұсынымдарды беруден тұрады.

Жалпы, бұл тәсіл алғаш рет 2019 жылы пилоттық жоба ретінде Қарағанды қаласында енгізілген. Аталған тәсіл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қылмыстардың санын төмендетуге ықпал етіп, өзінің оң нәтижесін берген. Осыған байланысты жобаны республика көлемінде енгізуге шешім қабылданды. Бүгінгі күнгі саралаудың нәтижесінде ең көп орын алған қылмыс түрі «ұрлық пен алаяқтық» болып отыр.

Ал, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілінің айырмашылықтарына келер болсақ, қолданыстағы тәсілде қоғамның қауіпсіздігі үшін тек қана құқық қорғау органдары жауап береді деген психология қалыптасқан. Сервистік тәсілде қоғамның қауіпсіздігі үшін жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, бизнес қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдар, қорлар, кәсіподақтар, университеттер, бәрі-бәрі жауапты. Қолданыстағы тәсілде азаматтардың полицияға сенімі Қазақстанда 38,3 пайызды құраса, сервистік тәсіл дамыған елдерде, яғни Батыс Еуропада бұл көрсеткіш 70-80 пайызды құрайды. Демек, сервистік тәсілді енгізу қалай болғанда да тиімді деген сөз!

Айта кетейік, әлемде сервистік полицияның бірыңғай моделі жоқ, бірақ ортақ қағидаттар бар – бұл танымалдық, қолжетімділік, тілектестік, ашықтық және есептілік. Бұл қоғамның заманауи қажеттіліктері. Бұл үміттерге сәйкестік дәрежесі көбінесе биліктің өзара іс-қимылы мен сенім деңгейін анықтайды. Әрине, басты мемлекеттік орган – полиция. Дәстүрлі және сервистік полицияның айырмашылығы неде? Дәстүрлі полицияда басты мақсат қылмысқа қарсы күреске бағытталған, ал басқару стилі орын алған құқық бұзушылықтарға ден қою болып табылады. Тиісінше, қылмыс пен құқық бұзушы объектілерге айналады, ал көрсеткіштер – айыппұлдар, қамауға алу және айыптау түріндегі жазалау шараларының саны. Сервистік модельде миссия қауіпсіздік сезімін қамтамасыз етуде және құқық бұзушылықтардың алдын алуды құрайды. Мұнда азаматтар мен қауымдастықтар басты назарда болады, ал тиімділік көрсеткіші — халықтың полицияға деген сенімі мен қылмыстар санының азаюы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*