Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам

Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсеткендей,  қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығының бұзылуының бірі – әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың орын алуы. Зорлық-зомбылыққа жол бермеуіміз керек. Зорлық-зомбылық – бұл әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді. Отбасы мен қоғамның арасындағы байланысты әлсіретіп, еліміздің әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамуға қол жеткізуге жол бермейді.

Бүгінгі таңда мәселенің түп-тамырын табу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептерін анықтау маңызды екені күн сайын айтылуда. Бұл тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес, аталған мәселеге әлеуметтанушыларды, сарапшыларды, психологтарды және мемлекеттік органдарды тарту қажет.

Түркістан қаласында мектеп оқушыларының арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Алайда бұл мәселе шешімін тапты дегенді білдірмейтінін әсте естен шығармағанымыз абзал. Бұл шара тұрақты түрде іске асырып отыруды қажет етеді. Осы тұрғыда ата-аналар назарына аталмыш мәселенің алдын алу жұмыстары бойынша кеңес ретіндегі жазбаны ұсынамыз.

Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Бала өз ата – анасының тәрбиесін алуға, өз қызығушылықтарын жан – жақты дамуын қамтамасыз етуге құқылы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны үшін шара қолдануды қамтиды.
Зорлық – зомбылық тақырыбы мектепте тәрбие сағаттарында қаралып, ата-аналар үй жағдайында баласының қатеріне сала отырып, оқушыларға зорлық – зомбылық туралы мағлұмат беруі, ол адамның ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп отыруы қажет. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір
салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әсіресе, өмір жағдайында түрлі соққылар, зорлық – зомбылық жағдайы көп кездеседі. Балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Адамға зорлық көрсетудің екі түрлі жағы бар. Олар: Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Көп уақытта балалардың өміріне балта шаппау мақсатында, олардың кішігірім қылмыстарын жауып тастауға, ешкімге айтпауға тырысамыз, бірақ, қазіргі қоғамның қажеттілігі сол жағдайлардың айтылып, оқушының түпкілікті бақылауға алынуын қажет етеді.
Осы оқу жылындағы педагог-психологтың құрылған жоспар бойынша 8-11 сынып оқушылар арасында өткізілген «Зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбындағы сауалнамаға 51 оқушы қатысты. Ал аудандық прокуратураның жасақтаған сауалнамасына 2-8 сынып оқушылары арасында 76 оқушы қатысты. Алынған сауалнамалар қорытындысы бойынша ешбір оқушыға мектептегі құрдастарынан, мұғалімдерінен, үй жағдайында зорлық жасалмағаны анықталды. Алдағы уақытта педагог-психологтың жоспарында әлеуметтік педагог, сынып жетекшілермен бірігіп өткізілетін «Балаларымыздың қауіпсіздігі біздің қолымызда» тақырыбында шаралар жоспарлануда.
Азаматтық – патриоттық тәрбие мен зорлық – зомбылық екеуін қатар қарауымыз керек. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу болса, бүгінгі қоғамда жас ұрпақтың бойында зорлық – зомбылық жасауына жол бермеу, өзін – өзі қорғай білуін қалыптастырудың, оқушыларға осы патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елін сүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз деген сөз.

Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық қаржылық қиындықпен, ішімдікке әуестікпен және нашақорлықпен, әйелдің материалдық жағдайымен тікелей байланысты.
Отбасы аясында жасалатын құқық бұзушылықтардың құқықтық және әлеуметтік аспектілерін талдау кезінде тұрмыстық қақтығыстар саласындағы негізгі қиындық пен қарсылық жәбірленушінің өз жағдайын ауырлатудан қорқып, зорлық көрсеткен адам жөнінде айтқысы келмеуі деген қорытындыға келуде. Көбінесе олар өздері үшін қорқып, үнсіз қалады.
Сонымен қатар, заңнаманың соңғы өзгерістеріне сәйкес, полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің мәлімдемелік сипатына емес, анықтау сипатына көшті. Тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталды, әкімшілік және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 73- бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болған кезде олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, бұл үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Кейбір елде зорлық көрсетушілерге олардың мінез-құлқын түсінуге, қайта зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектесетін тиісті бағдарламалар бар. Мұндай елдер мемлекеттік қаржыландыру шеңберінде зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін коммерциялық емес ұйымдарға қаржылық қолдау, заңгерлік көмек, кеңес беру және баспана ұсынуда. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары әйелдер мен балаларға арналған мамандандырылған дағдарыс орталықтарына жүгіне алады. Онда оларға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*