Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Діни экстремизм идеологтары

Діни экстремизм идеологтары

Қазіргі әлемде күдікті жаңа діни бағытты насихаттайтын діни ағымдар жоқ деп айта алмаймыз. Діни экстрмизмнің жіктері мен идеологиясын білгеніміз дұрыс.

Діни экстремизм – мемлекеттік құрылымды өзгертуге бағытталған әрекет, мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзу. Саяси мақсаттардың соңына түсу – діни экстремизмнен діни-саяси экстремизмді ажыратуға мүмкіндік береді.

Діни-саяси экстремизм — діни жорамал, не ұрандармен көмкерілетін немесе тасаланатын саяси әрекеттің заңға қарсы түрі болып есептеледі.

Өздерінің мақсаттарына жету үшін күресудің күш қолданатын тәсілі – діни-саяси экстремизмнің ерекшелігінің қыры. Діни-саяси экстремизм әлеуметтік-саяси мәселелерді шешу жолында келісімге, ымыраға келу, тіпті бітімгершіл мүмкіндіктерді теріске шығарады.

Діни-саяси экстремизмнің жақтастары, бірдей сенімдегілерді қосқанда, бұлардың саяси көзқарастарын ажыратпайтындардың бәріне қатынасы өрескел төзбестікпен айрықшаланады. Олар үшін ешқандай да «саяси ойын ережелері», рұқсат етілген мен етілмегеннің шекарасы болмайды. Мемлекеттік институттармен майдандасу – олардың мінез-құлқының стилі.

Назарларыңызда болғаны жөн.

Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діни ағымдар.

Құраншылар алғашқы іс-әрекетін ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында бастады. Құраншылар идеологиясының негізі алғаш рет Үндістанның Солтүстік бөлігінде (қазіргі Пәкістан жерінде) болды. Құраншылар атауы жөнінде әртүрлі пікірлер білдіреді. Кейбір ғалымдар оларды «Құраншылар» деп атауға болмайды, себебі бұл атау Құран Кәрімнің үкімдері мен ережелерін толығымен орындайтын топ деген мағынаны береді деп топшылайды.

Құраншылар Ислам тарихында Құранды рацоналдық жолмен түсіндіруді дәріптеді. Осының негізінде құраншылардың ішкі бөлігінде пайда болған хауариждер, мұхтазила, муржия, шийіттер сияқты ағымдардың пайда болуына алып келді. Бұл ағымдар Ислам үкімдеріне және сенімдеріне қауіп төндіріп отыр.

Құраншылар өздерінің идиологиясында Құранды тек ақылмен түсіндіруді дәріптей отырып ақылды Құран нақылдарынан жоғары қойды. Құраншылар идеологиясының негізін қалаушы Мырза Ахмед Хан болды. Оның толық есімі Саид Ахмед Хан ибн Ахмед Мирулмуттақа ибн Имад Әл-Хусайни. Ол Ислам ғұламаларының дәстүрлі ұстанымына қайшы ұстанымды қалыптастырды. Сөйтіп хадисті қабылдауға мүлдем орындалмайтын шарттар қойып, көптеген хадистерді жоққа шығара бастады.

Құранның тәпсірін жасауда көптеген Исламның дәстүрлі қалыптасқан ережелері мен ұстанымдарына қайшы пікірлерді алып келді.

Құраншылар бағыты жалпы Исламның дәстүрлі ұстанымдары мен ережелеріне жауап бермейтіндігімен ерекшеленеді. Себебі Ислам тарихында мұсылман қауымы Пайғамбар сүннетін ерекше бағалап, ұстанумен келеді.
Құраншылардың ең негізгі дәстүрлі ұстаным мен идеологияға қайшы келетін пікірі: «Дін мен шариғаттың үкімдерін баяндап, бекіту үшін сүнниттің ешқандай керегі жоқ, Құранның жалғыз өзі жетіп артады» деп топшалайды.
Осылайша ислам әлеміндегі дәстүрлі дін ұстанушылары арасында түрлі кереғар ойлар қалыптастырады.

Қазақстанның байырғы дәстүрлі дін ұстану жолы Ислам діні, Сүнниттік бағыт пен Имам Ағзам мазхабы.

Жастар арасында діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуы.

Идеологиялық жоспарда экстремизм — барлық өзге бір ойларды терістеу, жек көру, тіпті оған қысымшылық жасау, өздерінің саяси және діни көзқарастар жүйесін қатаң және баламасыз түрде тұжырымдау, көшбасшысының бұйрықтарын орындау мен оған бағынуды қалыптастыру және оны табынуға айналдыру сияқты әдіс амалдарды қолданады.

Діни экстремизмнің алғы шарттары негізінде жалған діни секталар мен ұйымдар халықтың әлеуметтік осал топтарының жағдайында, әсіресе жастарды пайдалануға тырысады.

Діни терминдерді үстірт және шектеулі түрде түсінуден экстремистердің түсіндірмелері адасуға апарады, мысалы, «ислам», «күпір»-сенбеушілік, «ширк»-көпқұдайлық, «иман»-сенім, «мұнафық»-екіжүзділік, «джахилидік»-білімсіздік, «жиһад»-күрес және т.б. түбегейлі ұғымдарды талқылау мен оларды бұқаралық түрде сауатты түсіндіруге тырыспайды. Керісінше, өздерінің мүшелерін, оның ішінде жаңадан қабылданған жастарды оқшау ұстау, өзге діндарлармен қарым-қатынасын шектеуді мақсат тұтады. Осылайша жалған діни ағымның фанатына айналғанша түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.

Қазақстанда дәстүрлі ислам дінін насихаттайтын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның жергілікті филиал – мешіттері жұмыс жүргізеді. Дінге қатысты көкейде жүрген қандай да болмасын сауалдардың жауабын алушы аталған мешіт қызметкерлеріне жүгінген жөн. Бұл кімнің де болса да, әсіресе жастардың псевдодіндердің жетегінде кетпесіне тосқауыл болары анық.

Жат құндылықтарды таратушы деструктивті діни ағымдар.

Дәстүрлі емес батыстық және шығыстық діни ағымдардың жан-жақты дамытылған діни ағарту жолындағы практикасы зор дамыған. Қазіргі уақытта дінді саяси мақсатта пайдалану арқылы қарусыз елді жаулап алудан бастап, елді екіге, үшке немесе одан да көпке бөлудің түрлі бағдарламаларымен қандай да болмасын елдің әлеуметтік-экономикасын құлдыратуға болатындығы жасырын емес.

Олардың қай-қайсысы болса да бірінші кезекте өздерінің жолын насихаттайтын діни әдебиеттер мен техникалық құралдары, насихатшы кадрларын жібереді.

Дәстүрлі емес діндердің үгіт-насихат жұмыстарының бірқатар әдістер мен формаларын атап өткіміз келеді:

— дәстүрлі емес діні ағымдардың өз әдебиеттерін жариялауы және таратуы;

— дәстүрлі емес діни ағымдардың көпшілік және діни орындарда жүргізетін ауызша үгіт-насихаттары;

— дәстүрлі емес діни ағымдардың азаматтарды өз қатарына тарту үшін жүргізетін қайырылымдық жұмыстары;

— дәстүрлі емес діни ағымдардың өз мүшелерінің мүлкін, қаражатын діни ағымдардың мақсаты үшін жұмсауға көндіруі;

— дәстүрлі емес діни ағымдардың кітапханалар, асханалар, тіл үйрену орталықтары сияқты орындар ашуы;

— дәстүрлі емес діни ағымдардың жергілікті тұрғындардан өздеріне берілген кадрлар даярлау, оларды оқыту, тәрбиелеу;

— дәстүрлі емес діні ағымдардың әртүрлі интернет ресурстарды пайдалануы.

Осындай немесе осыған ұқсас үгіт-насихат жұмыстарды Ислам бағытындағы теріс ағымдар мен дәстүрлі емес христиандық бағытындағы діндер жүргізіп келеді.

Сондықтан дін ұстану барысына бірінші кезекте дәстүрлі дін өкілдеріне, яғни, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жергілікті мамандарына жүгінген жөн.

Қоғамдағы радикалды діни ағымдар.

«Хизб-ут-Тахрир» өзін «әлемдік халифат» құруды көздейтін саяси партия ретінде көрсетеді. Ол үшін әлемнің түрлі елдерінде діндар адамдар арасынан жақтастар тартумен айналысатын жасырын бастауыш ұйымдар жұмыс жүргізгендігі белгілі.

«Хизб-ут-Тахрир» идеологиясы зайырлы үкіметке қарсы қарулы күреске де рұқсат етеді. Аталған ұйым Ресейде, Пәкістанда, көптеген араб мемлекеттерінде, Еуропа, Оңтүстік Шығыс және Орта Азия елдерінде лаңкестік ұйым ретінде заңмен қудаланады. Қазақстанда «Хизб-ут-Тахрир» қызметі 2005 жылдың наурыз айында Астана қаласының сотымен экстремистік деп танылып, тыйым салынған.

Сол уақыттан бері құқық қорғау және арнайы органдар оның бірқатар басшысы мен белсенділерін қылмыстық жауапкершілікке тартты. Олардың арасынан бірқатары экстремистік идеологиядан өз еркімен бас тартты.
Хизб-ут-Тахрир» Исламның азаттық партиясы (мұсылман бауырлар) ағымынан бөлінген ұйым. Ол палестиналық Тақиюддин Набхани деген адамның басшылығымен 1953 жылы Сирияда алғаш рет пайда болса да бүгінде ол елде заңды түрде тиым салынған ұйымдар қатарында. Этникалық және конфессиялық төзімсіздікті таныта отырып, дiни араздықты тұтататын «Хизб-ут-Тахрир» партиясы әлемнің 40 елінде таралған және көп елдерде тиым салынған. Экстремистік сипатына байланысты исламдық емес деп танылды.

Діни экстремизм мен радикализм идеологиясына халықтың иммунитетін қалыптастыру.

ПСЕВДО ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ — Діни құндылықтарды жамылып, дінді сақтауды желеу етіп, өзінің саяси мақсаттарына қол жеткізу жолындағы саяси әрекет. Псевдодіни экстремизмнің негізінде өз идеяларын түсіндіру, оған жаңа мүшелерді тарту, әсіресе жастарды тарту жолымен жүреді.

Алдымен олар өздеріне қажетті адамдарды қоғам ішінен ұзақ таңдайды. Олармен танысып, өз әрекетіне тартады. Оларға діннің мәнін түсіндірген болады. Сол үшін түрлі астыртын жиындар мен жиналыстар, кездесулер өткізіп отырады. Оларда қызу пікірталастар жүргізеді. Жаңа мүшелерге жәрдем береді. Діни бауырмалдылық идеясын насихаттайды. Оларға өз әдебиеттерін беріп, өз идеяларына толықтай өткізеді. Басқа діндерді жамандайды. Өмір сүріп отырған қоғамдық құрылысты айыптайды, оған қарсы күрес қажеттігін негіздейді. Содан кейін барып мүшелерімен түрлі әскери жаттықтырулар өткізе бастайды. Осылай жаңа мүшелерін қаруландырып, күреске дайын етеді. Олардың насихаты ымырасыз келеді. Діни экстремизмнің дінге ешқандай қатысы жоқ, тек оны жамылғы етеді.

Бұл жағдайда жастардың псевдо діндердің идеологиясынан сақтандыру шараларын, оның ішінде түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында өңірлердегі ақпараттық түсіндірме топтарының сапалық құрамы пысықтап, оларды базалық әдебиеттермен қаруландыруды жүзеге асырып отыру қажет.

Дін атын жамылған зорлықшыл экстремизм халықаралық терроризмнің идеологиясы.

 «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» — бірден-бір қауіпті халықаралық террористік ұйым.

Басқа атауы: «Исламское движение освобождения Узбекистана», «Партия исламского возрождения».

Құрылған жылы: 1996 жыл.

Негізін қалаушы: Тахир Юлдашев, 2001 жылға дейін әскери топтың басшысы Жұма Ходжиев (Намангани) болған.

Басты мақсаты: Ферғана жазығында ислам мемлекетін құру. Олар «Аль-Каеда», «Талибан», «Хизб ат-Тахрир», «Братья-мусульмане» және т.б. ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Ұйым көшбасшылары елдің конституциялық құрылысын қиратып, исламдық мемлекет құруды көздейді. 1999-2002 жылдары біздің елімізде Өзбекстанда іздеу жарияланған қозғалыстың 13 жауынгері мен мүшесі ұсталды.

Өзбекстанда және басқа ТМД елдерінде лаңкестік діни ұйымдарды қалыптастыруды мақсат қойған шетелдік клерикалды орталықтармен бағытталады және демеушіленеді. Жақын арадағы мақсаттар: диверсия жасау, террорлық актілер, әскери актілерді жоспарлау және жүргізу, шекараларды арандату, кепілдікке ұстау арқылы Өзбекстандағы ішкі саяси жағдайды тұрақсыздандыру.

Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешімімен Қазақстан Республикасында тиым салынған.

Халықаралық тиым салынған террористік ұйымдар.

Халықаралық тиым салынған террористік ұйымдар қатарындағы «Аль Каида» ұйымына Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде тиым салынған.

Атышулы «Аль-Каида» ұйымының басты мақсаты — исламдық және көптеген исламдық емес мем­лекеттердің аумақтарын бірік­тіретін, утопиялық мемлекет орнату арқылы бүкіл әлемде исламдық тәртіпті орнату.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесімен «Аль-Каида» террорлық ұйым деп танылған. Бұл ұйымға АҚШ, Батыс Еуропа елдерінде, Ресей және Өзбекстанда тыйым салынған. «Аль-Каида» және «Каида», «База», «Ислам әскері», «Еврей мен крестоностарға қарсы дүниежүзілік жихад ислам майданы», «Киелі жерлерді азат ету Ислам әскері», «Усама бен Ладен ұйымы», «Ислам құтқару қоры», «Киелі жерлерді қорғау тобы» ұйымдары қаржылық мүмкіндік­тері бар лаңкестік ұйым болып саналады.

«Аль-Каида» ұйымы ең ірі террорлық актілерді жасаған. Мысалы 1998 жылы 7 тамыздағы Кенияның Найроби және Дар-эс-Салам қалаларында (Танзания) американдық елшіліктегі жарылыстар, 2000 жылы қараша айында Йеменде «Коул» американдық эсминціне жасалған шабуыл, АҚШ-та 2001 жыл 11-қыркүйектегі атышулы террорлық актіні айта аламыз.

Сіз үшін бұны білген дұрыс.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*