«Хизб-ут-Тахрир»-халықаралық экстремистік саяси-діни ұйым. Ұйым Сирияда пайда болды делінеді.
«Хизб-ут-Тахрир»-Исламның азаттық партиясы (мұсылман бауырлар) ағымынан бөлінген ұйым. Ол палестиналық Тақиюддин Набхани деген адамның басшылығымен 1953 жылы Сирияда алғаш рет пайда болса да, бүгінде ол елде заңды түрде тыйым салынған ұйымдар қатарында. Этникалық және конфессиялық төзімсіздікті таныта отырып, дiни араздықты тұтататын «Хизб-ут-Тахрир» партиясы әлемнің 40 елінде таралған және көп елде тыйым салынған. Экстремистік сипатына байланысты исламдық емес деп танылды.
«Мұсылман бауырлардың» бағыт-бағдарына 1950 жылдары Сейіт әл-Кутб өзгерістер жасап, ұйым радикалды сипат алған. Ұйымның негізгі мақсаты — қоғамды мұсылмандандыру, мұсылман емес өкіметтік құрылымдарды жойып, халифаттық режимдегі билік орнату.
«Мұсылман бауырлар» ұйымының құрылтайшылар комитетінде 20-дан аса адам басшылықта отыр. 1940-1950 жылдары Египетте саяси өлтіру әрекеттерін бастап, 1954 жылы осы елдің Премьер-министрі Г.Насерға қастандық жасады. 1981 жылы Израильмен достыққа қол қойған Египет президенті А.Садатты өлтіру үшін қастандық ұйымдастырды. Ұйым сол жылдары Ауғанстанда әрекет етіп жүрген ислами экстремистік топтарға белсенді қолдау көрсетті.
Бірнеше рет Египет Президенті Х.Мубаракқа қастандық жасады.
Елімізде бұл ұйымдардың қызметіне сот шешімімен тиым салынған.
Әлемге төнген қауіп: Діни фанатизм мен радикализм.
Секта — беймаза күйдегі адамның әлеуметтік қауіпті ортада адасуы. Оның түрлері өте көп. Дін атын жамылып, өдерінің пайдаларының ұпайын арттыруды, қаржы табуды көздейтін секталар жөнінде ғаламтордан алынған ақпараттарды атап өтуге болады.
«Орден Храма Солнца» (Күн Шіркеуінің Ордені) –1984 жылы неонацист, бельгиялық Люк Жур негізін қалаған. Ғылымға сәйкес астрология, алхимия, мистика, иога мен кабалистика қоспасы ретіндегі жер апокалипске қайтымсыз түрде жақындап келеді. Бірақ, өлім деген мүлде жоқ, ол жай бұлыңғыр сағымнан басқа ештеңе де емес. 1995 жылы 22-желтоқсанда Францияның Альпілерінде, Греноблден қашық емес жерде «Орден Храма Солнценің» (Күн Шіркеуі Орденінің) 16 жақтаушысының, оның ішінде 3 кішкентай балалардың жаппай өзін-өзі жағу салты болды. Кейбір құрбан болғандар басына атып өлтіріліп, содан кейін барып отқа орануға берілді.
Бхагавана Шри Раджниш (Ошо) сектасы. 1966 жылы Раджниш университетті тастап джайнизмнен, тантризмнен, дзен-буддизмнен, дауосизмнен, суфизмнен, психоанализмнен және т.б. үзінді болып табылатын осылардың қоспасынан тұратын өзінің ілімдерін уағыздай бастады. Раджништің «діннің» басты ереже постулатында: «Құдайды сүй, және өзіңнің қалағаныңды істе» деп айтылған. Ең көп тараған жері АҚШ. Раджништің тап өзі 1984 жылы Далласта жүздеген адамдарды сальмонелл бактериясының көмегімен уландырған деген болжам бар. АҚШ-нан жер аударылған соң Раджниш өзінің ізін жалғастырушылар бар жерге тоқтағысы келді, бірақ 21 ел оған кіруге тыйым салды.
Заңсыз діни насихаттау және миссионерлік қызметтер.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шет елдік миссионердің белсенді қызметі арқасында протестанттық ағымдардың іс-әрекеттері байқала түсті. Елімізде дәстүрлі емес культтер қатары өсті.
Саентология шіркеуі АҚШ-та ХХ ғасырдың 50-ші жылдары пайда болды. Негізін салушы Лафайет Рон Хаббард (1911-1986). Ол өз ілімін «Динаетика: ақылды ойдың саулығы туралы бүгінгі заманғы ілім» атты еңбегінде қорытындылаған.
Саентология шіркеуінде бес құпия діни рәсімдер бар. Олар: ат қою, қасиеттілік, үйлену, жерлеу рәсімдері, насихат айту. Саентология шіркеуінде табыну заты жоқ.
Діни рәсімдерінде крест, үшбұрышты АРО және ЗОК қолданады. Шіркеу мүшелері төмендегідей негізгі категорияларға бөлінеді: келушілер, преклирлер, клирлер және ОТ. Олардың дәрежесі Көпір үстіндегі адамның рухани толық еркіндігі бойынша белгіленеді.
Саентология шіркеуінде священниктің төрт түрі бар: одитор, кейссупервайзер, капеллан. Л.Р.Хаббардтың көптеген еңбектері саентология оқуының әр түрлі аспектілерін танытады. Оның кітаптары негізінен саентология мен дианетикаға арналған. Бірінші топқа: «Дианетика: рухани денсаулықтың заманауи ілімі», «Өмір динамикасы», «Өзіндік анализ», «Дианетика: ілім эволюциясы», «Дианетика — 55» және т.б. жұмыстар жатады.
Саентология дінге жатпайды, ол дәстүрден тыс негізде өктемдікпен адамды баурап алатын жеке тұлғаның арқасында дүниеге келген культ.
Діни фундаментализм мен радикализм.
Бұл тақырыпта қазіргі әлемдегі өркениеттер арасында түсінбеушіліктер өте көп, саяси идеология ретінде діннің атын жамылған деструктивті діни ағымдар қоғамда көрініс беріп қалатыны да жоқ емес. Осы орайда, қазіргі қоғамдық пікірде фундаментализмді ислам дініне телуге мүдделі пікірлер жиі естілетін болса да, дінді саясиландыру тек мұсылмандарға қатысты құбылыс еместігі анық.
Жалпы, бұл түсінік пен құбылыс туралы айтқанда, барлық дерлік діндерден көрініс беретін фундаменталистер негізгі конфессиялық қағидаттарды саясиландыру арқылы өз түсініктеріне сай қоғамда болуы тиіс әділ тәртіп туралы идеяларды алға тартатынын ескеру қажет.
Кез-келген идеядағы тәрізді олардың арасында да күш көрсетуді дінмен ақтап алғысы келетіндер бар болса да, фундаментализмді бүтіндей терроризммен байланыстырудың қажеті жоқ. Ол көп жағдайда идеялық түрде көрініс беріп, өз өзектілігін жоғалтқан кезде қоғамдық алаңнан жоғалады. Бұл күш көрсету мен зорлық-зомбылыққа жүгіну фундаментализмнің көрініс беруінің бір қыры ғана екенін және оны қандай да бір нақты діндермен, оның ішінде ислам дінімен байланысты еместігін көрсетеді.
Осы мәселе аясында ислам фундаментализміне немесе қазіргі күнде сарапшылар жұқалап айтатын исламизмге қатысты мынадай қарапайым ақиқатты түсініп алғанымыз жөн: егер ислам дінін және оның атын жамылатын фундаменталистердің аражігін ажыратып, басын ашып алмаған жағдайда экстремистер ислам дінін өз мүдделеріне пайдалануды жалғастыра беретін болады.
Қазіргі таңда ислам әлемін құрайтын елдер осыны түсініп, үлкен мінберлерден ислам дінінің экстремизм мен терроризмге қатысы жоқтығын баса айтып, күмәнді тұлғалар мен ұйымдардан іргесін аулақ салуға тырысуда. Әрине, мұндай ұстанымдар жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттайтын ислам дінінің оңды бейнесін қалыптастыратыны сөзсіз.
Жастардың деструктивті ағымдар идеологиясына қарсы иммунитеті.
Қазіргі кезде діни ағарту жұмыстары алдыңғы қатардағы өзекті мәселердің бірі. Діни экстремизм мен терроризмнің көріністері, түрлі секталардың көбейіп қана қоймай, белсенді әрекеттерге кірісуі, қандастарымыздың үлкен тобының түрлі ислам атын жамылған діни ағымдардың, псевдодіндердің қатарына кіріп кетуі ғана емес, олардың кейбір бағыттарының күшейе түсуі мемлекеттік органдардың, жалпы көпшілікті бей-жай қалдырып отырған жоқ.
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды талдау, діндер мен діни бірлестіктердің қалыптасуы мен дамуы, экстремизм мен терроризмнің қауіптілігін көрсету және алдын алу, діни қатынастарды құқықтық реттеудің жетілдірілуі, елімізде белең алып отырған теріс діни ағымдардың және олардың миссионерлерінің азаматтарды өз қатарына тартудағы әдіс-амалдарын зерделеу мәселелері үнемі зерттеп отыруды қажет етеді.
Діни ағарту жұмысында жүйелілік принциптер, формалар мен әдіс-амалдарға негіздей отырып, ғылымилық, көпшілікпен байланыс, кешенділік, тұрақтылық, ауқымдылық сияқты қағидаттармен іске асыру ұсынылады.
— Лекторлар тобын жасақтау, олардың біліктілігін көтеру, сол негізде методологиялық семинарлар мен пікірсайыстар өткізу;
— интерактивті семинар-тренингтер өткізу;
— медия жоспарлар бойынша мақалалар тақырыптары мен мәтіндерін дайындап жергілікті және республикалық баспасөздерде, интернет сайттарында жариялау;
— мақсатты аудиторияларда көпшілік алдында дәрістер өткізу;
— кино және бейне фильмдер даярлау және оларды көрсету;
— лекторлар мен АНТ мүшелері үшін ақпараттық құралдар даярлап тарату (кітапшалар, буклеттер және т.б.);
— қоғамдық-саяси, мәдени, спорттық іс-шараларға қатысу;
— дін мәселесі жөнінде іргелі зерттеулер жасап монографиялар мен оқулықтар, оқу құралдарын даярлап, сараптамадан өткізіп, тарату. Бұл сала өте киын да күрделі жұмыс.
Бұл жұмыстар жүргізіліп те жатыр, алайда, дамытуды қажет етеді.
Деструктивті діни ағымдар мен псевдодіндердің идеологиясына пәрменді түрде қарсылық көрсетіп қана қоймай қазақстандық аудиториялардан ығыстырып шығару үшін өте жоғары деңгейдегі ұйымдастыру – идеологиялық, ақпараттық-насихаттық, діни ағартушылық жұмыстар қажет. Ал бұл жұмыстар жүйелі және тұрақты, табанды және принцпті түрде күнделікті жүзеге асырылып отырылуы тиіс.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары