Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Дәстүрлі Ислам діні қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі

Дәстүрлі Ислам діні қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі

Дін ұстанатын адам ұстамды, сабырлы, салиқалы болады десек, оның түбі мәдениеттілік ұғымы жатады. Адамзат баласы дінге мойынұсынып, Жаратушы жіберген киелі кітаптардағы көрсетілген жолмен жүруге бағытталса, әсте қиянатқа бармасы анық. Ал, оның соңында жоғары мәдениеттіліктің ізі қалыптасады.

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгерді. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына терең өзгерістер енгізіп отырды.

Қазақы салт-дәстүр мен ислам дінінің, оның ішіндегі сүнииттік бағыты қандай сабақтас дамыған болса, мәдениет те солай дамыды. Мәселен, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, ата-ананы құрметтеу, тағысы тағы, барлығы да халықтың дін мен мәдениетінің бірге ұштасуына алып келеді. Әлімсақтан ұлтымыз мәдениетті және діни білімді болған.

Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін — ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек.

Мемлекетімізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз қажет.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Қазіргі таңда еліміздегі діни ахуал тұтастай алғанда бірқалыпты. Бүгінде Қазақстанда 18 конфессияға қатысты  діни бірлестік қызмет етуде. Оның ішінде исламдық діни бірлестіктер саны басым.

Діни ахуалдың дамуы үшін елімізде толыққанды құқықтық база қалыптастырылған. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы аясында діни саладағы барлық шаралар мен ережелер реттелген.

Ғибадат үйлерін салу, діни жораларды өткізуге арналған үй-жайларды орналастыру, діни әдебиеттерді тарату үшін арнайы орындарды белгілеу, миссионерлік қызметті жүзеге асыру және т.б. бағыттарда нақты талаптар мен стандарттар қабылданған.

Экстремисттік әдебиеттердің елімізге енуіне жол бермеу мақсатында діни әдебиеттер сараптамадан өтіп, діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын діни әдебиеттердің ел аумағына кіруіне тосқауыл қойылған.

Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындардың діни мәселелері туралы сауатын арттыру, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша қоғам арасында кешенді түсіндіру жұмысы жолға қойылған.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде мемлекеттік бағдарлама жасақталып, іске асырылуда. Исламның дәстүрлі қағидаларын түсіндіретін және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталдары құрылып, белсенді жұмыс істеуде. Нәтижесінде діни мазмұндағы Интернет ресурстарына сараптама жасалып, күдікті сайтты жабу туралы ұсыныстар әзірленеді.

Діни миссионерлік қызмет реттеледі.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі ұғынылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.

Алайда, қоғамда тиісті тіркеуден өтпестен, миссионерлік қызметпен айналысу заңмен қудаланатынын біле тұра, заңбұзушылыққа барып, дәстүрлі емес діни ағымның идеологиясын таратпақ болған экстремистік ұйымдар да жоқ емес. Олардың қатарында  «Таблиғи Джамаат» діни ағымын атап өтуге болады.

«Таблиғи Джамаат» – «таблиғ» сөзінің мағынасы араб тілінен аударғанда «жеткізу, хабарландыру, ескерту», ал «жамағат» сөзі — «топ», «құрылым» деген мағыналаларды білдіретін екі сөзден құралған халықаралық ұйым.

«Таблиғи Джамаат» діни ұйымын 1927 жылы Үндістанның Мевате провинциясынан шыққан Моулан Мухаммад Ильяс (Мухаммад Рияз Мухаммад Исмаил Ал-Ханафи Ад-Дайлубанди Ал-Джашти Ал-Кондехлави) құрды. Ұйымның мақсаты — «жалған мусылмандарды», яғни өзін мұсылман санаған, бірақ діни құлшылықтарды орындамайтын мұсылмандарды шынайы ислам дініне әкелу болып табылады.

«Таблиғи Джамаат» ұйымы діни ұстанымға байланысты қоғамды жікке бөлетін, конституциялық құқықтарды жоққа шығаратын, білім алу және отбасылық міндеттерге қарсы шығатын деструктивті сипатқа ие. Ұйымның қызметі зайырлы, конституциялық, демократиялық, құқықтық мемлекеттік құрылысты өзгертуге арналған.

Сол себепті, 2013 жылы 26 ақпанда Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешіміне сәйкес аталған ұйым экстремисттік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағында таралуына тыйым салынды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*