Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру

Деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру

Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізді дамушы және дамыған елдерден ерекшелігі, ол – қоғамдағы діннің нығаюы мен елдегі діни ахуалдың тұрақты болуы.

Соңғы жылдары еліміздің діни ахуалына талдау жасау барысында, халқымыздың сексен пайызға жуығы асыл дініміз исламды ұстанып, дінге бет бұрып жатқандығы және олардың басым бөлігін жастар құрайтыны белгілі. Бір жағынан – бұны жақсы хабарға баласақ, екінші жағынан –дәстүрлі дінімізбен мүлдем үйлеспейтін кейбір сан алуан пікірлер мен ұстанымдардың салдарынан туындайтын түрлі келеңсіз жәйіттер алаңдатады.

Дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді. Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың/топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Тіпті, өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратады.

Бұл деструктивті ағымның радикалды идеологияны таратудағы мақсаты екі түрлі: бірінші – заңсыз жолмен пайда табу, екінші – мемлекет мүддесіне нұқсан келтіріп, билікті басып алу.

Сондықтан халықты деструктивті діни ағымдардың ісәрекеттері мен уағыз насихатынан сақтандыру мақсатында ақпараттық-түсіндірме топтарының жұмысын күшейту арқылы мықты иммунитет қалыптастыру қажет.

Псевдосалафилер «талақ» ұғымын қалай пайдалануда.

Еліміздегі исламдық бағыттағы деструктивті ағымдарға негізінен салафилік идеямен қаруланған діни топтар жатады. Салафилік діни ағымдардың идеясы бір боғанымен, насихат алаңындағы әдіс-тәсілдері әртекті және олар жағымсыз салдарларының басымдығымен ерекшеленеді.

Болашағымыз саналатын жас буын өкілдерінің  салафизммен улануы, еліміз үшін бұл мәселенің салдарының ауыр болатынын көрсетеді. Салафилік ағым өкілдері теологияда антропоморфистік  түсініктерді насихаттайды.

Сондай-ақ, шариғат заңдарымен үкім шығармайтын лидерлер мен оған мойынсұнған елді кәпірге деп есептейді. Әрбір халықтың дәстүрлі құндылықтарын басы бүтін жоққа шығарады. Псевдосалафилердің отбасы мәселесіне де тигізіп жатқан зияны өте көп. Шариғат үкімдерінде ерлі-зайыптылардың ажырасу, яғни «талақ» айтуда өте үлкен жауапкершілікпен қарап, байыппен шешіледі. Бұл ағым мүшелері үшін бірнеше некеде әйел алып, оларды «талақ» айту арқылы бауырларының біріне жалған некесін қиып, қосып жіберу түкке де тұрмайды. Түрлі некеде балаларын дүниеге әкелгенін кейіннен түсінген жас аналар псевдосалафизмнің құрбаны болғанын айтып әлек болып жататын оқиғалар кездесуде.

Салафилердің бұл насихаты әһлу сунна сеніміне, яғни қазақ халқының мың жылдан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі ханафи мәзһабының құндылықтарына қарама-қайшы келеді.

Сондай-ақ, «Әлеуметтік реформалар Қоғамы», «Лашкар-е-Тайба», «Джунд-аль-Халифат», «ДАЙШ», «Ан-Нуссра» секілді ұйымдар салафилік идеяның асқынған – экстермистік және террорлық санатына жатады.

Ұлттық рухани тарихты жоққа шығара отырып, қазақстандық қоғамның рухани негіздерін ыдыратуды, діни-ұлттық бірегейлікке нұқсан келтіруді, ішкі тұтастықты бұзуды көздейді.

Мемлекеттің зайырлы құрылысы – Қазақстан халқының маңызды тарихи жетістігі (дін мен мемлекет бірлесе жұмыс атқаруы).

«Русский мир» үлгісі.

Орта Азиялық мұсылман ілімі мен мәдениетінің дамуына ортағасырлық шығыс мәдениеті тың серпін берді.  Әл-Фараби,  Махмұд Қашғари,  Жүсіп Баласағұн,  Мұхаммед Хайдар Дулати  атты ұлы ойшылдар ғылым мен  философияның көрнекті  ойшылдарына айналды.

Қожа Ахмет Яссауи  бұрынғы  Оңтүстік Қазақстандағы көшпенді түркі халқының арасындағы исламды  таратуда  зор үлес қосты.  Әмір Темірдің  Яссауиге деген құрметінің белгісі ретінде XIV-XV  ғасырларда тұрғызған  Қожа Ахмет Яссауи  кесенесі, қазіргі таңда тек Қазақстандағы сәулет ескерткіші ғана емес, әлемдік озық үлгілердің бірі болып саналады.

XIII-XIV ғасырларда Орталық Азия мен  қазақ жерінде  монғол шапқыншылықтарының әсерінен көптеген   қалалар жойылды, мешіт пен медреселер қиратылды,  ғылым мен мәдениет орталықтары тоналды.  Алайда уақыт өте келе монғол басқыншылары мұсылмандықты қабылдады.

XIII ғасырдың соңында ислам діні Шыңғысхан империясынан бөлініп шыққан  Алтын Ордада ресми дін дәрежесіне көтерілді. XIV  ғасырдың басында Алтын Ордада ислам мемлекеттік дін болып жарияланды.

XV  ғасырда  Жәнібек пен Керей негізін қалаған Қазақ хандығының тұсында да ислам діні жоғарғы хандық биліктің нығаюы мен түрлі қазақ тайпаларының бір этникалық қауымға бірігуіне ықпал еткен идеологиялық факторлардың бірі болды. Қазақ хандығының халқы исламның сунниттік бағытының Ханафи мәзһабын ұстанды.

XV-XX ғ.ғ аралығында Қазақ мемлекеті мұсылмандық құқықтық нормаларға жүгінді. Ең соңғы қазақ ханы Кенесарыға дейінгі барлық хандарда өздерінің шариғатқа жүгінгендіктерін атап кеткен.

Мазхаб ұстанбау дұрыс па?

Қазақ хандығының халқы исламның сүнниттік бағытының ханафи мазхабын ұстанды. Қазақ мемлекеті өзінің құрылғанынан бастап мұсылмандық құқықтық нормаларына жүгінді. Қасым хан мен Есім хан қабылдаған көшпелі мемлекеттің дала заңдарына шариғаттың үлкен әсері болды.

Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдар кодексін қабылдауы исламды қоғамдық өмір мен заңдық тәжірибеде қолдануда айтарлықтай үлкен қадам болды. Осы құжатта көрсетілген әкімшілік, қылмыс және азаматтық құқық нормалары айтарлықтай дәрежеде шариғатқа жүгінген. Бұл сабақтастық Қазақ хандығының нығаюына өзіндік үлесін тигізді.

Қазақ хандығына дейін және одан кейінгі кезеңдерде халқымыз исламның басты құндылықтарын әрдайым жоғары ұстаған. Өз болмысында адамгершілік, татулық пен бірлік, адал еңбек, ғылым- білім, өзара құрмет секілді мораль мәселесіне баса мән беретін ислам діні қазақ даласына еніп, тарала бастаған кезеңнен бірнеше ғасырлар бойы халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде орын алған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен сіңісіп, рухани құндылықтармен үндескенде, асқақ адамгершілік ұстанымдарға негізделген дін мен дәстүрдің үйлесімділігі орын алды.

Мазхаб – жол, мектеп, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Шариғат тұрғысынан алғанда арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүнеттен шығарылған үкімдер мен көзқараста жиынтығын мазхаб дейміз.

Қазақтың жүрегі мен табиғатына, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына жақыны, әрі жалпақ даланы желіп өткен бабаларымыздың ықылым заманда-ақ таңдағаны имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабы. Ханафи мазхабы тұла бойы адамгершілік пен бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтарға бай.

Әбу Ханифа мазхабы өзге діни мектептермен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік берумен, әрі демокартиялығымен де ерекшеленіп тұрады. Біздің жартылай көшпелі халқымыздың бұл мазхабты қабылдауының тағы бір себебі – өз дүние танымы, бітімі мен болмысы, жүрегі мен діліне оның тонның ішкі бауындай жақындығында.

Сол себепті, елімізде дін туралы қабылданған соңғы заңда Қазақстан мұсылмандарының осы мазхабпен амал жасайтыны шегелеп көрсетілген.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және радикалды діни ағым өкілдерінің радикалды көзқарастары.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында бірінші кезекте деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттері мен олардың уағыз-насихатының түп-төркінін, олардың шариғат заңдарына қайшылықтары мен зардабын ашып көрсету арқылы халықты ақпараттандыру қажет. Бұл бағытта халықты ақпараттандыруға қатысты барлық күштерді қолдана отырып іске асырған жөн. Теле-радио, баспа, әлеуметтік желілер толық жұмылдыру басты назарда болуы қажет.

Сарапшылардың айтуынша терроризм — өлтірулерде, диверсияларда, саботаждарда, ұрлауларда және басқа да іс- әрекеттерде адамдардың қауіпсіздігі мен өміріне қауіп келтіретін, идеологиялық мотивацияланған зорлықты жүйелі қолдануды сипаттайтын саяси күрестің тактикасы.

Алайда терроризмді тек саяси күрестің тактикасы ғана деп есептеу жеткіліксіз. Бұл тұрғыда «Саяси күрестің тактикасы» делінген сөздің орнына одан да кең ұғымдағы «өзіндік мүдделі күрестің тактикасы» деп айту әбден қисынды болар еді.

Терроризм – қоғам немесе халықаралық қауымдастықтың өмірінде халықаралық құқықтық категориялық құбылыс ретінде, радикализм мен экстремизм құбылыстарының салдарынан, бір террористік ұйымның немесе бірнеше террористік ұйымдардың террористік идеологиялық мотивацияланған базасында немесе тікелей немесе жанама түрде мемлекеттердің қолдауымен немесе халықаралық қылмыстық ұйымдардың ынтымақтастығы арқылы құрылған, ең шеткі террористік көзқарастар мен іс-әрекеттердің жақтаушылары болып табылатын, халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамалардың талаптарына немесе басқа да негіздердің қағидаларына қасақана немесе қайшы мотивациялық ниет пен мақсатты ұстанатын, өзіндік мүдделі күресті жүргізетін, өзіндік тактикалық және стратегиялық мақсаттарына жетуі үшін, әртүрлі әдістермен және қылмыстық тәсілдер мен құралдар арқылы белгілі бір мемлекеттің азаматтарына немесе шетел азаматтарының өміріне, заңды құқықтары мен бостандықтарына, тарихи қалыптасқан қоғамдар мен ұлттардың құндылықтарына, ұлттық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға, қылмыстық зардап келтіруге, қорқытып үрейлендіруге және тиісті жағдайды жасауға немесе мәжбүрлеуге бағытталған, халықаралық, аймақтық және ұлттық немесе арнайы құрылған соттардың үкімімен террористік ұйымдар деп танылған, мемлекеттердің не террористік ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың халықаралық қауымдастыққа, мемлекеттерге және қоғамдарға аса қауіпті іс-әрекеттері.

Діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл. Дін атын жамылған лаңкестік ұйым.

Әлемдік аренада ислам атын жамылып, террористік пен зорлық-зомбылық жасайтын, жүйесіз жаңа ұйымдар көптеп бас көтеруде. Соның ішінде, барлық әлем елдерінің тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіріп, үрей ұялатқан ДАИШ лаңкестік ұйымы.

2013 жылдан бастап «Әл-Каида» террористік тобының құрылымы ретінде көзге көрінген ДАИШ лаңкестік ұйымы 2014 жылдың маусымынан бастап Ирак және Сирия аумағында халифат құрылғанын жариялап, Абдалла Ибрагим әл-Самарийді (Әбу Бәкір әл-Багдади) өздеріне халиф етіп сайлады.

ДАИШ лаңкестік ұйымының негізгі мақсаты Таяу Шығыс елдерінің арасына іріткі салып, өз территорияларын мейлінше кеңейту. Лаңкестік ұйым «Халифат» құрамыз деген желеумен Ирак және Сирия елдеріне ойран салып, діни дүрдараздық тудырып, жазықсыз жандардың қанын төгуде. Қазіргі таңда ДАИШ – террорлық ұйымдардың ішіндегі ең қауіптісі. Бұл ұйым жаһандық желіні пайдаланып, өз құрамдарын әлемнің көптеген елдерінің жастарымен толықтыруды көздейді.

Жалпы, халифат орнату идеясы экстремистік топтардың арасында ғана емес, мұсылман елдерінде астыртын әрекет ететін ұйымдар арасында да белсенді насихатқа ие екені анық. Мәселен, Ауғанстан мен Өзбекстанның терроршыл топтары бұрыннан-ақ  Орталық Азияда халифат орнату идеясын жүргізген. Сондықтан да, ДАИШ өз қатарын толықтыру үшін көп қиналмайтыны анық байқалады. Оның үстіне, Ирак пен Сириядағы терроршыл топтар «Талибан», «Өзбекстанның ислам қозғалысы», «Боко харам» тәрізді лаңкестік ұйымдармен бірлесе қимылдауда.

Елімізде бұл ұйымдардың іс-әрекеті экстремистік деп танылып, сот шешімімен тиым салынған.

Дінтану мен теология ғылымдары.

Елімізде адамдардың дінге қатысты қажеттіліктерін еркін өтеулері үшін барлық жағдайлар  жасалған. Қолданыстағы заңнамаларда елімізде ешбір діннің міндетті еместігі және  ешбір дінге қандай да бір артықшылық берілмейтіні және заңды түрде қызмет атқарып отырған барлық конфессиялардың заң алдындағы теңдігі нақты бекітілген.

Осындай қарапайым әрі түсінікті ережелер, өз кезегінде, жұртшылықтың  дін саласында жүргізіп отырған мемлекеттің саясатын оңды бағалауына мүмкіндік беріп отыр деп айтуға болады.

Осы ретте, біздің елімізде дін саласындағы саясатты іске асыру шеңберінде діни радикализмнің өсе түсіп отырған қаупін алдын алуға баса мән беріледі.

Бұл бағыттағы дін саласындағы  уәкілетті орган барлық деңгейдегі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлестікте және  азаматтық қоғам институттарын кеңінен тарта отырып, өз құзіреті шегінде бірізді жұмыстар жүргізуде.

Діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының алдын алу мақсатында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарын құру, орталық және жергілікті деңгейде олардың жұмыстарын ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету және үйлестіру арқылы теріс діни идеяларға тоқсауыл қою жатады.

Радикалдық ағымдардың ұстанушыларын дәстүрлі ортаға қайтару, кеңес беру және оңалту жұмыстарын қамтитын екінші бөлікте теріс ағымдардың ұстанушыларын дәстүрлі ортаға қайтару және экстремизм баптары бойынша бас бостандықтарынан айырылып, түзеу мекемелерінде жазаларын өтеушілермен оңалту бағыттарында кешенді шаралар іске асырылуда.

Дінтанушылар мен теолог мамандардың жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Мадхалиттік және суруриттік идея деген не? Қазақстанға қаупі.

Қазір Қазақстанда ислам бағытында қызмет ететін бірден-бір діни бірлестік – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы екені баршаға мәлім. Дегенмен, ресми тіркелместен әрекет етіп отырған дәстүрлі емес ислам бағытындағы ағымдардың тұрғын халық арасындағы іс-әрекеті жалғасуда. Олардың ең белсендісі – салафилік идеологияны ұстанған жамағаттар. Салафилік идеологияны ұстанушылардың басты мақсаты – тек ислам шариғатына негізделген мемлекет құрып, демократиялық қағидаттарға негізделген зайырлы мемлекеттік құрылымдарды жою.

Уаһабшылық-салафилік ағым идеологтары зайырлы елде өмір сүріп жатқан мұсылмандарды «жәһил» («надан») қоғамнан оқшаулануға, «кәпір» болғандармен немесе дінге «бидғат» («жаңашылдық») енгізетіндермен барлық қарым-қатынастарды үзуге үндейді. Олар өз ішінде сурурилер, мадхалилер және тәкфіршілер болып бөлінеді. Сурурилер – Сауд Арабиясы билігінің елге Америка Құрама Штаттары әскерлерін кіргізу шешіміне қарсы шығып, оларды кәпір ретінде айыптаған мәдиналық салафилер жамағаты. Сурурилер төзімсіз діни ағымға жатады. Саудиялық сурурилер бес уақыт намаз оқымаған мұсылманды кәпір деп есептейді. Мадхалилер – Рабиибн Хади әл-Мадхалидің көзқарастарын ұстанған мәдиналық салафилер.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*