Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Осы орайда баяғыдан өзекті тақырып болып келген зорлық-зомбылық бойынша түсіндірме, насихат жұмыстары  Түркістан қаласы әкімдігінің күн тәртібінен түскен емес.  Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Жан азабын шектірген зорлық жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық–адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау конституциялық заңдылықтың басты талабы.Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі–бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.

Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың  психологиялық денсаулықтары мен жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.

Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі жанұядағы зорлық-зомбылық.«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.

Зорлықтың түрлері: Эмоциялық зорлық  балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу. Физикалық зорлық отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық. Қауіп-қатер  отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу.

Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану. Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық-зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді.

Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.

Айта кетейік, Түркістан қалалық полиция басқармасы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» қабылданған заңдардың талаптарын орындау мақсатында отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, сондай-ақ, құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа құжаттарды жолдау бағытында жұмыстарды қолға алып, осы жұмыстар төңірегінде нақты ұйымдастырушылық шараларын қабылдады.

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтар бойындағы Заңға құрмет сезімін ояту мәселелері  барлық  мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою болып  табылады. Қылмыстың алдын алу дегеніміз, бұл –мемлекеттің, қоғамның , жеке және заңды тұлғалардың қылмыскерлікке жаңа адамдардың қылмыстық  іс-әрекеттер жасауына жол бермеу .

Қала прокуратурасы отбасылық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарды алдын-алу бағытында қабылдаған шаралардың тиімділігіне талдау жұмыстарын жүргізді.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттерді алдын-алу профилактикасы бойынша мекемеаралық мәжіліс өткізілді.

Мәжілісте ағымдағы жылды Түркістан қаласының Полиция басқармасы отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын-алу бағытында қабылдаған шаралардың тиімділігіне баға беріліп, аталған құқық бұзушылықтарды алдын-алуды күшейту мақсатында нақты іс-шараларды қабылдау тапсырылды.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірумен ұштасқан отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың басым екендігіне және аталған құқық бұзушылықтар алкогольдік ішкілікке салынудың салдарынан орын алатындығына назар аудару, қорғау нұсқамасы талаптарын бұзған құқық бұзушыларға заңмен белгіленген қажетті шаралардың толық қабылдануын қамтамасыз етіп, оның орындалуын бақылауға алу тапсырылды.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

Бүгінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Ол дұрыс емес. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған. Зорлық-зомбылық – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына әсер етіп (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу, тағы басқалары.

«Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына өзіндік ықпал ететіндігін көрсетеді. Өкінішке қарай, түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күнде айқай-шу болатын үйде зорлық-зомбылықтың болатыны белгілі. «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетіндер – әйелдер мен жас балалар. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентайларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Дөрекілік, балаға күш көрсету, олардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықты, сайып келгенде қылмысты тудырады. Ол өз-өзіне қол жұмсауға алып  келуі мүмкін.

М.Мәметова атындағы орта мектебі зорлық-зомбылықтың  алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар атқарылуда. 10-сыныптар арасында «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» атты эссе байқауы өткізілді. Ата-аналар қауымы үшін «Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» атты онлайн семинар ұйымдастырылып, рейд жүргізілді. Сондай-ақ, «Мектеп – қатігездік пен зорлық зомбылықтан азат аумақ» тақырыбында онлайн конференция ұйымдастырылды. 9-11 сынып аралығында «Біздің өз проблемаларымыз туралы» сынып сағаты өткізіліп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Қоғамда өмір сүріп отырған әрбір азамат зорлық-зомбылыққа жол бермеу керек.  

Тұрмыстық қорлық-зомбылыққа қандай шаралар қолданылады?

Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметінің құқықтық негізін БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенци, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы» Заңы және басқа нормативтік құқықтық актілер құрайды.

Зорлық-зомбылық түрлері

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш көрсету немесе психологиялық қана емес, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.

Күш көрсету зорлық-зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.

Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды е өмірге, денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.

Сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.

Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 73 бабына сәйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер қатарана былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер жатады.

Не істеу керек?

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, бұл туралы үндемей қоймаңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәрленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану, сондай-ақ оларды Мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттау құқығы бар. Мамандандырылған дағдарыс орталығында орналасу үшін +7 (727) 263-36-36, +7 (727) 261-06-06 телефондары арқылы ішкі істер органдарына немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арызбен полицияның учаскелік инспекторына немесе сенім телефондарына (1415 – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер үшін) хабарласу қажет.

Ішкі істер органдары қандай шаралар қолданады?

Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құқығы бар.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектісі тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адаммен профилактикалық әңгімелесуді жүргізеді. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру.

Ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің басшысы немесе орынбасары, учаскелік полиция инспектор немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығарады. Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты шығарылған адамға берілген кезден бастап отыз тәулік. Тексеру мерзімділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір ретті құрайды

Әкімшілік ұстау –тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, бас бостандығынан айыру.

Мәжбүрлі амбулаториялық бақылау мен психиатрда емделу, жалпы үлгідегі, мамандандырылған үлгідегі, интенсивті бақылайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлі шараларды Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес сот тағайындайды.

Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу – Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 22 бабына сәйкес әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы болып табылады және ол әкімшілік жаза қолданумен қатар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік жауаптылықтан босатылған кезде оның орнына да қолданылады.

Әкімшілік шара – Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73 бабына сәйкес ескерту жасау не үш тәулiктен он тәулікке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу қарастырылған.

Ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыру. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, егер ата-аналар ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса, өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса, балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса, спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады (75-бап). Егер баланың ата-аналарымен қалуы ата-аналарға байланысты емес мән-жайлар бойынша, ата-аналардың мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл ретте ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмай, ол үшін қауіпті болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі.

Қылмыстық процесте іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын және жәбірленушілердің қауіпсіздік шараларын қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және жәбірленушінің, куәнің және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын және қылмыстық процесті жүргізетін органдар қолданады.

Керек кеңес: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі). Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.

Әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық білім дең¬гейінің және әлеуеметтік-экономика¬лық жағдайдың төмен болуы себепті, сондай-ақ, берекелі отбасы болып есептелетін отбасында да туындауы мүмкін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында балалар құрбан немесе зорлық-зомбылыққа шағымдана алмайды. Егер, зардап шеккен адам өзінің қауіпсіздігі немесе балалары¬ның қауіпсіздігі үшін қорқатын болса, балаларды мүмкіндігінше тезірек бұл жағдайдан алып кетуі керек. Балалар – бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайындағы ең осал әлеуметтік-демографиялық топ. Сонымен қатар, агрессия немесе зорлық-зомбылық ауызша немесе физикалық болуы мүмкін. Тұрақты зорлық-зомбылықтың куәгері болған жеткіншектерде басқа балаларға қарағанда эмоционалды және мінез-құлық проблемалары көбірек болады.

(Ата-аналарға өз балаларына жүру үшін жаднама).

– Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және тағы басқа жерлерге бармау.

– Үйде жалғыз қалғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек.

– Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүзеге асыратын субъектілер:

1) Жергілікті атқарушы органдар.

2) Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялары.

3) Ішкі істер органдары.

4) Білім беру органдары.

5) Дағдарыс орталықтары болып ¬табылатынын біле жүріңіздер.

Балаларыңызды қорғаңыз, себебі, бала-өмірдегі ең қымбатты жан!

Қымбатты ата-аналар, зорлық-зомбылықсыз болашақ біздің болашағымыз үшін, кейінгі ұрпақ үшін қажет, сол себепті барлығымыз бірігіп жұмыс жасауға шақырамын!

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*