Ана мен бала құқығы қашан да маңызды тақырып. Егемен елімізде ана мен баланың жағдайына жеткілікті көңіл бөлініп келеді. Себебі, ҚР Конституциясында мемлекеттің негізі – адам капиталы екендігі анық жазылған. Ана мен бала мәселесі Түркістан қаласында да назардан тыс қалған емес. Осы негізде аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған бірнеше нақты қадамдар да жасалған болатын. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан бала құқығын қорғауға да айрықша мән беріліп отыр.
Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Мемлекеттік саясаттың осы бағытының мән-маңызы және осы мәселеге халықаралық қауымдастықтың ерекше назары халықтың репродуктивті деңгейі, мемлекеттің еңбек, зияткерлік әлеуеті, жас ұрпақтың физикалық, рухани және адамгершілік дамуы әйелдер мен балалардың денсаулығы, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Республиканың барлық өңірінде балалар құқығын қорғайтын және оларға заңдық тұрғыдан, психологиялық тұрғыдан, ақпараттық тұрғыдан көмек көрсетіп, қолдау білдіретін Департамент құрылған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы бала құқықтары жөніндегі тағайындалған уәкіл де ана мен баланың құқығын қорғауға атсалысып, оларға қызмет көрсетуге даяр. Қазақ елінде Ана мен баланың құқығы барлық тұрғыда қорғалған. Елімізде ана мен баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекетіміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып саналады.
Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Қонституцияда анық жазылған. Сонымен қатар, балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі болғандықтан, олардың құқығы қорғаулы тиіс. Және қоғамның әлсіз қорғалған өкілдері және олар ерекше қорғауды қажет ететіндіктен, ол сәбиді мемлекет өз қамқорлығына алады. Қазақстан аумағында балаларды тәрбиелеудегі қатынастарды реттеуде – Қазақстан Республикасы Азаматтық-процестік кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексін, «Бала құқықтары туралы» Заңын басшылыққа алады. Аталған нормативтік құқықтық актілерде балалардың әлеуметтік және материалдық құқықтары анықталған. Бұл заңда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мақсаттары, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылды. Баланың отбасындағы қарым-қатынасына, бала мен қоғамға, мүгедек баланың құқықтарына және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарына бөлек тараулар арналған.
Мемлекеттік саясаттың балалар мүддесі үшін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу, құқықтары бұзылған жағдайда қалпына келтіру, бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру және балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және өнегелік жағынан дамуына жәрдемдесу сияқты негізгі мақсаттарды айқындаған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық тудырып, отбасындағы балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесі өзекті екенін атап өтті. Аналардың құқықтарын қорғау назардан тыс қалған емес. Еліміздегі гендерлік стратегия, жүктілік пен босану, еңбек демалысына әлеуметтік қолдау, құқықтық және медициналық көмек, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, отбасын қолдау және дағдарыс орталықтары іске асырылуда. Бүгінгі зайырлы, құқықтық мемлкетімізде аналардың сапалы білім алып, түрлі салада қызмет жасап, мансаптық тұрғыда көтерілуіне, балалардың тегін білім алу құқығын ешкім де шектей алмайды. Отбасында баланың өміріне ең бірінші жауапты тұлға – әке мен ана, кез-келген ата-ана өмірге әкелген баланың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне тікелей жауапты. Алайда, неке бұзылған жағдайда, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті және ерлі-зайыптылардың біреуі бұрынғы жұбайынан алименттер өндіріп алуға талап қою арызымен сотқа жүгінуге болады. Бүгінгі күні кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, жекелеген жағдайларды қоспағанда, ешқандай тарап алимент төлеу жөніндегі міндеттерден босатылмайды.
Егер ерлi-зайыптылар арасында кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімді келiсiм болмаған жағдайда, сондай-ақ сотқа ұсынылған келiсiм балалардың мүддесiне қайшы келген жағдайда, сот жоғарыда аталаған мәселелерді анықтауға мiндеттi. Сондай-ақ, балалардан бөлек тұратын ата-ана балаларды тәрбиелеуге қатысуға мiндеттi және олармен араласуға құқықты екенiн, ал екiншi ата-анасы бұған кедергi жасауға құқығы жоқ екенiн түсiндiруi тиiс. Бұл туралы сот мәжiлiсi хаттамасында жазылады. Ерлі-зайыптыларға татуласу үшін мерзім беру кезінде, егер бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтын алименттерді өндіріп алу туралы талап қою арызы берілген жағдайда, сот алименттерді өндіру туралы талапты бөліп, жеке іс жүргізіп қарайды.Егер балаларға алимент өндiру туралы талапты талқылаған кезде, ата-анасының бірі туу туралы актiдегi баланың әкесi немесе анасы жөнiндегi жазбаға дауласса, оларды жеке өндiрiсте қаралады. Сот, некенi бұзу туралы талаптан бас тартылған жағдайда, алайда талапкер алиментті өндiруді талап етсе, жеке өндiрiске бөліп қаралады. Бұл туралы шешiмнiң қорытынды бөлiгінде көрсетiледi. Өкінішке қарай, некені бұзу туралы азаматтық істердің қалауы тек қоғамға ғана емес, отбасындағы балаға да теріс әсер етеді. Осыған байланысты отбасын сақтауға бағытталған жаңа тетіктерді құру қажеттілігі туындайды.
Сонымен бірге, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 147-бабында, ерлі- зайыптылардың бірін-бірі күтіп-бағу жөніндегі міндеттері белгіленген.Яғни, отбасындағы ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті. Егер мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбы, еңбекке жарамсыз мұқтаж немесе мүгедектігі бар ортақ баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар ортақ баланы асырап-бағу үшін алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайынан сот тәртібімен алимент беруді талап етуге құқығы бар. Бұл кодекстің талабы бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығына да қатысты.
Ерлі-зайыптылардан және бұрынғы ерлі-зайыптылардан сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін олардыңматериалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында сотпен айқындалады. Одан бөлек «Неке (ерлі-зайыптылық)және отбасы туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiнің қорғалуына құқығы бар.Атап айтсақ, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, прокурор және сот, сондай-ақ ішкі істер органдары және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Кәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрекетке толық қабiлеттi деп танылған кәмелетке толмаған баланың өз құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға құқығы бар.
Сонымен бірге, баланың негізгі құқықтарынан кейін төмендегі құқықтар айқындалған. Олар: отбасында тұруға және тәрбиеленуге, өз ата-анасының кім екенін білуге, олармен бірге тұруға (бұл оның мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда), олардың тарапынан көрсетілетін қамқорлыққа, ата-ананың тәрбиесіне, олар болмаған жағдайда немесе ата-ана құқығынан айырылса – қамқоршының немесе балалар мекемесінің тәрбиесіне, жан-жақты дамуға, ата-аналармен, ата-әжелермен, бауырларымен және өзге де туыстарымен байланыс орнатуға, өз пікірін білдіруге, тегін, атын, әкесінің атын алуға, өмір сүруге және өз кірістеріне қаражат алу болып табылады.
Жоғарыда атап өткендей, елімізде баланың бұзылған құқықтарын қорғау толығымен жүзеге асырылса да, бұзылып жатқан тұстары да бар. Оның басты себептерінің бірі – отбасының дұрыс болмауы. Әсіресе өгей әке, өгей ана тарапынан әлімжеттік көрсету, қорлау, ұрып-соғу секілді орын әрекеттер алуда. Соттар тарапынан бала құқықтарының қорғалуы ерекше назарда. Қандай да бір туыстық қатынасқа қарамастан, заң алдында жауап беріп, заңмен белгіленген тиісті жауапкершілікке тартылады. Балалар құқығына нұқсан келтіргендерге қашанда жаза қатаң.
Мемлекет басшысы 2022 жылды Қазақстанда «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуымен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз екенін жеткізді. Жазушы М.Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөзі бар. Балалардың болашағын бүгіннен бағдарлап, түзу тәрбие беру алдыңғы орында болса, оларды бағып, тәлімімен өсіру ата-ананың жауапты міндеті.
Ана мен баланың қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі құқықтық база мен іске асыру механизмдеріне келіп тіреледі. Бүгінгі таңда осы саланы тиімді реттеуге мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық база қалыптасқан. Ана мен баланы қорғау, олардың құқығын қорғау бағытында Түркістан қаласында да бірқатар іс шаралар өтіп жатыр. Отбасындағы әке мен ана, бала құқығы, олардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүруде. Түркістан қаласының полицейлері бұл бағытта қызметтер атқаруда. Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Мемлекеттік саясаттың осы бағытының мән-маңызы және осы мәселеге халықаралық қауымдастықтың ерекше назары халықтың репродуктивті деңгейі, мемлекеттің еңбек, зияткерлік әлеуеті, жас ұрпақтың физикалық, рухани және адамгершілік дамуы әйелдер мен балалардың денсаулығы, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады». Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы. Қазақстанның қолдануында іс-әрекеттер жасаудың белгілі құқықтық негізі – Балалар құқықтары туралы Конвенция бар, дегенмен, нақты міндеттемелерге келер болсақ, жалпы алғанда мемлекет, әлеуметтік қызметтер, құқық қорғау органдарының ресми тұлғалары, қоғам, БАҚ, отбасы тарапынан күннен-күнге тиісті жауапкершілікпен қарауы байқалмай келеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне сәйкес кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны немесе жөнді атқармағандығы үшін шара қолдануды қамтиды. Еліміз бойынша соңғы жылдары сот шешімімен балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған үшін, саны мыңнан асқан ата-ана ата-аналар құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылып жатыр. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Соңғы жылдары БАҚ-та балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда.
Адам құқықтары жөніндегі қазіргі бар құқықтық құжаттар негізгі мәні балалық проблемасы болып табылатын, осы проблемаларға қатысты талқылануы мүмкін өзінің жиынтығында үлкендер қалай қорғалса, балаларды да солай қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп арасындағы балалар объектісі болатын дене жарақаттары мен басқа да адамгершілікке жат және қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас ұзақ уақыт сақталып келеді және белгілі бір шыдамды қоғамда осы күнге дейін сақталып келеді, олай болса, БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеті, атап айтқанда, «балалар мектеп табалдырығын аттай отырып, өздерінің адамдық құқықтарын жоғалтпайды» деп атап көрсетті. Сондай-ақ зорлық-зомбылық, дәлірек айтқанда, зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлері мұғалім/оқушыларға қатысты оқу орнына, білім деңгейіне және т.б. тән, мектепте қандай да бір ерекше феномен ретінде қадағаланбайтындығын атап өткен жөн, ол қоршаған жағдайларға, атап айтқанда, экономикалық, әлеуметтік, саяси факторларға, отбасындағы жағдайға байланысты болмай отыр, зорлық-зомбылықтың (оның әр түрлі нысандарының) пайда болуы ретінде де, оны ескерту ретінде де жәрдемдесуі мүмкін. Сондықтан зорлықтың түрлі нысандарының пайда болу себептері туралы мәселеге мектептің ерекше түпмәтіні ретінде қарауға болмайды, өйткені керісінше оны талдау үшін интербелсенді, жүйелі көзқарас қажет. Мектеп арасындағы шеңберден тыс зорлық-зомбылық проблематикасын қараған кезде мектеп тыйым салған мектепте жүзеге асырылатын алдын алу немесе қуғын-сүргін шаралары шығады деп түсінуді білдіреді және мұның зорлықты тудыратын экономикалық, әлеуметтік, отбасылық және мәдени проблемалардың түпмәтінінен толық үзіп алынуына қарай болмашы ғана қызығушылықты білдіруі мүмкін.
Мемлекет қызметі мен отбасыларды мемлекеттік қолдау бала отбасында және одан тыс тап болатын зорлық көру қаупін мұқият және жан-жақты бағалау негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Жан азабын шектірген зорлық жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық–адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау конституциялық заңдылықтың басты талабы.Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі–бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың психологиялық денсаулықтары мен жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.
Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі жанұядағы зорлық-зомбылық.«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады. Зорлықтың түрлері: Эмоциялық зорлық балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу. Физикалық зорлық отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық. Қауіп-қатер отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу.
Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану. Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық-зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді.
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады.Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Сондықтан біз Ата Заңды құрметтейміз. Түркістан қаласында балалардың құқығын қорғау мақсатында құқық қорғау органдары арнайы кездесулер ұйымдастыруда. Түркістандық сақшылар мектеп жасындағы балалар мен және олардың ата аналарымен кездесіп, ана мен бала құқығы, отбасындағы әке құқығы секілді маңызды тақырыптарда әңгімелер қозғауда.
Түркістандық тәртіп сақшыларының айтуынша қалада балалардың құқық бұзушлығының алдын алу шаралары, түнгі рейдтер жиі өтуде. Ойын сауыө орындары мен көшелер, ойынханалар тексерілуде.
Балалар ересектер сияқты,негізгі қалаушы: сыйлау,қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына және бала дүниеге келген сәтінен бастап-ақ өзінің құқығына ие болады. Себебі, «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы-адам,оның өмірі,құқығы мен бостандығы»деп Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында айтылған. Мемлекеттік биліктің бастауы-халық. Яғни ,адам өзінің ойын ,пікірін еркін айтуға да құқылы.
Еліміз бойынша соңғы жылдары сот шешімімен балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған үшін, саны мыңнан асқан ата-ана ата-аналар құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылып жатыр. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Соңғы жылдары БАҚ-та балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда.
Адам құқықтары жөніндегі қазіргі бар құқықтық құжаттар негізгі мәні балалық проблемасы болып табылатын, осы проблемаларға қатысты талқылануы мүмкін өзінің жиынтығында үлкендер қалай қорғалса, балаларды да солай қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп арасындағы балалар объектісі болатын дене жарақаттары мен басқа да адамгершілікке жат және қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас ұзақ уақыт сақталып келеді және белгілі бір шыдамды қоғамда осы күнге дейін сақталып келеді, олай болса, БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеті, атап айтқанда, «балалар мектеп табалдырығын аттай отырып, өздерінің адамдық құқықтарын жоғалтпайды» деп атап көрсетті.
Сондай-ақ зорлық-зомбылық, дәлірек айтқанда, зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлері мұғалім/оқушыларға қатысты оқу орнына, білім деңгейіне және т.б. тән, мектепте қандай да бір ерекше феномен ретінде қадағаланбайтындығын атап өткен жөн, ол қоршаған жағдайларға, атап айтқанда, экономикалық, әлеуметтік, саяси факторларға, отбасындағы жағдайға байланысты болмай отыр, зорлық-зомбылықтың (оның әр түрлі нысандарының) пайда болуы ретінде де, оны ескерту ретінде де жәрдемдесуі мүмкін. Сондықтан зорлықтың түрлі нысандарының пайда болу себептері туралы мәселеге мектептің ерекше түпмәтіні ретінде қарауға болмайды, өйткені керісінше оны талдау үшін интербелсенді, жүйелі көзқарас қажет. Мектеп арасындағы шеңберден тыс зорлық-зомбылық проблематикасын қараған кезде мектеп тыйым салған мектепте жүзеге асырылатын алдын алу немесе қуғын-сүргін шаралары шығады деп түсінуді білдіреді және мұның зорлықты тудыратын экономикалық, әлеуметтік, отбасылық және мәдени проблемалардың түпмәтінінен толық үзіп алынуына қарай болмашы ғана қызығушылықты білдіруі мүмкін. Мемлекет қызметі мен отбасыларды мемлекеттік қолдау бала отбасында және одан тыс тап болатын зорлық көру қаупін мұқият және жан-жақты бағалау негізінде жүзеге асырылуға тиіс.
Күнделікті өмірде баланың құқығын таптаған сан мың ата-аналар құқығынан айрылып, жазаға тартылуда, қылмыстық жауапқа алынуда. Баланың құқығы әр түрлі жағдаяттарда бұзылып, белең алуда. Мәселен, балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде, мектеп уақытысында болатын дене жарақаттары мен басқа да адамгершілікке жат, қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынаста сипат алуда.Ал, БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеті «балалар мектеп табалдырығын аттай отырып, өздерінің адамдық құқықтарын жоғалтпайды» деп атап көрсетті.
Қазіргі таңда балаларды зорлық-зомбылықтан арылтуға әсіресе жанұяның ықпалы зор, өйткені «отан отбасынан басталады» деген жақсы сөз бар.
Қорыта келе, бала-өмірдің гүлі. Сол бақтың жайқалуы да, болмаса тапталуы да құқықты білмеуден, құлақты оң түрмегеннен екенін ұмытпайық, қадірлі достар!