Президент саясатының алтын арқауы, басты өзегі – ел бірлігін, тыныштығын сақтау. Билікті қолына алған сәттен бастап, осыны саясатының туы етіп ұстап келеді. Бізге ең алдымен ынтымақ, бірлік, елдің тыныштығы керек еді. Кикілжіңге, қақтығыстарға жол бермеу басты мақсат болатын. Әлемде дау-жанжалдан босамай, түрлі шиеленіс-қақтығыстар ошағына айналып отырған елдер де аз емес. Билікке таласып, өзге тыс күштердің ықпалы мен ынтымағы кері кеткен ...
Читать далее »Қоғам
ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ — ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТІРЕГІ
«Зайырлылық» түсінігінің ауқымы кең. Қазіргі заманғы зайырлылық аясына ең алдымен гуманистік құндылықтар, соның ішінде адамның ар-ождан және наным-сенім бостандығын еркін жүзеге асыру кіреді. Мемлекеттің зайырлы сипаты оның діннен ажыратылуымен ғана емес, сонымен бірге, атеистік және өзге де дүниетанымның басымдығын мойындамауымен сипатталады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Конституциялық негіздегі «зайырлы» ұғымы ...
Читать далее »Дәстүрлі ислам және ұлттық құндылықтар
Ислам ұлы әлемдік діндердің бірі ретінде әртүрлі халықтардың мәдениеттері мен қоғамдарының әртүрлі аспектілеріне енеді. Мұсылман сенімі өзінің әмбебап принциптері мен құндылықтарына ие болғанымен, ол миллиондаған адамдар үшін бірегейлігі мен маңыздылығын сақтай отырып, әртүрлі ұлттық және мәдени контексттерге бейімделеді. Ислам Мұхаммед пайғамбар мен Қасиетті Құран арқылы адамзатқа өз еркін ашқан бір Құдіретті Құдайға сенуге негізделген. Бұл сенімнің негізгі принциптеріне намаз оқу, ...
Читать далее »Діни жат ағымның қоғамға тигізер зияны
Қазақ халқы дінді ұстануда байыпты болуымен ерекшеленген халық. Ұлттық болмысымызда дін мен салт-сана өзара үйлесім тауып сабақтасқан. Ұлттық болмысымызды білмейінше, халықтың мәдениет тұтастығын қалыптастыру құндылықтар рөлін анықтай алмаймыз. Қазақстанның ерекшелігі көп этностық, көп тілді және көп конфессионалды болғандықтан, бүкіл посткеңестік елдері сияқты, исламмен қатар басқа діндер де жаңғырып дамуда. Cондықтан қазіргі таңдағы дәстүрлі діндер мемлекеттің, елдің тұрақтылығын сақтауына негіз бола ...
Читать далее »Тореланттылық
Бүгінгі күні адамзат қоғамы әртекті субъектілерден құралған күрделі организм болып табылады. Адамдар негізінен үлкен үш нәсілге (негроид, монголоид және европеоид) кіретін көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері болып табылады. Мұның сыртында олардың діни, саяси және әлеуметтік ерекшеліктерімен дараланады. Тарихи даму барысында Қазақстан қоғамы күрделі конглемерат ретінде қалыптасты. Қазіргі уақытта оның құрамына 100-ден астам ұлттар мен ұлыстар кіреді, олар бірнеше діни-конфессионалдық бірлестіктерге ...
Читать далее »Зайырлы мемлекеттегі діндар адам
Қазіргі қоғамда шын діндардан көрі діншілдер көбейіп барады. Әсілі, «діндар» сөзі «дінге шынайы берілген, дінге жан-тәнімен мойынсұнушы, дінді ынты-шынтымен ұстанушы» деген мағынаны білдіреді. Діндар адам руханиятта қалыптасқан ішкі рухани әлемі мен сыртқы бейнесі сай келген, тақуалығымен, діни құндылықтарды орындауымен оқшауланады. Ал әсіредіншілдер дінді ұстағанымен, өзгеге діндар болып, көзбояушылық пен көпшілік ортада өзін тақуа етіп көрсеткісі келеді. Көпке жария етпей, сауап ...
Читать далее »Зайырлылық ұғымының әлем елдеріндегі көрінісі
Соңғы екі ғасырда адамзат тарихында секуляризация үрдісі белсенді жүріп, нәтижесінде зайырлылық принциптеріне негізделген басқарушылыққа бет бұрған елдердің саны артты. «Зайырлылық» және «зайырлы мемлекет» ұғымдары әлем елдерінің бет-бейнесін айқындайтын негізгі сипаттардың біріне айналды. Зайырлылықты мемлекет пен дін ажыраған деп қысқа қайыруға әсте болмайды. Әр елдің салт-дәстүріне, дүниетанымына, ұстанатын дініне байланысты өзіне тән ерекшелігі болады. Бұл бағыттың көш басында Франция, Италия, Германия, ...
Читать далее »Дәстүрлі емес діни ағымдарға бет бұрмаңыз
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, діни сенім бостандығына жол бергенде сырттан келетін діни ағымдардың легі көбейді. Халықаралық құқықтық нормалардың бекітіліп, конвенцияларға қосылуы сырттан келетін діни ағымдардың ықпалын арттыруға жол ашты. Дәстүрлі емес діни ағымдар санатына енген ағымдар еліміздің қиын әлеуметтік жағдайын пайдаланып, өз мақсаттарын белсенді түрде жүзеге асыруға кірісті. Жаңашылдығымен және ортақ белгілерімен біріктірілген жаңа діни ұйымдар мақсаттары, ұйымдастыру түрлері және ...
Читать далее »Діни танымдағы толеранттылық құндылықтар
Толеранттылық – конфессияаралық және ұлтаралық түсіністікке қол жеткізудің басты қағидасы. Конфессияаралық және ұлтаралық түсіністікпен бір мемлекетте әртүрлі нанымдар мен мәдениеттердің қатар өмір сүруі бүгінгі жас ұрпақтың қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Толеранттылық бұл – сыйластық, әлем мәдениеттерінің әртүрлілігін дұрыс түсіну, алуандылықтағы үйлесімділік. Бұл тек моральдық борыш емес, саяси-құқықтық тілек. Сонымен қатар ол – адамның жалпыға бірдей құқықтары мен негізгі бостандықтарын мойындау, ...
Читать далее »Дін қоғамнан бөлінуге емес, бірлікте болуға үгіттейді
Ежелден Ислам дінін өмірінің бұлжытпас қағидасына айналдырған ата-бабамыз бөлінуге емес, ұрпағын бірігуге шақырумен келді. Береке-бірлігі жарасқан елді жау алмайтындығын білді. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді»,- деп ұрпағына ойлы сөз қалдырды. Бұл сөз бүгінгі қазақ қоғамына айтылғандай көрінеді. Себебі, бүгінгі күні дін төңірегінде кейбір жастарымыздың бөлінуі тым шектен шығушылыққа алып бара жатқандай. Жасыратыны жоқ, соңғы уақыттары ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары