Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Дін – адамзаттық ортақ құндылық

Дін – адамзаттық ортақ құндылық

Дін – имандылықтың, әділеттіліктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, төзімділіктің кепілі. Дінсіз, тілсіз халықтың болашағы жоқ. Дін жағдайы қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Қазіргі адам мен қоғам өмірінде діннің алатын орны ерекше деп айта аламыз. Өйткені қазіргі кейбір жастардың дінге деген көзқарасы ерекше.
Сондай-ақ жастардың дінге деген қызығушылығы жыл өткен сайын артып келеді. Бүгінде кез келген діни бірлестіктердегі жамағаттың басым бөлігін жастар құрайтыны баршамызға аян. Бұл қоғамдағы діндар халықтың басым бөлігі жастар екенін көрсетеді.
Қоғамда дінге қатысты дұрыс немесе бұрыс көзқарас жоқ деген сөз емес. Адамзаттың рухани қажеттіліктерінің сан алуандығына байланысты діндер әртүрлі атауларға ие болды. Дүние жүзіндегі халықтар мен мемлекеттер өз тарихын діни-рухани процесстер негізінде зерттейді. Дегенмен, дін – адам баласын басқа жаратылыстардан ажыратып, өзін бүкіл жаратылыстың иесі, бірақ бұл дүниенің иесі алдында жауапты екенін сездіретін нәрсе. Көптеген адамдар жүректі емдейтін, сананы ашатын діннің мәңгілік құндылықтарына бет бұруға мәжбүр. Бұлар діннің адам өміріндегі, қоғамдағы орнын түсініп, оның мәні мен маңызын ашуға ұмтылған жандар. Діннің негізгі мағыналарының бірі – адамды осындай биік құлшыныс пен рухани кемелдікке жетелейтін қасиет.
Сөз басында айтқанымдай, діннің қоғамда өз орны бар екені даусыз. Осы орайда дұрыс бағыт-бағдар берудің, жақсы білім алудың және қоғамға тигізер пайдасы туралы жеке пікірім ретінде мынаны ұсынғым келеді.
Қазіргі таңда білім алғысы келетін, ғылыми жұмыстармен айналысқысы келетін жастардың мүмкіндіктері зор. Оны қалай дұрыс пайдалану керектігін білу жақсы. Мен мешітті діни сауаттылықты арттыратын орын ретінде ұсынар едім. Өйткені қазір мешіт жанынан жастардың діни сауатын дамытатын курстар ашылды. Осы жерлерден діни білім алса, жастарымыз қоғамға пайдасын тигізеді. Қазіргі қоғамда адамдардың уақытты босқа өткізбей, мешітке келіп, дін туралы жақсы уағыздар тыңдайтынын көріп қуанамын. Ауылымдағы мешіт шағын болғанымен, келетіндердің саны артып келеді. Құндылық тұрғысынан алғанда әлемдік діндердің наным-сенімдері мен ұстанымдары адами адамгершілікке негізделген ізгілік, мейірімділік, адалдық, төзімділік сияқты ізгі қасиеттерді дәріптейді. Осындай адамгершілік ұстанымдар мен рухани негіздегі тәрбие жеке адам мен қоғамның ұмтылысы мен мақсатының дұрыс бағытқа бағытталуына әсер етеді. Жалпы діни құндылықтарға имандылық, жанашырлық, әділдік, жақынды сүю, қоршаған ортаны құрметтеу сияқты қағидалар жатады. Көптеген діндер басқа адамдармен үйлесімді өмір сүру үшін этикалық нормалар мен белгіленген мінез-құлық ережелерін сақтаудың маңыздылығын мойындайды. Солардың ішінде басты құндылықтардың бірі – әділдік. Бұл әрбір адамның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу, қиын жағдайға тап болғандарға жанашырлық таныту, қоғамдағы теңсіздік пен әділетсіздікті жоюға ұмтылу деген сөз.
Б.Тұрарбек
Теолог маман

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*