Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЧЕМПИОНДАР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

ЧЕМПИОНДАР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Жапонияның астанасы Токио қаласында өткен биылғы Жазғы Сурдолимпиада ойындары Қазақстан үшін тарихи жетістіктерге толы болды. Әлемнің үздік саңырау спортшыларын жинаған бұл дүбірлі додада біздің елдің намысын абыроймен қорғаған түркістандық қос спортшының жеңісі көптің көңілін сүйсінтті.
Возможно, это изображение ‎текст "‎йДаРБЕК ТОКТАРБЕК لبد MMMA MMATE पुव КУАНДЫК ШАДИЯР 5‎"‎
Түркістан облысының тумасы, «Сауран» спорт клубының үкілеген үміті Қуандық Шадияр 73 келі салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, барлық белдесулерде қарсыластарына мүмкіндік бермей, Сурдолимпиада чемпионы атанды. Оның техникасы, қайсарлығы мен мықты дайындығы жапон татамиінде жарқырай көрініп, ел қоржынына алтын жүлде салды.
Ал 100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір жерлесіміз Тоқтарбек Айдарбек Сурдолимпиада кілемінде ерекше сенімді күрес жүргізді. Бірінен соң бірін ұтып, финалға дейін сүрінбей жеткен спортшы шешуші кезеңде ғана қарсыласынан ұтылып, күміс медаль иегері атанды. Бұл – оның халықаралық аренадағы тағы бір ірі жетістігі.
Возможно, это изображение текст "AИAblK AAИRP 조명 중간해"
Жеңімпаздарды Түркістан халықаралық әуежайында ыстық ықыласпен, зор құрметпен қарсы алды. Әуежай жолаушылар терминалы бүгін ерекше күйге бөленді – әнұран әуені шырқалып, чемпиондарды гүлге бөлеген халықтың қуанышы бөлек болды. Қарсы алушылар қатарында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Галымжан Худияров, бапкерлер, ата-аналар және жанкүйерлер болды. Олардың жүрекжарды лебіздері спортшылардың еңбегіне деген шынайы ризашылықты көрсетіп тұрды.
Возможно, это изображение текст
Айта кетерлігі, елдің абыройын асырған қос мықтының екеуі де облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының тәрбиеленушілері. Бұл – клубтың жүйелі жұмысы мен бапкерлердің жоғары деңгейдегі дайындығының нақты жемісі.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*