Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ХАЛЫҚ АМАНАТЫ – ДЕПУТАТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ

ХАЛЫҚ АМАНАТЫ – ДЕПУТАТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ

Түркістан облысында «AMANAT» партиясының бастамасымен мәслихат депутаттарының халық алдындағы есеп беру кездесулері басталды. Осыған орай партияның облыстық филиалы ұйымдастырған брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәслихаттардың жұмысы талқыланды.
Возможно, это изображение текст
Жиында облыстық филиал атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев мәслихаттар мен партияның бірлескен жұмысы өңір тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, ашық диалог алаңы халыққа атқарылған істерді таныстырып қана қоймай, жаңа міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді.
Брифингке Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев пен Кентау қалалық мәслихат төрағасы Каблан Елеусизов қатысып, өз қалаларында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст «TYPUCTAH ТУРКСТАН»
Ғаппар Сәрсенбаевтың айтуынша, биыл Түркістан қалалық мәслихаты алты сессия мен он жеті комиссия отырысын өткізіп, 36 шешім қабылдаған. Сонымен қатар, тұрғындарды толғандырған мәселелер бойынша 189 депутаттық сауал жолданып, олардың орындалуы бақылауда тұр.
Возможно, это изображение текст «AMANA M AMANAT A AlO VAT Ka6blлaH Ka6blлaHeлeycBoB Esrevcison AMANAT AMANAT AM»
Қаблан Елеусізов өз кезегінде Кентау қаласында 80-ге жуық депутаттық сауал жолданғанын, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым мәселелерін шешу бағытында нақты жұмыстар атқарылғанын айтты. Әсіресе Кентау жылу-энергоорталығы мен Шұғыла шағын ауданындағы ауызсу, Қарнақ ауылындағы мәдениет үйі мәселелері шешімін тапқаны атап өтілді.
Брифинг соңында журналистер Түркістан мен Кентау бағытындағы жол, жастардың интернетке тәуелділігі және өңірдің ұлттық брендін қалыптастыру сынды өзекті тақырыптарды көтерді. Спикерлер бұл ұсыныстардың ескерілетінін және нақты жұмыстар жалғасатынын айтты.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*