Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Түркістан қаласында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың қатысуымен кеңейтілген кездесу өтті. Басқосуда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары таныстырылды.
Возможно, это изображение один или несколько человек, костюм и текст
Жиынға министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері қатысты.
Кездесу барысында салық саясатын жетілдіру, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Кодекстегі басты өзгерістерге тоқталып, салық есептілігін қысқарту, әкімшілендіруді жеңілдету, салық түрлерін азайту және инвестициялық белсенділікті арттыру шаралары туралы айтты. Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске жүктемені азайтып, жаңадан кәсіп бастаған азаматтарға қолдау көрсетілетіні атап өтілді.
Возможно, это изображение текст
Кездесу соңында кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Барлық көтерілген мәселелер алдағы уақытта орталық және жергілікті органдар деңгейінде қаралатын болды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*